Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының



Pdf көрінісі
бет2/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томды баспаға дайындағандар:
Қосанов С. (жауапты редактор), Хаван А. (жауапты шығарушы), 
Әлібекұлы А., Тоекина Б., Құдайбергенов Н. (құрастырушылар)
Пікір жазғандар:
Пірәлиева Г. – филология ғылымдарының докторы.
Қалиева А. – филология ғылымдарының кандидаты.
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5Каз)
ISBN 978-601-7414-05-4 (Т.6) © М.О.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институты, 2012.
ISBN 978-601-7414-00-9 © «Әдебиет Әлемі» баспасы, көркемдеу, 2012. 
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Каз)
К 17


5
АЛҒЫСӨЗ
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу, дәуірлеу мәселесі ХХ ғасырдың 
өн бойына созылған ұзақ дау-талас, ғылыми-әдеби және идеологиялық 
тартысты бастан кешіргені мәлім. Кеңестік таптық көзқарас, 
Компартияның солақай саясаты қазақ халқының ұлттық төл әдебиетінің 
төркінін ежелгі сақ-ғұн, көне түркі жазба жәдігерлерінен бастауға әу-
бастан-ақ қарсы болды. Сол себепті ХХ ғасырдың 60-70 жылдарына 
дейін қазақ әдебиетінің тарихы арысы Бұқар жыраудан, берісі Абайдан 
басталады дейтін үстірт пікір үстемдік құрып келді.
Алайда, уақыт өтуімен, қоғамдық өзгерістердің орын алуымен бірге 
әдебиет тарихы да қайта жаңғыру, түлеу кезеңіне қадам басты. Мұндай 
оңды өзгерістер, әсіресе, 1957, 1959 жылдардағы әдеби пікірталастардан 
(дискуссия) соң, Кеңестік саясаттағы «жылымық» мезгілінде көрініс 
тапты. Десек те, әдебиетіміздің көне дәуірлерін зерттеу мәселесі тек 
өткен ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай қолға алына бастады.
Ежелгі әдебиетіміздің тарихын толықтыру, дәуірлеу, жүйелеу, зерттеу 
жұмыстары көп жылғы кедергілерден бірден аттап өте қойған жоқ
бұл бағыттағы зерттеулер там-тұмдап, жекелеген ғалымдарымыздың 
тертөкті еңбектерінің нәтижесінде біртіндеп жолға қойылды. Бірден 
айта кету керек, ежелгі жазба ескерткіштерін зерттеуде академик 
Н.Сауранбаев, Ғ.Айдаров, І.Кеңесбаев, профессор Е.Жанпейісов, 
Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, М.Томанов, Ж.Бектұров, М.Балақаев, 
С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, М.Исаев, т.б. тілші-
ғалымдардың қосқан үлкен үлесі бар. Осы қатарда академик-жазушы 
М.Әуезов, С.Мұқанов, ғұлама, әмбебап оқымысты Ә.Марғұлан, көрнекті 
әдебиет және фольклор зерттеушісі Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің 
есімін ерекше атар едік. Десек те, ұлттық әдебиетіміздің ілкі кезеңдерін 
зерттеу мәселелеріне көп көңіл бөліп, қадім заман мұраларына алғаш 
мойын бұрған ғалым – көне әдебиеттің жоқшысы һәм білімпазы 
профессор Б.Кенжебаев екендігі еш шүбәсіз. Себебі, дәл осы зерттеуші 
қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірлеуден бастау жөніндегі 
принципті, ғылыми тұрғыдан пайымды пікір-тұжырымдарын табанды 
түрде қорғай білген және іс жүзінде жүзеге асыруға белсене кіріскен 
бірден-бір әдебиеттанушы ретінде танылады. 
Б.Кенжебаев әдебиеттану майданына сонау өткен ғасырдың 
20-жылдарының соңын ала араласты. 1925 жылы «Лениншіл жас» 
газетінде жарық көрген «Абай» атты мақаласы дарынды ғалымның 


6
болашағынан үлкен үміт күттіргені анық. Сол бір алмағайып 
уақытта Мәскеуде оқыған көзі ашық, көкірегі ояу жас жігіттің Алаш 
оқығандарына тілеулес болғандығы өз еңбектерінен қапысыз байқалады. 
Оның осы мақаласындағы «Абай – шыққан тегіне, табына қарамай 
халық ақыны» дейтін пікірлері де ұлы ақынның мұрасы мансұқталып 
жатқан тұста жасындай жалт еткен жігерлі, жосықты ойларымен назар 
аударған-ды. Бейсекең бұдан кейін де Абай тақырыбына қайтара соғып, 
бірнеші бағалы еңбектер жазғаны белгілі. Соның нәтижесі болар, 1945 
жылы М.Әуезовпен бірлесіп қазақтың бас ақыны туралы орыс және 
қазақ тілдерінде кітап та шығарған. Жұртшылыққа мәлім, профессор 
Б.Кенжебаев саналы өмірінің бір бөлігін алаш ақыны Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың шығармашылық мұрасын зерттеуге арнады. Бұл орайда 
ғалымның мұрагер шәкірті талантты әдебиеттанушы Қ. Ергөбектің: 
«Ғұмырлық қызығына айналдырам деп, талай мәрте өмірлік қасіретіне 
ұласып кете жаздаған ұлы ақын мұрасын ғалым үзіліс-үздіксіз зерттеген, 
әр қырынан қарастырып, қызықты, күрделі еңбектер берген»
1
,– 
деген пікірлеріне толықтай қосыламыз. Ғалымның әр жылдардағы 
мақалаларында Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тілі мен көркемдік кестесі
ақынның сыншылдығы мен дүниетанымы жайында сүбелі ой, сындарлы 
пікірлер мол ұшырасады.
Әдебиеттанушының 40-жылдардағы бірқатар зерттеу еңбектері 
қазақтан шыққан алғашқы ағартушы ғалымдарымыздың бірі 
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Атап айтқанда, 
зерттеушінің 1944 жылы «Әдебиет және искусство» журналында 
жарияланған «Кемеңгерлік кепілі» атты мақаласында Шоқан өмірінің 
соңғы жылдарына қатысты кейбір тарихи деректердің дұрыс-бұрыстығы 
тексеріліп, нақты айғақтарға сай қисынды тұжырымдар жасалғанын 
көреміз. Осы кездері ол алаштың тағы бір зиялы азаматы, Арқадағы 
алғашқы қазақ мектептерін ашқан ағартушы-ұстаз, талантты қаламгер 
Ыбырай Алтынсарин жайында деректі мақала жазған. Сондай-ақ 1941 
жылы жарық көрген Ақмолла ақын жөніндегі зерттеу мақаласы да ХІХ 
ғасырда өмір сүрген әрі қазақ, татар, башқұрт халықтарына ортақ даңқты 
шайыр хақында жазылған бағалы еңбектердің бірінен саналады. Бұдан 
кейін Б.Кенжебаев 20-ғасыр басындағы қазақ поэзиясы мен оның бірқатар 
дарынды өкілдері туралы сериялық әдеби мақалалар жариялағаны 
мәлім. Мұхамеджан Сералин, Әсет Найманбайұлы, Мақыш Қалтаев, 
Әкірам Ғалымов т.б. ақындар шығармашылығы жөнінде білдірген ойлы 
пікір-тұжырымдары әлі күнге маңызын жоймаған. Оның үстіне өткен 
ғасырдың 50-жылдарында аталған қалам иелерінің есімі қызыл саясат 
көлеңкесінде елеусіз қалғандықтан, баспасөз беттерінде де көп айтыла 
бермейтін. Әсіресе, Алаш баспа ісінің басында жүріп қыршын кеткен 
1
Тұрлаулы толғаныс //Кітапта: Б.Кенжебаев. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. – Алматы: «Ана 
тілі», 2004, 7-б.


7
Б.Күлеев, Алтайдың арғы жағына өткен әнші Әсет, кітаби, ескішіл ақын 
Мақыш туралы жазу – сол кезең үшін үлкен ерлік болатын-ды.
Жоғарыда жазғанымыздай, профессор Б.Кенжебаев негізінен туған 
әдебиетіміздің көне дәуірлердегі тарихын зерделеуге жанын сала кірісті. 
Мәселен, ғалым осы тақырыптағы алғашқы мақалалаларының бірінде 
былайша келелі ой толғайды: «Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз 
байланысты, соның бейнелі көрінісі, сүрлеуі: ол қай кезде болсын халық 
тарихының ізімен жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы 
да қазақ халқы азаматтық тарихының ізімен жасалуы тиіс». Профессор 
мұнда қазақ әдебиетінің тарихын бес дәуірге бөле отырып, оның ілкі 
кезеңі «Бұрынғы әдебиет(Ү-ХҮ ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет