Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2007.
АБЫРОЙ – адамның рухани сапасын, құндылықтық тұғырын анық- тайтын, оның әлеуметтік ортаға және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория. А. жеке тұлғаның өзінің өзіне деген талғампаздығы мен талапкерлігі негізделетін, өзіндік сананың бақылау формасы. А. ар-ұжданнан бастау алып, адамның қоғам алдындағы өз борышы мен жауапкершілігін саналы түрде түсінуінің бір тәсілі. Жеке адамды құрмет тұтып қадірлеу, сыйлау, оның құқығын, ерік-бостандығын мойындау және т. б. талаптардан тұратын жеке тұлғаның А-ы оған деген қоршаған әлеуметтік орта мен жалпы қоғамдық-әлеуметтік қатынас арқылы көрініс табады және сол арқылы реттеліп отырады, яғни қоғамның адамға және адамның қоғамға деген қатынасын білдіреді. А. адамның қоғамдық бітім-болмысын, бейнесін, беделін танытады. Бұл жағдайда А. жеке тұлғаның әлеуметтік және моральдық бостандығының маңызды жағы болып табылады. А. адамға ғана тән сапалық қасиет. А. адамның бойына туа бітетін немесе біреуден сыйға алатын нәрсе емес. Сондықтан А. жүре қалыптасатын моральдық процесс және адамның саналы ғұмырынан бас- тап өмірінің соңына дейін созылатын шексіз үдеріс.
АВАНГАРДИЗМ, авангардшылдық (франц. avant – gardіsme – ал- ғы шептегілер) – қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалып- тылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. А. ХІХ ғ-дың аяғы мен ХХ ғ-дың 60–70 жылдарында өрістеді. Ол модернизмнің тым әсіреленген бағыты ретінде қалыптасты. А-нің
12
басты мәнісі – мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құн- дылықтар» деген ұғымды қайта қарау. А-нің пайда болуына философияда постклассикалық ағымның (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Хайдеггер, Сартр, т. б.) ықпал етуі; психологияда – фрейдизм мен психоанализдің қалыптасуы, лингвистиканың мәдениеттанулық деңгейде көрінуі; еуропа- орталықтық принциптен бас тартып, шығыстық мәдениеттерге, дінге назар аудару; теософия, антропософия, жаңа эзотериялық ілімдердің жандануы үлкен әсерін тигізді. А. ұғым-терминін өнертануда алғашқы рет қолданысқа енгізген француз көркем өнер сыншысы Т. Дюре болды. А. өкілдері өнерді өмірден айырып қарап, оның әлеум. маңызын жоққа шығарды, өнердің ерекше эстет. табиғатын әсіреледі. Реализмді теріске шығарғандардың барлығы өздерін «авангардшылар» қатарындамыз деп есептеді, тарихи- мәдени маңыздылығы бойынша А-нің екі бағытын айыруға болады: ғаламдық және шағын аумақты. Соңғылары өздерінің жеке ізденістері мен тәжірибелері арқылы жалпы А-нің ықпалын күшейтті. А. өнердің әр саласында өзінше көрініс тапты: театрда реалистік декорация абстракті конструкциямен алмастырылды, қойылымның шарттылығына, еркіндігіне ерекше назар аударды (Б. Брехт, Вс. Мейрхольд, Е. Вахтангов т. б.); әдебиетте (А. Бехер, П. Элюар, М. Пруст, Ф. Кафка, Э. Ионеско т. б.) жаңа рәміздік- шарттылық тәсілдер кеңінен қолданылды; бейнелеу өнерінде (П. Пикассо, М. Шагал, С. Дали, Маттисс т. б.) абстракшылдықтың, дадаизмнің, сюрреализмнің, конструктивизмнің т. б. тәсілдері алдыңғы қатарға шықты; музыкада, әсіресе, таспаға жазып алып алу және электронды синтезатордың пайда болуы оны 20 ғ. ырғақтарына сәйкестендірді; сәулет өнеріндегі А. стиліндегі ғимараттар адамзат қиялының нәтижесі ретінде көрініс тапты. Ғасыр басында А. бағыты қаншама әділ сынға ұшырағанымен, өзінің мәдени құндылығын жоғалтпады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Мәдениет филосо- фиясы. Т. 19. – Астана: Аударма, 2006; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2007.
АВЕСТА – ежелгі Орталық Азияда, Иранда және оған көршілес аймақ- тарда кең таралған зорастризмнің (әулие Зәрдештің ілімі – б.з.д. VI ғ.) қа- сиетті жазбалар жинағы. «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде б.з.д. III ғ-да хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (III–VII ғ.ғ.) А. 21 кітаптан құралған. Ғалымдардың сараптауы бойынша, біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. А-ның діни-философиялық мазмұны өзінің әсіре дуализмімен айқындалады. Ол бойынша, әлемде екі күш – жақсылық пен жамандық бір-бірімен толассыз күресте болады. Бұл қағиданың терең мәдени маңызы бар: жақсылық пен жамандықтың арасын ашу өркениетті дамудың түбегейлі мақсатына жатады. Адам зороастризмде еркін таңдау
13
құқығына ие: ол жақсылықтың немесе зұлымдықтың жағында бола алады. Түбінде ізгілердің саны көбейіп, жақсылық бастауы жеңіске жетеді. А. тек діни мінәжаттар мен уағыздардан тұрмайды, оны Шығыс мәдениетінің әмбебапты жәдігерлігі деп қарастырған жөн. А. бойынша барлық жан иелері тұтас әлеммен үзеңгілес, үндес дамып отырады. Жаны бар барлық құрылымдар тек мағыналы болып табылады. Бұл бүкіл адамзатты құрметтеуге жол ашады. Сондықтан, зороастризмнің құнды идеяларының әлем мәдениетіне қосқан үлесі жоғары. А. исламдық мәдениетке, әсіресе, сопылық ағымға үлкен әсерін тигізді. Көптеген ғалымдар (М. Бойс, В. Бартолд, А. Бернштам, Ә. Марғұлан т. б.) Зәрдеш ілімін қалыптастыруға Орталық Азияны мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының қатысқандығын атап өтеді. Зороастризм қазақтың дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына да зор ықпалын тигізген (барлық Иран-Түркі халықтарына ортақ Наурыз мейрамы, от және сумен тазарту, аластау дәстүрлері, қалың- дықтың отқа май құюы т. б.) А. сарындары мен желілері ежелгі түркі эпостарымен үндесіп отырады. Ғалымдар А. ықпалы Оғызнамадан, Қорқыт Ата кітабынан, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Асан Қайғы, Бұқар жырау шығарм.-нан байқалатындығын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |