Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. – М., 1983; Филосо- фиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996



бет97/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. – М., 1983; Филосо- фиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.


БЕЛГІ – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көрінетін нәрсе. Б. ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көпмағыналы таңбаға қарағанда Б-нің кесімді анықталған бір мағынасы бар. Тілдік (нақты бір белгілер жүйесіне енетін) және тілдік емес Б-лерді ажыратады. Тілдік Б-лер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрас- тыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені тікелей келтірмей-ақ Б. арқылы алу және пайдалану қабілеттілігі абстракты-ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды. Көркем мәде- ниет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлері- нің өзіндік бейнелеу-белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде Б-лік құралымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін Б. жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің Б. жүйесін талдау, оның ділдік типтерін аңғаруға негіз болады. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.


БЕЛЛ Даниэл (1919 ж.т.) – американ философы және әлеуметтанушы- сы, «постиндустриалдық қоғам» теориясын негіздеушінің бірі, футуролог. Өзі қалыптастырған «постиндустриалдық қоғам» концепциясының арқа- сында Б. батыстағы әлеум. болжамның жетекші өкіліне айналды және АҚШ-тың интеллект. өмірі мен қоғамдық пікірінде үлкен беделге ие болды. Қазіргі капиталистік қоғамдағы дағдарыстық құбылыстарды ол капита- листік экономиканың «рационалдық» принциптері мен гуманистік бағыт- тағы мәдениеттің арасындағы ажыратушылықпен түсіндіреді. Б. батыстық мәдениеттің дағдарысы туралы «діни орталықтық» ұстанымды дамытады және дағдарыстан шығу жолы ретінде діни жаңғыруды ұсынады.
Әдебиет: Б-дің негізгі еңбектері: «Идеологияның ақыры» (1960); «Келе жатқан постиндустриалдық қоғам» (1973); «Капитализмнің мәдени қайшы- лықтары» (1976). Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 82– 83 бб.


БЕРГСОН Анри (1859–1941) – француз философы, интуитивизмнің негізін салушы. Оның философиясы және «интуиция» мен «өмірлік тал- пыныс» сияқты ұғымдары классикалық емес философия мен модернизм- нің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Позитивизм мен рационалдық парадигмалардың басты қағидаларын теріске шығарып, Б. уақыт, яғни
«ұзақтық» ұғымына субъектілік және психологиялық түсіндірме беруге ұмтылды («Сананың тікелей көріністері»). Б. бойынша, заттық дүниенің қозғалыссыз бітімдеріне сай келетін ұғымдарды пайдаланушы интеллект қозғалысты, соның ішінде «тіршілік талпынысын», шындықты жасаушы, әсіресе, сананың атрибуты болып табылатын «ұзақтықтық» шығарм. стихиясын түсіне алмайды. Ол тек жануарлар инстинктеріне ұқсас тікелей сезіну, иррационалдық интуиция арқылы ғана қабылдана алады. Интуиция мүдделісіз болғандықтан, дейді Б., шындықты күнделікті өмір қажеттілік- терімен және пайдалы нәрселерді іздеумен ғана байланысты интеллектіге қарағанда, тереңірек ашады. Дүниені интуициялық жолмен қабыл-даудың бір түрі ретінде Б. «таза өнер» дегенді қояды. Комедия, Б. бойынша, таза өнерге жатпайды, өйткені, ол әлеум. айыптаудың түріне жатады. Б. өнерді ғылымға қарағанда танымның маңызды әрі әмбебапты формасы ретінде алады. Кейін ол рухани мәдениет бітімдерін «статикалық» дін рухтарын бейнелейтін мифологиялық шығарм. деп қарастырады («Мораль мен діннің екі бастауы», 1932). Жоғары құндылық ретінде Б. құдайға жеткізетін қасиет- ті интуицияны алады. Б. шығармасының кейбір жақтары постмодерндік мәдениетте көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет