Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет179/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   401
treatise187525

ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ – қоғамдық ғылымдарда «еңбек бөлінісі» термині түрлі мағыналарда қолданылады. Қоғамдық бөлінісі адамдардың белгілі бір тобы орындайтын түрлі әлеуметтік қызметтердің іс-әрекет түрлерінің қоғамдағы бөлінуі және қатар өмір сүруін көрсетеді. Кәсіби Е. б. қызметті бөлу, мамандану және осымен байланысты түрлі салаларды қамтиды (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, әскер, басқару және т. б.). Техникалық еңбек бөлінісі белгілі бір еңбек түрін бөліп көрсету, атап айтсақ, шеберханада, завод-фабрикада, ұйымда, ұжымда және адамдар орындайтын жеке қызметтер мен операциялар. Е. б. адамдар арасындағы іс-әрекет алмасуы және өзара тәуелділіктен көрінеді. Адамзаттың тарихи


235

даму барысында еңбек бөлінісі өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар деңгейіне байланысты әртүрлі түрге ие болады. Іс-әрекетті үйлестіру және бірлесу қажетілігін тудырады, яғни, әлеуметтік құрылыммен тығыз байланысты.


Антикалық ойшылдар (Платон, Ксенофонт) қоғам үшін еңбек бөліні- сінің басымдылығын (товар жақсы дайындалады, адамдар өз бейімі мен қабілеттері бойынша іс-әрекет саласын таңдай алады) жоғары бағалады. Платон еңбек бөлінісінен қоғамның топтарға бөлінуінің негізін, мемлекет- тің иерархиялық құрылысының негізгі ұстынын көрді. «Е. б.» термині- нің авторы А. Смиттің пікірінше, Е. б.-нің шырқау шыңы өндіргіш күш- тердің яғни, жұмысшының біліктілігі мен өнертапқыштығының «ұлы прогресіне» алып келетіндігін және Е. б. қызметкерді шектеулі жан иесіне айналдыратынына атап көрсетеді. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, еңбек бөлінісіне қоғам дамуының басты факторы, қоғамдық байланыстардың және әлеуметтік құрылымның және адамдардың алуан түрлі қабілеттерінің дамуы негізі ретінде қарау, ал Е. б.-нің теріс салдарына прогрестің қажетті шығындары ретінде қарау басым болды (О. Конт, Г. Спенсер, Э. Дюргкейм). Е. б.-н зерттеумен М. Вебердің рационализация және бюрократия туралы теориясы тығыз байланысты. Қазіргі заманғы батыс әлеуметтану ғылымында өнеркәсіпте, бюрократиялық мекемелерде, ғылымдағы Е. б. және оның әлеуметтік қабаттар мен жинақылыққа ықпалы зерттеледі. Е. б.-н қоғамдық жүйеден тәуелсіз және индустриалды қоғам дамуымен байланысты қарас- тыру үдерісі байқалады. Ал кейбір батыс әлеуметтанушылары Е. б. адамды функционалды элементке, ірі бюрократиялық мекемелер мен мемлекеттің манипуляциялау объектісіне айналдыратынын атап көрсетеді.
Е. б. дамуының қазіргі үдерістері қоғам дамуы үшін қажетті жаңа салалардың жеке бөлініп шығуы және кәсіби еңбек бөлінісінің өсуі болып табылады. Қазіргі материалды өндірісте дамудың түрлі сатылары (қол еңбегі, механизация, автоматизация, компьютеризация) және осымен байла- нысты еңбек бөлінісінің формалары көрініс тапқан. Ғылым саласында (ірі ғылыми зерттеу институттары, ғылыми мамандықтар, техникалық еңбек бөлінісі) ғылымды ұйымдастыру, басқару және үйлестіру органдарын құру қажеттілігі туындады.


ЕРІК – іс-әрекет мақсатын және оны іске асыру үшін қажетті ішкі жігерді таңдауға деген қабілеттілік. Е. – санаға және іс-әрекетке телуге болмайтын өзгеше акт. Кез-келген саналы іс-қимыл, тіпті мақсатқа жету жолында кедергілерді жеңумен байланысты қимылда ерік болмайды. Е-те ең бастысы іс-әрекет мақсатының құндылықтық сипаттамасын ұғыну және тұлғаның ұстанымдары мен ережелеріне сәйкестігі. Е-тік қимылды іске асырғанда адам өзекті қажеттіліктер мен импульсивті қимыл билігіне қарсы тұрады.


236

Е-тік қылық құрылымы бойынша шешім қабылдау және оны жүзеге асырудан тұрады. Е-тік іс-қимыл және өзекті қажеттіліктер мақсатында сәйкессіздік туындағанда шешім қабылдау түрткі күресін тудырады. Философия және психология тарихында еріктің түрлі түсіндірілуі ең алдымен детерминизм және индетерминизм қарама-қарсылығымен байланысты. Детерминизм Е-ті сырттан туындаған (физикалық, психологиялық, әлеуметтік себептер, ал супранатуралистік детерминизмде – жазмыш ұғымы) ретінде қарастырса, индетерминизм Е-ті автономды және өзіндік күш ретінде қарастырады. Волюнтаризм ілімінде Е. әлемдік үдерістің, адам іс-әрекетінің бастапқы және бірінші негізі ретінде қарастырылады. Ерік-жігер адам мінезімен тығыз байланысты және Е. адам мінезінің қалыптасу және қайта түлеу үдерісінде елеулі рөл атқарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет