Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет203/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   401
treatise187525

ЗЕНОН Элейлік (Ζήνων ὁ Ἐλεάτης, шамамен б.д.д. 490–430) – ежелгі грек философы, Парменидтің шәкірті. Өзінің апорияларымен («шешілмейтін тұжырымдар») танымал. Аристотель «Софист» диалогында З-ды диалектиканың, яғни, «қабылданған пікірлерді» сыни талдау немесе reduction ad absurdum арқылы қарсыластың пікірін теріске шығару өнерінің негізін қалаушы деп атаған. Парменидтің біркелкі қозғалыссыз болмыс туралы ілімін қорғау мақсатында бірнеше апория тұжырымдады. Сол арқылы көптік пен қозғалыстың бар екендігін мойындау логикалық қайшылықтарға әкелетіндігін көрсетті. Қырық шақты апорияларының ішіндегі ең әйгілілері: Дихотомия, Ахилл мен тасбақа, Садақ оғы мен Қозғалыстағы денелер. Бұл апориялардың барлығы қарсылық арқылы дәлелдеуді білдіреді. Бұлардың барлығын шешімімен қоса Аристотель баяндаған (Физика, VI, 9).
Әдебиет: Аристотель. Физика. Книга 6. // Философы Греции. Основы основ: логика, физика, этика. Харьков, ЭКСМО-Пресс, 1999. 1056 б.; Платон. Парменид // Платон, Сочинения в трёх томах. – М., 1968–1970; Фрагменты ранних греческих философов. Часть I. От эпических теокосмогоний до возникновения атомистики // Изд. подг. А.В. Лебедев. М.: Наука, 1989. 576 с.


ЗЕРДЕ – парасат, мақсатты әрекет, ұйымдастыру және өндірісте адам мәнінің негізін құрайтын таным ретінде көрінісін табады. Ол заттардың объективті құрылымын, заңды байланыстарын білдіретін, ойлаудың ең жоғарғы түрі. Заттардың бүтіндей құрылымын жүйелі түрде көрсететін теориялар З. танымының жемісі. Логика мен методология З. танымы тәжі- рибесінің философиялық қорытындысы қызметін атқарады. З. тұлғаның рухани әлемінің қалыптасуы, оның өзіндік санасының құралы, өз өмірін ой елегінен өткізуі тәсілі, демек, парасатты ой мәнділіктерінің қуаты, қызметі болады.
Ұйымдастыру саласында З. адам өмірінің қайнар көзі, нормативті бас- тау, ретке келтіруші әрекет ретінде алға шығады. Мұнда З. қызметі көпші- ліктің өзара ұйымдаспаған қызметін саналы реттеушіге айналдыратын, қоғамдық құрылымдар жасаудан көрініс табады.
Еңбек қызметіндегі әмбебап шығармашылық принцип ретінде З. мате- рияны рухани – ой елегінен өткізген, оны көптеген түрлердегі заттарға айналдыра алатын адам қабілеті ретінде көзге түседі. Жетілген еңбек құралдары, епті қолдармен жұмыс істейтін конструктор, шебер, суретші З-сіне игерілуі керек материалдық болмыс қарсы тұрады. Философия түріндегі З-нің көптеген көріністерін қорытындылаған адам, өзін жан иесі ретінде бүтіндей жетілдіру үшін, оның барлық шығармашылық қуатын толық пайдаланады. Сондықтан да, антика философиясында З. мен философия тең өлшемде құдайлардың берген сиы ретінде қарастырылады. Қазақ ұғымында З. тікелей тұлғаға байланысты қолданылады, зерделі жан, яғни, парасатты адам ұғымын береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет