ДИОГЕН Лаэрттік (ІІІ ғ. – ІІ ғ. жартысы) – грек жазушысы. Оның 10 кітаптан тұратын «Өмірі, ілімдері және атақты философтардың нақыл сөздері» деген көлемді шығармасының ежелгі заман философиясы тарихы жөнінен бізге дейін жеткен бірден-бір жиынтық еңбек ретінде маңызы бар; онда грек философиясының Секст Эмперикпен аяқталатын өкілдерінің өмірбаяндық мәліметтері мен ілімдері қамтылған. Д. кейде тіпті анекдот деуге болатын әртүрлі нақыл сөздер мен мәліметтерді жинастырушы ретінде назар аударуға лайық. Әсіресе стоиктер мен Эпикурға арналған бөлімдері қызықты, соңғы кітабында Эпикурдың бізге жеткен бірден-бір шығармасы оның үш хаты мен «ең басты ойлары» келтірілген. Д. стоиктерге сын көзбен қараған; ал скептиктер мен Эпикурға ілтипатпен қараған.
Әдебиет: Лосев А.Ф. Диоген Лаэрций – историк античной философии. – М, 1981.
ДИОГЕН Синоптық (б.з.д. 404–323) – грек философы, киниктер мектебінің негізін салушы Антисфеннің шәкірті, Д. өз ұстазының ілімін аңғырт реализм бағытында дамытты. Бірақ Д. шығармашылығы бізге Диоген Лаэрттің ықпалымен теріс, өңі айналған күйінде жетті. Соған қарамастан Д. С-тың философиялық ілімі болды деп ұйғаруға дерек бар. Ол өркениет игілігінің бәрін жоққа шығарып адамзат бұрынғы тағылық күйі- не оралып аңша тіршілік етуін көкседі. Бүкіл мәдениетті адамзат өміріне зорлық жасайтын күш деп танып, мемлекет атаулыны мойындамады, өзін бүкіл әлемнің азаматымын деп, әйел мен балалардың ортақ болуын насихаттайды. Д-нің моральдық және қоғамдық өмірге немқұрайлы қарауы оны арсыздыққа итермелеп, енжар етті. Ал Македонскийдің маған қандай тілеуіңіз бар деген сұрағына Д.: былай тұр күн сәулесін қалқаламай деп жауап қатады, ондағысы материалды игілікке жиіркенішпен қарауы. Д. құдайға табынуды, дінді адам ойынан шыққан деп санауды мойындамайды, оның мойындайтыны – тақуалық ізгілік.
Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983.
217
ДИСКУРС (лат. dіscurses – сөз, баяндау, әңгімелесу, сөйлесу) – сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым-термин. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым-термин философияда, социологияда, семиотикада, мәдениеттануда, когнитивті талдауларда қолда- нылады. Ұғым-термин арқылы қандай да бір тікелей оқырманға не тыңдау- шыға бағытталған концепция (ғылыми, философиялық) белгіленеді. Д. адам- дардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-қатынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды.
ДИСКУРСИВТІЛІК – (ежелгі латындық – талқылау, пікір алмасу, аргумент, түйін) талқыланған, түсініктілік, логикалық, себеп-салдарлық (сезімдікке, интуитивтілікке, тікелей емеске қарағанда).
Достарыңызбен бөлісу: |