Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет5/64
Дата28.04.2024
өлшемі3.97 Mb.
#500027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
3-2020

Севериненко А. Н. 
Диагностика уровня познавательного интереса к учебной деятельности младших школьников ……....59
PERSONALIA
Педагог – ғалым Джанзакова Шолпан Исағалиқызының мерейтойына …....................................................…..71


6
БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 
БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ / ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПОЛИТИКА / EDUCATIONAL POLICY
ҒТАМР 14.15.07
Г.Ж. СУЛЕЙМЕНОВА
1
, М.Н. НҰРПЕЙСОВ
2

Тарих ғылымдарының кандидаты,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, 
Ақтөбе қ., Қазақстан, е-mail: guljanat_sj@mail.ru

«География» мамандығының 4-курс студенті,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,
Ақтөбе қ., Қазақстан
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аңдатпа. Білім беру саласы қоғам өміріндегі маңызды сала ретінде өз дамуында түрлі 
кезеңдерден өтіп, олардың әрқайсысына тән түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жетілдіріп 
келеді. Мақалада қазіргі заман талабына сай техника, технологияның қарқынды дамуына 
байланысты білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер нәтижесінде әдеттегі дәстүрлі 
оқытудың инновациялық жүйеге көшуі, ақпаратттық технологиялардың қарқынды 
жетілуі, оқу үрдісінің цифрландыру арқылы сапаландырылуы және жаңа форматта оқыту 
мүмкіндіктеріне жету мәселелері ой елегіне салынды.
Қашықтан оқыту әдістерінің бәсекеге қабілетті елімізде қолданылу мәселелері 
қарастырылып, осы орайда халықтың тұрмысы мен жетілу жолдары сараланды.
Түйін сөздер: Цифрландыру жүйесі, білім беру, мектеп бағдарламасы, қашықтан оқыту, 
ақпараттық технологиялар, мемлекеттік бағдарлама.
КІРІСПЕ
Цифрландыру – бәсекеге қабілетті 
экономиканы дамытуды және халқы- 
ның тұрмыс сапасын жаңа деңгейге 
көтерудегі барлық әлем мемлекеттері 
жаппай қолданып отырған тренд. Осын- 
дай үрдіске Қазақстан мемлекеті ел қа- 
тарлы ілеспеген жағдайда мемлекеттің 
болашағына балта шапқандай болар 
еді. Қазіргі технологияның қарқынды 
дамыған заманында еліміз цифрлан- 
дыру жүйесі арқылы кез келген сала- 
сына енгізіп, уақыт пен сапа тиімділігін 
көріп отыр. Біздің қазіргі өмірімізден 
ақпараттық технологияларды тамы-
рымен жұлып алар болса, дөңгелегі жа- 
рылған көліктей жол шетінде көлбең- 
деп қаларымыз анық, мен-мен деген 
мемлекеттер де сол жағдайда болар 
еді. Осыдан цифрландыру жүйесінің 
кез келген ел үшін алар орнын бағалай 
беру қажет.
2018 жылы Мемлекет басшысы 
Қ.Тоқаевтың «Цифрлы Қазақстан» 
тапсырмасының орындалуы және көңіл 
аударуға тиісті басты мәселелер тура-
лы сөзін тұжырымдаған болатын, онда 
2020 жылда цифрландыру әлем эконо-
микасының төрттен бірін құрайтын бо-
лады делінген [1].


БІЛІM - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
7
www
.nao.kz
БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ / ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПОЛИТИКА / EDUCATIONAL POLICY
Дүниежүзін күйзеліске ұшыратқан 
келеңсіз жағдай кезінде цифрлық тех- 
нологиялардың маңыздылығы зор 
екендігіне тағы бір мәрте көзіміз жет- 
ті. Ғаламшарда өзіміздің өмір сүруіміз 
қиындаған шақта, егер де үлкендігі бір 
тал шаштың қалыңдығының 0,01 бөлі- 
гін құрайтын кішкентай вирус, ғылы- 
мы дамыған адамзатқа ырық бермей 
тұрса, бұл ғаламшар біздікі деу бұрыс- 
тық болар. Осындай қолайсыз жағдай- 
да цифрландырылу технологиясының 
нәтижесінде қашықтан білім алу әдісі 
оңтайлы шешімін табуда [2].
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІН-
ДЕТТЕРІ
Білім беруді жаңарту оқушылардың 
білімін ғана емес, оларды қолдану дағ- 
дыларын, атап айтқанда, функционал- 
дық сауаттылығын немесе құзіреттілі- 
гін қалыптастырады. Зерттеу негізінде 
ғылыми, әлеуметтік тұрғыдан жаңашыл 
өзгерістерді қарастырып, қоғам пікірін 
ескере отырып мемлекет тарапынан 
жасалып жатқан шаралар мен оларды 
күнделікті өмірде қаншалықты пайда- 
лануға ыңғайлы екендігін саралау бо- 
лып отыр.
Бүгінгі күнге дейінгі іс-әрекеттерге 
көз жүгіртсек, Елбасының тапсырмасы 
бойынша оқушылардың функционал- 
дық сауаттылығын дамытудың ұлттық 
жоспары әзірленіп, бекітілуі, қазіргі 
заман талабы – көптілді оқыту және 
көптілді меңгерген маман дайындау 
шараларының ұйымдастырылып жүр- 
гізілуі және т.б. атап өту қажет.
Білім министрлігінде бірқатар жұ-
мыстар атқарылуда. Салыстырмалы 
түрде, 2018-2019 оқу жылында «Ақпа-
раттық-коммуникациялық технология-
лар» пәні 3-сыныптың оқу бағдарлама-
сына енгізілсе, 2019-2020 оқу жылында 
1-2-сыныптарға енгізу жоспарланған.
Бастауыш сыныптарда өскелең ұр-
пақтың компьютерлік технологияны 
меңгере бастауы заман талабына сай 
екендігі сөзсіз.
Ал 5-11-сыныптарда робототехника, 
виртуалды шындық, 3D-принтинг және 
басқаларының енгізілуінде бағдарла- 
малау тілдерін қайта қарау өзекті мәсе- 
ле ретінде қаралуда [3].
Білім беру жүйесіндегі құжаттама- 
лардың цифрландырылуы, оның ішін-
де әр оқу жылына бір рет сабақ кестесі 
бекітіліп, автоматты түрде барлық тоқ-
санға қойылатындығы, мұғалім сабақ 
кестесіне сәйкес электронды журналға 
баға қоюы және оның автоматты түрде 
оқушының күнделігіне түсуі бүгінгі күні 
жүйеленді. Оқушының үлгерімін ата- 
ана тарапынан электрондық күнделік 
арқылы бақылауға алуы – жүзеге асқан 
іс-әрекеттердің бірі. Бірақ көптеген 
ауылдық жерлердің интернетпен то-
лыққанды қамтамасыз етілмеуі қиын-
дықтар туғызуда.
Бүгінгі таңда жүйеде шамамен 300 
мыңға жуық мұғалім мен 2,5 млн астам 
оқушы және 1,5 млн. астам ата-ана тір- 
кеулі, жүйенің мобильді нұсқасы да
әзірленген.
ӘДІСНАМА
2018-2022 жылдарға арналған 
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік 
бағдарламасының бес бағыты, атап айт- 
қанда, «Экономика салаларын цифр- 
ландыру», «Цифрлы мемлекетке көшу», 
«Цифрлы Жібек жолын жүзеге асыру», 
«Адам капиталын дамыту», «Инновация- 
лық экожүйені құру» бағыттары бойын-
ша қазіргі таңда толыққанды істер жү-
зеге асырылуда.
Цифрландыру 
мәселесінде 
ең 
алдымен адамдардың цифрлық са- 
уаттылығы маңызды орын алады. 
Адамдардың заманауи технологиялар-


8
БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет