Сабақ №12: Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар. Сұрақтар мен тапсырмалар



бет1/4
Дата22.04.2024
өлшемі26.41 Kb.
#499535
түріСабақ
  1   2   3   4
12 тапсырма әдебиет


Тәжірибелік сабақ №12:Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың оқушының білім, білік, дағдысын жетілдірудегі маңызы.
Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:
1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек, талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Окушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да онын қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білуі керек.
3. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге негіз бола алмайды.
Керісінше әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.
Сыныптан немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, қүштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.
4.Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт секцияларында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардын белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болуы керек.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте исыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс үргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінеттерін толықтыру және терендету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық тану, белгілі бір нәрсеге қызығушылына мен ынтасын ояту, қогамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастаруды көздейді . Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету . Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі. Сыныптан және мектсптен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны талдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндетгеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысы атқарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет