АЛХИМИЯ (лат. alchemia), шын мәнінде табиғатта кездеспейтін ерекше зат – «философиялық тас» арқылы жай металдардың қасиетін өзгер- тіп, оларды құнды (асыл) металдарға айналдыру мақсатын көздеген орта ғасырдағы ізденістерді білдіретін ұғым. А-шылдар еңбектері нәтижесінде көптеген маңызды заттар (қышқылдар, тұздар, сілтілер, т. б. элементтер) алу әдістері табылды. А. 1000 жылдан астам (IV–XVI ғғ.) өмір сүрді. Ол орта ғасырдағы діни-мистикалық және дүниетанымдық, натурфилософиялық та ілім болды. А. ілімі «философиялық тасты» тауып, оның қасиетін пайдаланса, ол жай металдарды алтын және күміске айналдырып қана қоймай, адамды жастық шаққа қайта оралта алады деп тұжырымдайды. А-шылдар жер бетіндегі құбылыстарды, жанды, жансыз тіршілікті, табиғат пен қоғамды, адам өмірі мен заттар тіршілігін тұтас алып қарастыруды, зерттеп тануды жақтады. Олардың көпшілігі мұсылман дініндегі сопылық ағымның өкілдері болды. Сопылар көзқарасы бойынша адамдардың толық жетілмеуі – олардың өз мәнін түсінбейтіндігінде. «Философиялық тасты» табу құралы әр адамның өзінде. Араб тілінде «тас, зат» немесе тағы да «аз- зат» – «күн сәулесі» деген ұғымды білдіреді. Ал «зат» (мән) «амалдан» өзге үш элементтен тұрады. Атап айтқанда, күкірттен (жан), сынаптан (мән), тұздан (тән). Ағылшын ғалымы Р. Бойль (1661 ж.) А-ға қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылыми жолға қоюға тырысты. Ол химиялық элементке алғаш дұрыс анықтама берді.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т. 1. – 322 б.; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 27.
АЛЬТРУИЗМ (франц. altruіsme, лат. alter – басқа) – басқаның мүдде- лері үшін өзімшілдікті тежеп, оған жанқиярлықпен қызмет етуге дайын- дықты білдіретін ізгілік принципі. Ғылыми қолданысқа А-ді эгоизмге қарсы ұғым ретінде О.Конт енгізген. Эгоизм мен А-нің арақатынасы бүкіл этика тарихында арқау болған мәселелердің біріне жатады. «Егер мен өзім үшін болмасам, онда кім мен үшін?», «Мен басқа үшін емес өзім үшін өмір сүргім келеді» деген дұрыс мағынадағы өзін сүю А-тік қағидалармен толықтыры- лып отырылу қажет. «Егер мен тек өзім үшін болсам, онда менің керегім де жоқ», – дейді альтруист. Шынайы А. руханилықпен, басқа адамдардың қасиеттілігін мойындаумен, басқаға деген жылылықпен сомдалып отырады. А. принципі адамгершіліктің алтын ережесінде тұжырымдалған: «Өзіне не тілесең, басқаға да соны тіле!». А-нің таза көрінісіне аналық махаббат жатады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде А. кісілік қасиеттермен, басқаға деген жылы көңіл-күймен, сұхбатшылдықпен т. б. анықталады. Ұлы Абай айтқандай, «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті». Шынайы А. өмір ләззаттарынан бас тарту да, аскетшілдік пен тақуашылдық та емес. Қазіргі әлемдік мәдениеттегі бейбітшілдік, келісім- дік, күш көрсетпеу, әмбебаптылық пен жалпы ғаламдық приоритеттер идеялары А-ның жаңа қырларын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |