Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет40/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Реминесценция– алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
Ресми топ – бұйрық, жарлық, штат кестесі және тағы басқа ресми құжаттар негізінде құрылады. Ресми топ заңдық тұрғыдағы статусы бар, мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық.
Ретикулярлық формация – импульстерді таратып, тежеп, күшейтіп, оларды ми қыртысына жіберіп отыратын нерв ткані
Референттік топ – нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық; индивид онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады.


Мәдениеттану пәні бойынша глоссарий
АКСИОЛОГИЯ- құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің ба-ғытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.
АҚИҚАТ- танушы субъектінінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірибенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективтік мазмұны.
АРАЛАСУ–қазақ дүниетанымының категориясы, жеке адамның ғана емес, жалпы қазақ халқының өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі.
АСЬІЛ АДАМ, БЕКЗАТ АДАМ (ЦЗЮНЬ-ЦЗЬІ)- адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. Бұл ұғымға қарсы ұғым - 'Төмен адам" ұғымы.
ГУМАНИЗМ(латынша һumanitas - адамшылық) – адамды басты құндылық деп танитын антропологиялық бағыт. Бастауын көне Римнен ал- ғанымен, жеке бағыт ретінде Ренессанс дәуірінде қарқынды дамыды.
КРЕАТИВТІЛІК- шығармашылықты тұлғаның, процес өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет