Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мейірманов. – А. ҚҰЭ – 6-том



бет279/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Мейірманов. – А. ҚҰЭ – 6-том.


«МАХАБХАРАТА» – санскритпен жазылған көне үнді эпосы. «М»- ның маңызды ерекшелігі оның үстеме эпизодтарында заң, адамгершілік, билік парыз бен адамның діни міндеттері, яғни үнді философиясында
«дхарма» ұғымына жинақталған мәселелерді түсіндіретін дидактикалық және философиялық мәні болып табылады. Дхарма туралы түсінік эпостың баяндамалы тарауларында да негізгі орын алады. Поэманың бас кейіпкері – Юдхишхира «дхарманың ұлы», қырғын соғыс өтетін Куру даласы «дхарма даласы», соғыстың өзі – «дхарма үшін шайқас» деп аталады. Басқаша айтқанда, «М»-да ерлік күрестері адамгершілік күрестеріне айналады. «М- да» көптеген өзге эпостарындай жеңіс-жетістіктердің жалғандығы, өмір- дің өткіншілігі туралы сентенциялар жетіп артылады. Арджуна Карнуды, Бхима Дуръйодхануны өлтіруі керек, мұны жеңетін және жеңілетін жақ алдын-ала белгілі, соған қарамастан даңқсыз өмірден «даңқты өмірді» артық көреді. «М». ілімі бойынша адам тағдыр жазмышын өзгерте алмайды яғни
«жазмыштан озмыш жоқ». Алайда өлім мен өмір, жеңілістер мен жеңістер

  • өмірдің сыртқы арқауы ғана, ал шынайы құндылық – адамгершілік мән- мазмұнда: адам өзінің «менін» әлемнің рухани үйлесімімен жарастыра бірегейлендіре алған жағдайда ғана өмірінде биік мән мен мақсат болады.

«М»-ның этикалық доктринасы үстеме поэма – индуизмнің діни ескерткі- ші «Бхагавадштарада» баяндалған. Кришна Аружунаға әлемді жеке тану, бөлек-бөлшек қабылдаудан қалай құтылуға боларын түсіндіреді. Ол тек үйреншікті өмірінен бас тартқанда ғана мүмкін. Мұндай безінушілікке бейәрекетсіздік арқылы емес, керісінше риясыз әрекет, жасаған қандай ісінің жақсы-жаман нәтижесіне деген немқұрайдылық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Тақуалық мінездің үш жолын – беймүдделі әрекет жолы, білім жолы және құдайға бас ию жолын ерекше бөле-жара көрсете отырып Кришна бірінші жолды ерекше бағалайды, өйткені онсыз одан кейінгі екі жолға түсу мүмкін емес. Үнді дәстүрінде «М». киелі кітап ретінде қадірленеді. Алғашқы көнеүнді эпосының мағынасы мен тереңдігі дидактикалық қабаты мен эпикалық баяндаудың біртұтастығы негізінде ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет