Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет2/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

үлгілік ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5В010000 «Білім» топтары білім алушыларына арналған


«Әлеуметтік-саяси білімдер модулі» пәні бойынша


Арқалық, 2019
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      2. «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК




Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасы


5В010000 «Білім» топтары мамандықтарының


білім алушыларына арналған
«Әлеуметтік-саяси білімдер модулі» пәні бойынша


Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

Арқалық, 2019

Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы № 6 қосымшаға сәйкес

  • 5В010000 «Білім» топтары мамандығы бойынша «24» «04» 2019 ж. № 11 хаттамамен бекітілген модульдік оқу жоспары;

  • «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы ұйым атауы, бекіткен күні (міндетті компонент пәндері үшін) негізінде әзірленді.

«Әлеуметтік-саяси білімдер модулі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін құрастырушы филос.ғ.к. Конкина Г.С., магистр Бижанова Г.Х. (87756895373, 87014676045, G.S.Konkina@mail.ru , Bizhanova81@bk.ru) дайындады және кафедра атауы кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, «27» «08» 2019 ж., хаттама №1.


Құрастырушы(-лар) филос.ғ.к. Конкина Гүлбаршын Спанқызы



а .о., магистр Бижанова Гүлзада Хамитбекқызы


Кафедра меңгерушісі Аймағамбетұлы Р.


Институттың ОӘК отырысында мақұлданды, 2019 ж. «27» «08» № 1 хаттама.



1.Оқу пәннің сипаттамасы:
Әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар біртұтас жүйелік негізде қарастырылады.


2.Курстың мақсаты:
"Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.


3.Міндеттері:
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3) заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
4) студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
6) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.


4.Оқу пәннің пререк визиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Постреквизиттер: Құқық және экономика негіздері, Философия, Білім берудегі көшбасшылық: орта білім беру, Білім кәсіпкерлігі, Медиапедагогика, Жастар саясаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері


5. Пән бойынша оқыту нәтижелері
Осы пәнді сәтті аяқтау нәтижесінде студент:
құзыреттіліктердің сипаты (8 ОН – біледі, түсінеді, қолданады, талдайды, жинақтайды, бағалайды, мәселелерді шешу, коммуникативтік дағдысы қалыптасады)
оқу пәнінің модулін құрайтын барлық ғылымдар саласының (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология) пәндік білімін түсіндіре және жеткізе алуы (ұғым, ой, теория);
1) әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
2) нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мәнмәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;
3) оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
4) әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
5) қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
6) қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
7) нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;
8) ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;
9) кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;
10) түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;
11) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.

6.Оқу жоспарынан көшірме


Курс-1
Семестр-2
Кредит саны-8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет