ДАЙ Чжэнь, Дай Дүнъюань (19.01.1723, Сюнин – 01.07.1777, Пекин) Қытай философы, жаңаконфуцианшыл. Хань кезеңіндегі конфуцияншыл
классиктер мұрасын зерттеуге қайта оралуға шақырған бағыттың өкілі. Математика, астрономия, лингвистика, тарих және география ғылымдары- ның дамуына үлес қосқан ғалым. Басты шығармалары «Мэн-цзы cөзінің мән-мағынасы», «Түсіндірмелер және куәгерлер көзімен», («Мэнь-цзы және Шу Чжэн» Пекин, 1961). Д. Ч-нің теориялық ой-пікірінің негізгі үдерісі – алдыңғы жаңа конфуцианшылдық мойындаған жалпы ұғымдық оппозицияларды үйлесімдендіруге ұмтылу. Барлық құбылыстар және заттар табиғи қажеттілікке бағынған. Дүние қалыптасу мен даму процесінде болып табылады. Д. Ч. принциптерді (ли) сезім мен құштарлықтарға қарама-қарсы қоюға қарсы шықты. Өйткені әрбір заттың негізгі ерекшелігін құрайтын болғандықтан принциптер, сезім мен құштарлықтар бөлінбейді. Алдыңғы жаңа конфуцианшылдықтан ерекшелігі Д. Ч. принциптер анық түрде адам жүрегінде болмағандықтан, принциптер терең талдау көмегімен анықталады. Д. Ч. бойынша, адамдардың танымдық қабілеттері от жалыны әр түрлі болуы тәрізді ерекшеленеді. Танымдық қабілеттер оқып-үйрену көмегімен жетіледі. Д. Ч. таным мен практикалық өмірдегі эмпирикалық- аналитикалық ыңғайдың басымдығын негіздеді.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.
Д’АЛАМБЕР Жан Лерон (16.11.1717, Франция, Париж – 29.10. 1783,
сонда) – француз математигі және философы, Париж ҒА-ның (1741), Санкт- Петербург ҒА-ның (1746), т. б. академиялардың мүшесі. 1751 жылдан Д. Дидромен бірге «Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясын» шығару- ға қатысты. Д’А. осы энциклопедияның математика және физика бөлімдерін басқарды. 1757 ж. ол саяси қудалауға шыдамай одан шығып кетеді де, бірың- ғай ғылыми жұмыспен шұғылданады. Ол «Энциклопедияның» алғашқы томдарына арнап «Диффренциалдар», «Теңдеулер», «Динамика», «Геомет- рия» атты маңызды мақалалар жазды. Оның философиялық еңбектерінің ішінде «Энциклопедияға» жазған «Ғылымның пайда болуы және дамуы» (1751) атты кіріспе мақаласы көрнекті орын алады. Д’А-дің философиялық ой-өрісінің әлсіз жақтары таным теориясы жөніндегі көзқарасынан анық байқалады. Осыған байланысты Дидроның сынына ұшырайды. Ол музыка теориясы мен музыка эсетика мәселелеріне де арнаулы еңбектер жазған. Осы еңбектерінде музыка өмірдің алуан түрлі құбылыстарын реалистік тұрғыдан бейнелей алады деп, Франциядағы опералық өнер мәселелерінің төңірегінде туған «буффондар ағысы» деп аталатын қызу идеологиялық күреске қорытынды жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |