Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет378/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   401
treatise187525

496


ФЕТИШИЗМ (франц. fetіche – тұмар, қасиетті күш бар зат) – көбінде алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық-синкреттік санасына сай туындаған болатын Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік қуат-күш берілсе болғаны. Егер затқа адамша сөйлеп, жалбарынып, табынып, одан бірдеңе сұрап қатынасқа түсетін болса, онда біздің көз алдымызда Ф. тұр деп білуіміз керек. Фетиштер адамзаттың «балалық шағының» бір көрінісі, өйткені қоршаған ортаның көп қыр-сырын түсіне білмеген алғаш- қы аталарымыз үшін табиғатта, өмірде кездесетін заттардың өзіне де ай- рықша сиқырлы ғажайып күш телінген. Сөйтіп, соқыр сенім объектісі – фетиштер арқылы адам табиғат күштеріне билік етіп, оларды адамдардың айтқанына көндіруге болады деп түсінген. Ф. Батыс Африкада бүгінгі күнге дейін жақсы сақталып қалған. Ал енді Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Мыс., әлемдік діндердегі
– Иконаларға табыну (христиан діні), қасиетті «баспалдақтарға» сыйыну (буддизм), «қара тасқа» ғажайып күш ретінде қарау (мұсылмандық); өмірде
– капитал өз-өзінен, еңбекке байланыссыз өседі, байлық байлықты өзіне тартады деп ақшаға, алтынға бас ұрушылық түрлері; өкімет құдіретіне, саяси мекемелерге, идеологиялық ұрандарға мойынсыну т. б. – фетишизмнің түрлі көріністері.
Әдебиет: Тайлор Э. Первобытная культура. – М., 1990; Фальк-Ренне А. Путешествие в каменный век. – М., 1985; Семенов Ю.И. Как возникло человечество. – М., 1966; Введение в культурологию (под.ред. Е.В. Попова). – М., 1996.


ФИЛОСОФИЯ – (грек. phіlo – сүйемін, sophіa – даналық; тікелей ма- ғынасы – даналықты сүю) – әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйе- сінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ф-лық ой дамуы адамзат қоға- мының қай кезеңінде де болған. Әсіресе, көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекия- да қалыптасты. Ф. адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы форма- лары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ф. қоғамның экон. қатынастары- нан туындайды және қоғамдық сана формаларының бірі. Ф-ның негізгі мәселесі – сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы. Осы тұрғы- дан Ф. адам проблемасын зерттейтін адамзат мәдениетінің ерекше саласы. Бүкіл филос. жүйелер қай тұрғыда болмасын адам болмысының оның ойлауына қатынасы туралы мәселеге келіп тіреледі. Ф. термині алғаш Пифагордың еңбектерінде пайдаланылған, ал айрықша білім саласы ретінде Ф-ны Платон енгізді. Ф. құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Ол кезеңде


497

Ф. адамның объективтік дүние және өзі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын ілім. Бұл жағдай, антика заманындағы білім деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Қоғамдық практикаға ғыл. білімдерінің көбеюіне бай- ланысты жеке ғылымдар философиядан бөліне бастады. Ф-ның сана фор- масында пайда болуы белгілі бір қажеттіліктерге байланысты туындайды. Біріншіден, дүниені білу үшін ең алдымен ол туралы жалпы көзқарас болуы қажет. Екіншіден, дүниені тереңдей тану үшін ол туралы дұрыс, рационалды ойлау әдісі, логика және дүниетаным теориясы қалыптасуы керек. Міне, осы қажеттіліктердің нәтижесінде Ф-ның ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселесі алдыңғы қатарға шықты, ал оның шешімі та- ным логикасының негізінде жатты. Ф. көптеген салалардан тұрады. Мыс., онтология, гносеология (таным теориясы), логика, методология, этика, эстетика, психология, социология, философия тарихы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет