Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет16/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   401
treatise187525

АДДИТИВТІЛІК (лат. additives – қосылатын) – бүтін объектіні сипаттайтын шаманың мәні, осы объектіні кез келген әдіспен бөлшектеген кездегі жеке бөліктерді сипаттайтын шамалар мәндерінің қосындысына тең болатын қасиетті білдіретін ұғым. Мысалы, бүтін дененің көлемі оны құрайтын жеке бөліктер көлемдерінің қосындысына тең болса, ондай шама А. көлем болады. Сондай-ақ мұндай шамаларға сызықтың ұзындығы, беттің ауданы, физикалық дененің массасы т. б. жатады.
Әдебиет: Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.


АДОРНО Теодор (Людвиг Визенгрунд) – 1903 жылы 11 қыркүйекте Германияның Майндағы Франкфурт қаласында дүниеге келіп, 1969 жылы
6 тамызда Швейцарияның Виспасында өмірден өткен еврей текті неміс философы әрі психологы, франкфурттық мектеп өкілі, мәдениеттанушы, өнер (солшыл) социологы. Жастайынан музыкатанумен айналысып, И.Г. Гете атындағы Франкфурт университетінде оқып, 1931 жылдан осында дәріс берді. 1934 жылы Ұлыбританияға, 1938 жылы АҚШ-на эмиграция жасап, 1949 жылы Майндағы Франкфуртқа қайта оралды.
А-ның философиялық ұстанымы өткен заман мен қазіргі заманның маңызды ілімдерімен пікірталас барысында қалыптасты: мысалы, Гуссерльмен (А-ның диссертациясы соған арналды), Къеркегормен (1933 жылы ол туралы кітабы шықты), Гегельмен (оның диадектикасын Адорно мейлінше кең, эстетикалық, эклектикалық түрде қабылдады) және т. б. XIX– XX ғасырлар аралығындағы философиялық ілімдермен пікір таластырды. А-ға Ницшенің, Зиммельдің, Бергсонның, С. Георг мектебінің және басқа- ларының ықпалы болды, бірақ қандай типтегі болмасын философиялық ойды немесе көркем шығармашылықты Адорно мәдени сын тұрғысынан қарап, оларды белгілі бір тарихи сәтті бейнелейтін бейсаналы әлеуметтік импульске теңгерді. Сол себепті де ол ойлаудың, соның ішінде «жалған идеология» түріндегі көркем ойлаудың да логикалық түрде аяқталған, соңғы нәтижесін қабылдамады. А-ның шығармашылығында музыка үлкен рөл ойнайды. 1940-шы жылдары ол Г. Эйслердің «Фильмге арналған музыка


27

туындысы» атты кітабының жалпы мәдени-сыни бөлімін жазды, «Доктор Фаустус» романын жазу барысында Томас Маннға философия мен музыка тарихы жөнінен кеңес берді, 1949 жылы ойлаудың диалектикалық және әлеуметтанулық барысы көрініс тапқан «Жаңа музыканың философиясы» атты еңбегін жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет