Бейімделу (адаптация) – организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік – адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.
Белсенділік – адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Бинокулярлық көру – қаш қтықтағы объектілерді бақылау арқылы көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.
Биографиялық әдіс – адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны, шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі.
Бихевиоризм – XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. Бихевиоризм психологиясының мақсаты – мінез-құлықты зерттеу болды. Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми қалыптасуына В.М. Бехтерев пен И.П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.
Білуге құмарлық – адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңіл-күйіне із қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық – ұнамды қасиет.
Біліктілік – қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі белгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі.
Біріккен топ – бірлік нышаны, мүдделер кірігуі мен қоғамдық пікір бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі – қарым-қатынас, құрылымы, тұлғаның ондағы нақты орны айқындалса кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |