Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет66/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. М., 2004. С. 73–74.


АТОМАРЛЫҚ ФАКТ – логикалық атомизм ағымының (Б. Рассел, Л. Витгенштейн) бұл басты ұғымы бойынша, бүкіл дүние бір-бірімен байланыссыз, ары қарай ажырамайтын, өзара тәуелсіз фактілерден тұрады.


88

Бұл ұғым дүниенің бірлігін, оған тән ішкі байланысты, тұтастықты жоққа шығаратындықтан, шеткері тұрғыдағы плюралистік көзқарасқа апарады. А.ф. ұғымының пайда болуы математикалық логикада өз орны бар «ато- марлық» сөйлемдердің кейбір қасиеттерін сыртқы дүниенің құбылыс- тарына бейсыни көшірмелеуден туған деуге белгілі бір негіз бар.




АТОМИЗМ (гр. atomon – бөлінбейтін), атомистика, барлық заттардың дербес элементтерден (атомдардан) құралатыны туралы ілім. Кеңірек мағынасында А. ұғымы объектінің, үдерістің, қасиеттің дискреттілігін, үздіктілігін білдіреді (мысалы, әлеуметтік атомизм, логикалық атомизм және т. б.). А. алғаш антикалық философияда көне грек атомистері Левкипп пен Демокриттің философиялық ілімінде орын тебеді. Бұл ілім бойынша, дүниеде бәрі де әрі қарай бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектерден (атомдардан) тұрады; атомдардың қозғалысы, өзара әсері арқылы барлық құбылыстар түсіндіріледі. Алғашында философиялық гипотеза статусына ие болған бұл ілім кейіннен (XVII–XIX ғғ.) физика мен химияда (жалпы жаратылыстануда) өз жалғасын тауып, нақтылы ғылыми сипат алады (заттардың атомдық-молекулярлық құрылымы туралы ілім жүзінде). ХХ ғ. кванттық физиканың дамуы атомизм идеясына жаңа серпін беріп, дискреттіліктің (континуалдықпен қатар) материя құрылымына тереңнен тән екендігі айқындалды. Қазіргі физиканың ұйғаруынша, корпускулалық- толқындық дуализмнің микродүниенің негізгі бір қасиеті болып табыла- тыны осы дискреттілік (үздіктілік) пен континуалдықтың (үздіксіздіктің) өзара диалектикалық бірлігінің айғағы іспеттес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет