Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет94/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Х.Сүйіншәлиев (1918-2006) – қазақтың ежелгі дәуір әдебиетін 
жеке пән ретінде негіздеген көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология 
ғылымдарының докторы, профессор. Төрт жүзден астам ғылыми 
еңбектің, соның ішінде 16 ғылыми монография, 30 оқулық пен оқу 
құралы, 6 әдеби кітаптың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы 
мектеп қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы республикалық сыйлықтың 


362
иегері, сонымен қатар «Қызыл жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін», «Москваны 
қорғағаны үшін» медальдарының иегері. 
Ұстаздық жолын 1942 жылы алғаш өзі білім алған Орал педагогика 
институтынан бастайды. Осы оқу орнында 1951 жылға дейін еңбек еткен 
ол оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісіне дейін көтеріледі. 1952 
жылдан бастан өмірінің соңына дейін С.М.Киров атындағы КазМУ-де 
оқытушы, доцент, профессорлық дәрежеге дейін көтеріледі.
1952 жылы «Абайдың қарасөздері» деген тақырыпта кандидаттық, 
1969 жылы «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты тақырыпта 
докторлық диссертация қорғаған. 
Абайтану мәселелерімен жүйелі айналыса отырып, «Абай қазақ 
халқының ұлы ақыны және ағартушысы» (1954), «Абай Құнанбаев 
және орыстың классикалық әдебиеті» (1955, орыс тілінде), «Абайдың 
қарасөздері» (1956), Абай Құнанбаев» (1958, орыс тілінде) атты зерттеулер, 
сонымен қатар, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1961), «Қазақ 
әдебиетінің қалыптасу кезеңдері (Ерте дәуірден ХІХ ғасырдың аяғына 
дейін)» (1967), «XV-XVII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1967), «Орта 
ғасыр әдеби ескерткіштері» (1973), «Ізденіс іздері» (1975), «Саңлақтар 
сарабы» (1978), «IX-XII ғасырлардағы әдебиет ескерткіштері» (1981), 
«XVIII ғасырлардағы қазақ ақындарының поэзиясы» (1982), «XIX 
ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1986), «Ғасырлар поэзиясы» зерттеулер 
(1987), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997) атты еңбектері қазақ әдебиеті 
тарихында елеулі орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет