Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет295/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   401
treatise187525

Мырзалы Серік Қажы-Ахметұлы (29.12.1944 ж. Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген) философия ғылымдарының докторы, профессор. Негізгі ғылыми ізденістері қоғамның рухани өмірін, соның ішінде моральдың ерекшеліктері, мораль мен саясаттың байланысы, заманауи мәдениеттегі рухани жаңару үдерістері, қоғамның рухани ахуалының ерекшеліктеріне бағытталған. Сонымен қатар қазіргі таңдағы моральдың әлсіреуі мен рухани құндылықтардың дағдарысы туралы құнды еңбектердің авторы. 1968 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың тарих факультетін аяқтап, 1969-72 жж. аралығында Абай атындағы ҚазПИ философия кафедрасында аспирантурада оқыды, 1974 жылы «Әлеуметтік нормалар және олардың даму заңдылықтары» атты кандидаттық диссертация қорғаған. Ал 1999 жылы «Өтпелі қоғамдағы саясат пен моральдың өзара байланысы мәселелері» атты докторлық диссертациясын қорғады. 2007 жылдан ҚР Әлеуметтік Академиясының корреспондент-мүшесі. Философиялық бағыттағы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулық, оқу құралдарын жазып жарыққа шығарды. Қазіргі таңда, философия пәні бойынша Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының басым көпшілігі Мырзалы С.Қ. авторлығымен шыққан оқулықтарды пайдаланады. Жалпы ғылыми мақалалар саны – 160 астам, оның 95-астамы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен ғылыми журналдарда жарияланған. Ғылыми-педагогикалық жетістіктері үшін ҚазССР Жоғарғы кеңесінің «Құрмет граммотасымен», «Ағартушы үздігі» белгісімен, ҚР «Ғылымды домытудағы еңбегі үшін» блгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы белгімен және т.б. марапаттарға ие.


Н НАМЫС – қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттер- дің бірі. Н. өз бойына сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды
жинаған, қазақ өмірімен біте қайнасқан, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұғым, қазақ табиғатының ажырамас бөлшегі. Н. әрбір адамның өзі- нің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар-ұяты мен сенімін, сана- лы тіршілік етуші ретіндегі «Менін» аса жоғары, асқақ, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуі. Н-тың қарапайым түсінігі тек сезіммен байланысты қарастырылады. Жалған намыс осы сезім деңгейінен көтеріле алмайтын, ақылдың бақы- лауынан шығып кететін, соның нәтижесінде адамды адастыруы мүмкін. Ақиқат Н. жалған Н-тан жоғары, ол ақылмен үндеседі, оған бағынады. Мұның жақсы мысалдарын қазақ халқының қаһармандық және лиро- эпостарынан табуға болады. Эпостарда Н. батырдың қарапайым ішкі
«Менінің» көрінісі ғана емес. Қазақ батыры әдетте өр мінезді, қызба, көзсіз ер, оның Н-ы рухани-психологиялық күш ретінде, бейсана деңгейде сыртқа шығады. Қазақ батыры Н-ты ақыл деңгейінде де түсіне білді, жеке Н-ты
ұлттық Н-пен толықтырды. Батырлар жырындағы қарапайым жеке Н. одан күрделі рулық, жүздік және ұлттық Н. дәрежесіне дейін бірте-бірте дамиды. Батыр үшін ұлт, халқының Н-ы оның өзінің жеке Н-ынан, тіпті өмірінен де қымбат. Қамбар, Алпамыс, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай батырлар ұлт Н-ы жолында өлімге бас тіккен.
Қаһармандық жырларда мол суреттелген жеке және ұлттық Н-тың ұлттық рухани-құндылықтық феномен екендігін қазіргі заманда ерекше есте сақтау қажет. Н-ты тәрбиелілік, білімділік, даналық, ұстамдылықпен ұштастыра отырып ұлт, мемлекет деңгейіне көтеруге әбден болады. Ұлттық Н-сыздықтың тамырына үңілсек, оның түп-төркіні күні кешеге дейін үш ғасыр бойы саналы түрде жүргізілген отарлық саясат деуге болады. Соның нәтижесінде қазақ халқының ұлттық Н. туралы түсінігі біршама төмендеді. Ұлттық Н-тың қандай дәрежеде екенін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары айқын көрсетті. Н. – ұлт пен мемлекет тәуелсіздігінің маңызды компоненті, қазақ ұлты үшін өмірмәндік мәселе. Ұлттық Н-сыз ел болып, жеке Н-сыз адам болып өмір сүрудің мәні жоқ.
Н-қойлық – бұл әр адамның ар-ожданын, имандылық қасиетін көздің қарашығындай сақтай білуде көрінетін қасиет. Н. ұғымы жеке адаммен қатар ұлт, этнос мақтанышына қатысты айтылады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде кісілікке жетелейтін рухани күштердің арасында Н. ерекше рөл атқарады. Н. адамдық Менді қайрай түседі; «ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дейді халық. Н. адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің біріне жатады. Әрине, Н-тың түрлері көп. Ол Отандық Н., ұлттық Н., діни Н., жершілдік Н., рулық Н., жыныстық Н., отбасылық Н., мамандық Н. болып бөлініп кете береді. Н. бар жерде жігер бар, қайсарлық, алған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын табандылық бар. Н-ы жоқ ар-ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. Н. азаматтықтың басты бір көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет