АНТАГОНИЗМ (грек. antahonisma – талас, тартыс, күрес) – жаула- сушы жақтардың немесе тенденциялардың белгілі бір себептерге байла- нысты ымыраға, бітімге келмейтін шиеленіскен қарама-қайшылығы. А. термині қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі ретінде діни жүйелерде, философиялық тұрғыда И. Канттың, А. Шопенгауердің, К. Маркстің және т. б. ілімдерінде қолданылады. А. әлеуметтік және индивидуалды деп бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік А. Маркстің әлеуметтік философиясында маңызды орын алады. Онда қарама-қайшылықтарға түрткі болатын жеке меншік делінеді. Индивидуалды А-дер халықаларық ұйымдасқан кылмыстық іс-әрекеттер мен сыбайлас жемқорлықта, экстремизм де көрініс табады. Индивидуалды А. қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға байланысты
орын алады. Мәселен, бұл жағдайда А. адамның өз-өзінен, билік пен мәдениеттен жатсынуынан туындайды.
АНТИНОМИЯ (грек. άντινομία – заңдағы қарама-қайшылық) – бел- гілі бір мәселеге қатысты қарама-қайшы екі пікірді логикалық тұрғыда біріктірудің мүмкін еместігін білдіретін ұғым. Ең алғашында А. термині жекелеген құқықтық заңның ішкі қарама-қайшылығын көрсеткен. А. идеясы Гераклит пен Платонның ілімдерінде, Зенонның апорияларында қолданылған. Философиялық ұғым ретіндегі А. түсінігі Канттың «Таза ақылға сын» еңбегінде ақыл-ойдың сезімдік тәжірибенің шегінен шығып,
«өзіндік затты» тани алмайтындығы туралы тезисін дәлелдеуде анықталған. Кант ілімі бойынша осының әсерiнен ақыл-ойдың шешiлмейтiн қайшы- лыққа келiп тiрелуі, мақұлдауды да (тезис) терістеуді де (антитезис) негіздеудің мүмкіндігін туғызады: а) Әлемнiң басталған уақыты мен кеңiстiктегi шеңберi бар. Ол шектелген. Әлемнiң уақыттық шеңбердегi басы және кеңiстiктегi шеңберi жоқ. Ол – шексiз; ә) Әлемдегi кез-келген күрделi субстанция қарапайым бөлшектерден тұрады − Бiрде-бiр күрделi зат қарапайым бөлшектерден тұрмайды. Дүниеде бiрде-бiр қарапайым нәрсе жоқ; б) Әлемдегі барлық құбылыстарды табиғат заңдылықтарының негiзiндегi себептiлiк арқылы түсіндіру жеткіліксіз. Оларды түсіндіру үшiн еркін себептiлiктiң де бар екендігін мойындау қажет. − Әлемде ешқандай еркіндік жоқ. Әлемдегінің бәрi тек қана табиғи заңдылықтардың негiзiнде өмiр сүредi; в) Әлемде оның бiр бөлшегi не болмаса, себебi болып табыла- тын қажеттi мән бар екендігі даусыз. − Әлемде де, әлемнен тыс та оның себе- бі болатын қажеттi мән жоқ. Бұл дәлелдерді тезис және антитезис түрінде баяндаған Кант олардың софизм емес екендігін, дегенмен, алғышарттар- дың өзгеруі барысында теріске шығарылу мүмкіндігін де көрсетеді. Кант бойынша А.-ны шешудің жолы − құбылыстар мен өзіндік заттарды (феномендер мен ноумендер) ажырататын және кеңістік пен уақыттың субъективті табиғаты жайлы ілім – трансценденталды идеализмде берілген. Канттың концепциясын Гегель біршама өзгертіп, өзінің диалектикалық логикасының негізін жасауда жетекшілікке алады. Гегель бойынша қарама- қайшылық − абстрактілі категорияларды нақты шындықты түсіндіруде сәт- сіз қолданудың нәтижесі ғана емес, ол даму үрдісіндегі рухтың, болмыс пен ойлаудың объективті және қажетті негізі. Сондықтан А.-ны тек қарама- қайшылық деп түсіну жеткіліксіз болмақ, өйткені, дамудың антиномиялық сипаты, оның мәнінің диалектикалық қарама-қайшылықта болатындығын көрсетеді. ХХ ғасырдағы философиялық ізденістерде де бұл ұғымның аса маңызды орын алатындығын ғылыми білімнің дамуын зерттеуде (К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун және т. б.) А.-ны кеңінен пайдаланған ғылым әдіснамасы бағыттарынан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |