Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.
АУГУСТИН, Әулие Аурелий Августин (354–430) – христандық теолог,
«шіркеу аталарының» (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйе- сін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие болған. Анти- калық мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, «Қасиетті Жазу» мен «Қасиетті Өсиеттің» күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адам- ның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін кемітпеді. А. жүйесіне рухани бастауларды әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен дүние арасында таңдау бірден-бір құндылық болып табылады. Адам тіршілігі құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне – тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне – адамзат мәдениетінің жемістері мен нақтылы дүнияуи игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ, оларға үйреніп, жақын көруге болмайды. А. Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. А-нің мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады:
«Жер қаласы» – құдайды ұмытқан өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» – өзін ұмытқан, Құдайға деген сүйіспенші- лігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас
90
«Жер қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәhарлыққа толы және «алғашқы күнә- дан» бастау алады. Осы қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. А-нің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.
Әдебиет: Августин. Исповедь. – М., 1991; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 18. Таным теориясы. – Астана: Аударма, 2006.
АУРА (грек. аura – ұшқындау) – 1) жай көзге көрінбейтін адамның биоэнергетикалық қабыршығының сәулелік ұшқындауы; 2) заттар мен тұлғалардың маңайынан ұшқындар шығатын болып көрінетін ерекше бір қалып, көңіл-күй, райлылық; 3) бейнелеу өнерінде – нимб, ореол. А. ұғымы индуизм мен буддизмде қалыптасқан. А-ның түстері сана бастауларына, адамның көңіл-күйі, сезімі және ойларына қатысты өзгеріп тұрады. Ізгі ниеттер жарығырақ түстерді тудырса, төмен ойлар қараңғылау бояуларды әкеледі. А-ны көру қабілеті спонтанды тылсымдық түрде немесе рухани тәжірибенің арқасында пайда болады. Адамның даму деңгейіне байланыс- ты ол әр түрлі болады: ұлы мистиктерде өте айқын, инстинктілерде – бұлың- ғыр. Санскритте А. прабхамандала – «сәулелі шеңбер» немесе диантачакура
«жарық дөңгелегі» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |