Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – А., 1985; Қазақ бақсы-балгерлері. – А., 1993. А. Алдашев, Д. Омаров (ҚҰЭ – 2 том, 90 бет)



бет89/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – А., 1985; Қазақ бақсы-балгерлері. – А., 1993. А. Алдашев, Д. Омаров (ҚҰЭ – 2 том, 90 бет).


БАҚЫТ – адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағат- тану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Б-тың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық


121

сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Б. та мұраттың тылсымдық- эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Б. оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әдептану саласында Б. мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология деп атайды. Б. – көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері: 1) бақ-дәулет, «қолға қонған құс», ырыздық; 2) қуаныш, ләззат, рақат; 3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық; 4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу. «Құс – ұшуға жаралған, адам – бақытты болуға жаралған» дейді халық мақалы. Б-ты өмір сүру – қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар – табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп, кісінің жігеріне жігер қосады. Алайда қуаныш пен Б-тың арасында айырмашылық та бар. Қуаныш өткінші, жеке бір сәтке байланысты болса, Б – адамның бүкіл өмірінің арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әдептілікке симайтын жалған қуаныштардың да кездесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Б-ты өмір сүру мәселесі өркениеттілік құндылықтарымен (нарық, демократия, адам құқыларын қастерлеу т. б.) тікелей байланысты. Т. Джефферсон


«Тәуелсіздік декларациясында» мемлекет өз табиғаты бойынша Б-қа ұмтылуды қорғап, тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Б. үшін мәнді болып табылатынын атап көрсетеді. Қазақ дәстүрлі қоғамында түрік-ислам философиясымен үндес «екі дүниенің бақыты», яғни – баянды бақыт ұғымы белгілі. Демек, адамның діни-рухани талаптарға сай мағыналы, мәнді өмір сүруінің заңды нәтижесі ретінде адамға берілетін сый – бақилық Б-қа деген сенім бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет