Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983



бет169/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983.


ДӨРЕКІЛІК – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы тұр- пайылық, дөрекілік сынды ұғымдарымен қатар қолданылатын әлеуметтік ұғым. Д. әрекеттің немесе кез-келген бір амалдың қателікке негізделіп нәти- жесінде Д., тұрпайы қарым-қатынас сезімін білдіретін адамдар арасын- дағы ең төменгі қатынас негізінде байқалады. Д-тің қоғамда жиі кездесетін түсіндірмелері:

  1. Әдепсіз, тұрпайы, көргенсіз (Д. адам, дөрекі жауап, Д. қылық, Д. қарым-қатынас) т. б.;

  2. Жауапсыз, қарапайым ережелерді ұстанымсыз (Д. қате, Д. түрде тәртіпті бұзу, Д. ойын т. б.);

  3. Нәтижесіз, Д-лі, жан жылулығынан жұрдай (Д. сөз, Д. іс, Д. айла, Д әрекет т. б.).

Әдебиет: Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 4.


ДУАЛИЗМ (лат. dualіs – екі жақты) – материалдық және рухани мәде- ниетті екі қарама-қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет Д-і.


ДУЛАТИ Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499–1551) – әйгілі тарих- шы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» даста- нының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Д.-дың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құра-мына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын
220


Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғол- дар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әке- сі өлгеннен кейін Д. біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік біле-тін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид Дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдар- дың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет