Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; ҚҰЭ. Т. 1, 394 б



бет52/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   401
treatise187525

Әдебиет. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; ҚҰЭ. Т. 1, 394 б.


70


АРАБ-МҰСЫЛМАН ЭСТЕТИКАСЫ – мұсылман әлемі ойшылда- рының орта ғасырлардағы араб тілінде жазған еңбектері арқылы қалып- тасқан эстетикалық талғамдар мен талаптар жүйесі, адамзат өркениеті тари- хындағы ислам ренессансы деп аталатын мәдени өрлеу кезеңінің жемісі. Бұл құбылыстың ілімдік негіздерін жасаушылардың қатарында шығыс перипатетикасының (қ. Перипатеттер мектебі) өкілдері (әл-Фараби, 870– 950, ибн Сина, 980–1037, ибн Рушд, 1126–98) тұр. Олар Аристотельдің
«Поэтикасына» сүйене отырып, поэтик. тілді, оның ақиқаттығы не жалған- дығына қарамастан, эмоциялық оң және теріс әсерлер туғызатын құрал ретін- де қарастырды. Бұл ғұламалар көркем шығармашылықты көне грек тіліндегі
«мимесис» (еліктеу) ұғымы арқылы түсіндірді. Көркем шығарма жасаушы табиғатқа еліктеу арқылы қабылдаған бейнесін қиял дүниесімен ұштас- тырады деп білді. Сопылық бағыт ықпалындағы ойшылдар поэтикалық құ- былтулар мен жасампаздық бағытын ұстанды. А.м.э. тән негізгі ұғымдардың бірі – әдеп. Ол антикалық білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, әдептің эстетикалық мазмұны айқын – ол жоғарғы құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік – кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғарғы қасиет- тер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себебін тигізді және құштар- лық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі. А.м.э. өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззат алу – сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Әбу Әли ибн Хазым (994–1064) және ибн әл-Хайсам (965–1039). Философтар, ақын- дар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды( әл-Фараби, ибн Сина, Омар Хаям, ибн Рушд). Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластик. формаларының, түстердің және дыбыстардың жара- сымдылығы тұрғысынан қаралды. «Риясыз ағайындылар» энциклопедия- сының авторы, сопылық бағыттағы ойшылдар мен ақындар (ибн әл-Араби, 1165–1240, Руми, 1207–73) болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем құбылыстардың ұштастырылуын эстетикалық тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Әдебиеттануда өлеңдердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетикалық таным проблемалары үлкен орын алды. Исламдағы бейнелеу өнеріне қойылған шектеулер көркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік-шеберлік үлгісі ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер музыка сияқты көңіл күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады, рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат өнері жоғары


71

бағаланды. Орта ғасырлардағы мұсылмандардың эстетикалық идеялары әлемдік эстетикаға үлкен ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет