М. Ш. Тойғанбекова, Р. Т. Наралиева



Дата15.06.2016
өлшемі102.86 Kb.
М.Ш. ТОЙҒАНБЕКОВА, Р.Т. НАРАЛИЕВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы
Қазақ балалар әдебиеті – ұлттық мәдениетіміздің рухани іргетасы

Мақалада авторлар балалар әдебиетінің қазақ әдебиеттегі алатын орны мен маңызы туралы өз пікірін жүйелі түрде білдіреді. Балалар әдебиетінің ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екендігін ғылыми тұрғыдан зерделейді. Белгілі әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылардың сын-пікірлерін, көзқарастарын, айтылған ой-тұжырымдарын талдай келе, балалар әдебиетінің жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал екендігіне тоқталады. Балалар әдебиеті өскелең ұрпақтың, балдырғандарды болашаққа бастар жолы, олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, дамытуда зор рөл атқаратындығын қорытады.

Тірек сөздер: қазақ балалар әдебиеті, ой-өріс, тәрбиелік маңызы, бағыт, дүниетаным, дамыту

Қазақ халқының балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туған, біте қайнасқан қазақ ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің рухани іргелі саласы. Жас бала жарық дүние есігін ашқаннан бастап-ақ анасының әлпештеу жырын естіген, бала күнінен ән-жыр, ертегі, әңгіме тыңдап өскен жас баланың арманы қанаты құлашты, мұраты биік, дүниетанымы кең, ой ұшқыр, сөздік қоры бай болып өсетіндігі туралы өз кезінде ұлы дала елін зерттеген Еуропа ғалымдары өз еңбектерінде жазып кеткен. Балдырған кезінде әділ шешім айтып халқының сүйіспеншілігіне бөленген ұлы бабаларымыз Төле би және балалық шағында тура төрелікпен көзге түсіп ел аузына іліккен Бала билер осы пікіріміздің жарқын мысалы болып табылады. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас құрақтай жас бүлдіршінге дүниенің сырын-қырын танытып, оларға үлкен өмірдің күре жолына қадам басар сәтінде дұрыс бағыт сілтеп, балғындардың дүниетанымын, өмірлік көзқарастарының қалыптасуына да үлкен әсер ететін балалар әдебиеті болып табылады.

Балалар әдебиеті - жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, ой-өрісін дамытатын, ақылына ақыл қосатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмірдің рухани оқулығы. Балалар әдебиетінің мақсаты кішкентай оқырмандарына: бүлдіршіндерден бастап, он төрт жасқа дейінгі жеткіншектердің назарына тәрбиелік мәні зор, көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды ұсыну, оларды саналы өмір сүруге талпыну, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, халқымыздың ұлттық құндылықтарын бағалай білуге баулу болып табылады. Балалар әдебиеті жас ұрпақтың болашағына жол ашады, бағыт сілтейді. Жазушы М.Пришвин қаламынан шығып, кейін қанатты сөзге айналған “Балалар әдебиеті – кішкентайлардың үлкен әдебиеті” деген оның пікірінде терең мән-мағына жатыр. Табиғаттан іргесін ажыратпай, гармониялық үйлесімде ой тербеп, қаламын ұштап өткен қаламгер айтқан “кішкентайлар” сөзінің төркініне тереңірек үңілсек, осы кішкентайлар адамзаттың, қоғамымыздың болашағы болып шығады. «Балалар жазушысының жаман жазуға қақысы жоқ», – өз кезінде Марат Қабанбай [1,177] айтқандай, балаларға арналған шығармаларға қойылатын талап та, міндет те үлкен. Себебі қазақ балалар әдебиеті қазіргі қазақ елінің болашақ қоғамының тұрақтылығын тұғырлы, келешегінің жарқындылығын, қалыптастыратын жас ұрпақты отансүйгіштікке, жарқын үлкен болашаққа бастайтын тәрбиелейтін рухани үлкен тәрбиелік құрал.

Ғылыми құндылығы мен өзекті мәселелері. Қазіргі таңда балалар әдебиетіне қатысты өзекті мәселелерді қозғап, қазіргі заман талабына және кішкентай оқырмандардың сұранысына сай тақырыпта шығарма жазудың өзіндік қиындықтары бар. Себебі, балалар әдебиеті - әрбір халықтың ұлттық мәдениетінің негізгі іргетасы, халықтың рухани ахуалын, әлеуметтік-мәдени дамуын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек, балалар әдебиеті жолға қойылмай тұрып, әдебиетіміз кемелдену үстінде деп мақтанушылық – үйдің іргетасын қаламай тұрып, шатырын жабамын деген бос әурешілікпен тең болады. Қазақ әдебиетінде балалар әдебиеті кенжелеп жатқан сала деген пікірлер жиі айтылады. Алайда бұл пікірлер қазақ балалар әдебиеті дамудан құр алақан дегенді білдірмейді. Бала болашағы туралы толғанбайтын саналы адам жоқ десек те болар. Сол себепті болар, қазақ әдебиетіннің көрнекті өкілдері қашан да болмасын балаларға арнап туындылар жазған. Мысалы, қазақ балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай Алтынсарин атамыздан қалған сара жолды жалғастырып келе жатқан ақын-жазушылар елімізде аз емес. Сол балалар әдебиетінің шығармашалары кішкентай оқырмандардың қолына дер кезінде жетпей жататындығы негізгі бөгет десек, әсіре айтқандық емес. Шығарманың зерттелуі. Мысалы, балалар әдебиеті саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы М.Тиесовтің аты-жөнін қазіргі өскелең ұрпақтың көбісі білмейтіндігі өтірік емес. М.Тиесов – өз шығармаларында балалардың көкейіндегісін тап баса білген қаламгер. «Жазушы идеясының даму динамикасының бастау алар тұсы, дағдарысы, әлсіреуі, шарықтау шегі болатыны шартты құбылыс. Адамзат өміріндегі болмыс пен табиғат арасында, адам мен жануар арасындағы қарама-қайшылық немесе бірігіп, біртұтас мәнде болуы да терең ойға жетелейді»[2,116-117]. Себебі қай жағынан алып қарағанда да, балаларға арналған прозалық ертегілерде тартыс, күрес, конфликт, қарама-қайшылық болуы шарт. Әйтпесе, тартыссыз ертегі бүлдіршінді қызықтырмайды. Мысалы, М.Тиесовтің «Бақытты бозторғай» ертегісіндегі жұдырықтай құстың тіршілік үшін күресі, сайын түрлі апаттан балапандарының қырылып қалуы, долы боран – бәрі де бала көңілінде, аяушылық сезімін тудырмай ма? Шынын айтсақ, қазіргі балалар әдебиетін қаузап жүрген қаламгерлер М.Тиесов тәрізді шындыққа, суреткерлік иірімдерге терең бойлай алмай жүр. Кішкентай оқырмандарды қызықтыра алмаудың бір кілтипаны осында сияқты.

Түптеп келгенде, балалар ертегісіне қанық бояулар, ашық үндер, тілдің бейнелі қарапайымдылығы, оқиғаның табиғи өрбуі, бүкпесіз сырласқандай тартымдылық қажет. Өйткені, балалар- байыпты халық. Бүгінде олардың білмейтіні аз. Талғамы биік В.Белинскийдің мына бір сөзі осы бүгін айтылғандай: «...Балалар жазушысы болып қалыптасу қиын, арнайы туу керек. Мұның өзі өзінше бір қабілеттілік болады... Мұнда талант қана емес, сонымен бірге өз алдына даналық та керек.» Балалар әдебиетіне таланттылар мен табандылар ғана тұрақтайтыны содан шығар. Тағы бір айта кететін жайт – қазақ балалар прозалық ертегісінде «шығу мерзімі жағынан ең көне миф жанрымен байланысын үзе қоймаған, жануарлардың пішініндегі немесе жүріс-тұрысындағы, я болмаса мінез-құлқындағы, әйтеуір қандай да болмасын ерекшілігін түсіндіре баяндайтын этнологиялық ертегілерге» ұқсас авторлық ертегілер де орын алып отыр. Олар – көбінесе балдырғандар талабынан шығатын дүниелер. Мұның себебін ертегілік шығарманың Бұл кім? Ол не? Бұл неліктен осындай?», «Ол неге сондай?» деген сауалдарға жауап беруге талпынған табиғатынан іздеу керек. Бұларда шарттылық басым, аллегория аса айқын. Оның мазмұны белгілі бір қасиетті, белгіні түсіндіруге бағытталады. Персонаж бойындағы ұнамсыз қасиеттердің түптің түбінде трагедиялық халге апаратындығын меңзеуі жас баланы жағымсыз мінез-құлық, іс-әрекеттерден алдын-ала сақтандырады. Зерделей қарағанда, хайуанаттар жайындағы авторлық ертегілердің айрықша белгілері мен өзіне тән сыр-сипаты қандай дейтін болсақ, оған төмендегідей жауап тапқан болар едік. Олардың бір дені жас баланың бойын жағымсыз қылықтан арылту үшін қызмет етсе, ендігі бір дені қоғамдық дертпен күреседі. Халық ертегілерінен байқалмайтын психологиялық көңіл- күй көрінісі- хайуанаттар жайындағы авторлық ертегілердің басты ерекшелігі. М.Тиесовтің ертегілеріндегі персонаждар (Ақбоз ат, түлкі, қасқыр, өрмекші, бозторғай, мәлін, қотыр торғайдың) толғаныстары арқылы адам психологиясының жек көріп қалу, күмандану, сезіктену, қорқу, ұялу, болжам жасау тәрізді сипаттары ашылады. Кейбір прозалық әдеби ертегілердің құрамына жас баланың да, ересек адамның да айлакерлік, тапқырлық, барырлық сияқты қасиеттерін көрсететін әңгімелер енетіндіктен, олардың тұрмыс-салттық, танымдық-фантастикалық, батырлық ертегілердің элементтерін кездестіреміз, әрі бұл әңгімелердегі оқиға бұрынғы заман тұрғысынан да, қазіргі уақыт тұрғысынан да баяндала береді. Сондықтан оларды қиял- ғажайып прозалық әдеби ертегілер деп қарастырудың реті бар. Өйткені бұлардың әрқайсысынан да халықтың қиял ғажайып ертегілердің ықпалы мол сезіледі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтың «Жас бала Наргөз бен бала күшік Құмай және бала мысық мияу» ертегісінде қиял-ғажайып ертегі элементтері жиі көрініс береді. Ертегінің құрылымдық композициясы да ауыз әдебиетінің қиял-ғажайып ертегісіндегідей.

Балдырғандарға арналған қиял-ғажайып прозалық әдеби ертегілердің көпшілігінің басталуында бас кейіпкердің неше жаста екендігі айтылып өтеді. Қ.Омаровтың «Ақбұлтжан» ертегісі «Ерте, ерте, ертеде бір диқанның жеті жасар баласының денесіне бидайдың үлкендігіндей жаралар қаптап шығыпты» деп басталса, Б.Ұзақбаев өзінің «Шөп тістеген балық» ертегісінде «Ерте, ерте, ертеде кедейліктің зарын тартқан жеті жасар Бейбіт ерте тұрып, жолға шығады. Әке-шешесі берген қатқан нанды үйде қалдырып кетеді.»,- дейді (294).Қазіргі уақытта туып, жазылғанымен қиял- ғажайып авторлық ертегілер қазақ халқының бұрынырақтағы тұрмысынан хабар береді әрі шығарма сюжетіне бүгінгі дәуір көріністерін жымдастыра енгізеді. Бұны бас қаһармандардың Наргөз (Ғ.Мүсіреповтің «Жас бала Наргөз бен бала күшік Құмай және бала мысық Мияу ертегісі), Бейбіт (Б.Ұзақбаевтың «Шөп тістеген балық» ертегісі, Нұрлан (С.Қалиевтің «Мейір шөп» ертегісі), Сәуле (М.Тиесовтің «Мияу- мияу мен кірпі» ертегісі) тәрізді қазіргі заман балаларына тән есімдерді беруінен, «ауыл», «алтыбақан», «женьшень, «Солтүстік мұзды мұхит» сөздерінің қолдануынан байқаймыз.

Халық ертегілеріндегі идеал ретінде мадақталатын бейне-әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі, жәбірленуші, жапа шегуші болса, қиял- ғажайып авторлық ертегілерде де осындай кейіпкерлер дәріптеледі. Өз ертегілерінде жазушылар халық арманын бейнелейді. Ертегілердегі басты тақырып –сиқырлы заттардың немесе адал аң-құстардың көмегімен бас қаһарманның мыстан кемпірлер, сиқыршылар, пері қыздары туғызған әр түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Ертегілердегі мыстан кемпір бейнесі – зұлымдықтың нышаны. С.Қасқабасовтың еңбегңне сүйене отырып, доцент П.Әуесбаева «шаман-әйел образының жанр табиғатындағы сипаты қазақтың қиял-ғажайып, батырлық ертегілерінде өзгерген күйде көрініс табады. Жалмауыз кемпір кейде мыстан кемпір делінеді, бірақ екеуі – мағыналық, қызметтік айырмашылығы бар образдар» [3, 61].Бұл ертегілерде ақ пен қараның бір-бірімен тайталасқа түскен күресі көрінеді, екеуі кезек-кезек бірде жеңіліп, бірде жеңіске жетеді. Дегенмен, ертегі эстетикасының заңы бойынша аяқталуында үнемі әділеттілік жеңеді де, зұлымдық әшкереленеді. Халық ертегісі композициясының табиғаты ғалым С.Қасқабасовтың еңбетерінде [4, 239] жан-жақты ашылғандықтан, осынау салыстырмалы зерттеуге сүйене отырып, қиял-ғажайып авторлық ертегілердің композициялық құрылымы жайындағы өз топшалауымыздыи ортаға салуды жөн көрдік. Халықтық қиял-ғажайып ертегілердің классикалық типі қаһарманды басқа дүниеге айналдыру, ғажайып құралдарды табу, қиын тапсырмаларды орындау, құда түсу сияқты композициялық бөлшектерді қамтитын болса, прозалық әдеби ертегілерде аталған бөлшектердің бірді-екісі ғана қамтылады. Жалпы балаларға арналған шығармалардың ішінде балдырғандардың арманын ұштап, ой-өрісін дамуына үлкен әсер ететін дүние бұл қиял-ғажайып ертегілері, қиял-ғажайып шығармалары. «Бүгінгі таңдағы балалар поэзиясында өз оқырманын қызықты мазмұнымен баурап, олардың арман-қиялын қанаттандыратын, дүние-жаратылыс сырын тантып-білуге құштарлығын арттыратын, сол арқылы балалардың ойлау дағдысын жетілдіретін түрлердің бірі – қиял-ғажайыпты поэзия» [5, 58]. Авторлық ертегі де әдетте қаһарманның үйден аттануымен басталады. Оның себептері де әртүрлі: бірде бір жесір әйелдің ғажайып сурет кестеленген орамалын құйын ұшырып әкетеді, ағайынды Ертай, Елтай, Сырбай деген балалары орамалды іздеп шығады.(М.Тиесовтің «Ананың асыл арманы» ертегісі), бірде Қайсар деген баланың бауыр еті – жалғыз қарындасы Айжан ұшты-күйлі жоғалады, ағасы оны іздеуге шығады.(Қ.Жаманбаеваның «Қара гүл» ертегісі), енді бірде бас қаһарман батыр атанғысы келіп, алыс сапарға шығады.(Қ.Жаманбаеваның «Қайдос батыр» ертегісі). Басталудың мұндай типтері халық ертегілерінен ауысқан.

Әдеби шығармаларды жалпы адамзат құндылықтарынан негізінен және қазіргі заманауи өркениетті мәдениеттің аясынан алып қарастырғанда салыстырмалы түрде зерттеу әдісі осы күнгі сұраныс талабынан туындайды. Сондықтанда балалар әдебиетінің көрнекті өкілі болып табылатын М.Тиесовтің шығармаларын зерделеген кезде, оның қаламгерлік тұлғасын, суреткерлік шеберлігін өзге жазушылардың еңбектерімен салыстыра отырып зерттеу қажет. Қиял-ғажайып прозалық әдеби ертегілердің сюжеттік оқиғасы қою емес, поэтикасы мен құрылымы аса күрделі болмайды. Бұлардың қай-қайсысының болсын сюжеттік желісінде тұрақты прологтер мен эпилогтер жоқ. Әдетте, сюжеттің прологында ер-қаһармандарының сырт келбеті, мінез-құлық, іскерлік қасиеттері және әлеуметтік жақтары, яғни кедей шаруадан шыққандығы, белгілі бір кәсіп иесі немесе мектеп оқушысы екендігі баяндалады, кейде бас кейіпкердің меншігіндегі жанды да, жансыз да зат атаулары санамаланып кетеді. Мәселен,С.Сауытбековтың «Қара қауырсын және асыл қасиет» ертегісі төмендегіше басталады: «Ертеде Сәуір деген батыр өмір сүріпті. Оның бір қыста қырық қасқыр алған Қаһар атты қыран бүркіті отыз түлкі, алты арқар, елу елік ұстаған Ақтөс деген иті, Боран атты бурыл тұлпары болыпты. Мысалы, халық ертегісінің негізінде жазылып, жаңаша әңгімеленетін шығарма -А.Сейдімбектің «Төрелік» ертегісі. Сонымен қатар М.Тиесовтің «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» аңызы былайша өріледі: «Ханның жампоз атан деген түйесі болыпты. Бұл жампоз атан ханның ханымы келіншек болып түскенде ақ отауының шаңырақ түйесі болып келген боз інгеннің ботасы екен. Ханым өзімен бірге келген ботаны өте жақсы көріпті. Бота әйдік атан болыпты. Ауыр жүкке мықты, алыс жолға өте төзімді болғандықтан ол жампоз атаныпты

Дегенмен, қазақ балалар прозалық әдеби ертегілерінің арасында жазушы стиліне байланысты туған жаңа бастама түрлері де бар. Жазушы өз ертегісі мазмұнының, оқиғасының қызықты болуын ғана қадағаламайды, оның баяндалу (жазылу) мәнеріне, оқырманды бірден өзіне тарта білу, ойландыра білу қабілетіне, танымдық мақсатына және көркемдігіне де көп көңіл бөледі. Қорыта айтқанда, М.Тиесовтің балалардың ой-санасы, дүниетану дәрежесіне лайықталып жазған ертегілеріндегі, шығармаларындағы қиял-ғажайыптар, шытырманды оқиғалар, фантастикалық кейіпкерлерге тән қасиеттер жасөспірімдердің, балдырғандың ойына қозғау салады, ақыл-ой қызметінің дамуына, ой-өрісінің игі ықпалын тигізеді. Оның шығармаларын балалардың сүйсіне оқитындығы, ықыласпен тыңдайтыны қаламгер дүниелерінің көркем, әрі жеңіл тілмен жазылғандығында, жас ұрпақтың жас ерекшеліктерін басты назарда ұстап, солардың сұраныс-талабына сәйкес ұсына білгендігінде болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қабанбаев М. Туған өлке өрнегі// Қазақ совет жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы. – Алматы: Жалын, 1987. – 177-192 бб.

  2. А.Ш.Жүсіпова, А.М.Семізтаева. Қазақ балалар әдебиеті және Марат Қабанбай.//Хабаршы. Л.Н.Гумилев ат.Еуразия университетінің ғылыми журналы.№3(106). – Астана, 2015, – 116-117 бб.

  3. Әуесбаева П. Ертегі сюжетіндегі негізгі мотив мәні.//Ақиқат, №9, 2009.–61-б.

  4. Қасқабасов С.А. Ел зерде. – Алматы, 2008.– 239-б.

  5. Аманжол Әлтай. Балаларға арналған қиял-ғажайыпты поэзия.//Ақиқат, №9, 2009. 58-б.


REFERENCES

1.Kabanbaev M. Tugan olke ornegy// Kazakh sovet balalar zhazushylary: Kalamgerlyk omyrbayan zhynagy. – Almaty: Zhalyn, 1987.P. 177-192.

2. A.Sh.Zhusupova, A.M.Semiztaeva. Kazakh children's literature anf Marat Kabanbay// Hereald. Scientific journal. L.N.Gumilov Eurasian national University. №3(106) – Astana, 2015. P.116-117.



3. Ayesbaeva P. Ertegy syujetyndegy negyzgy motyv many.//Akikat, №9, 2009. –P.61.

4. Kaskhabasov S.A. El zerde.–Almaty, 2008.–P.239.

5. Amanjol Altai. Balalarhga arnalhgan kiyal-hgajaiypty poezya.// Akikat, №9, 2009. –P.58.
Тойганбекова Майра Шодановна, Наралиева Рахила Турсыновна, КазНУ имени аль-Фараби.

Казахская детская литература – духовная основа национальной культуры.

Ключевые слова: казахская детская литература, кругозор, значение, воспитание, направление, познание, развитие.

В статье авторы рассматривают роль и значение детской литературы в казахской литературе. Авторы считают, что детская литература с научной точки зрения, является неотъемлемой частью национальной культуры. Анализируя мнения, взгляды и высказанные мысли-выводы известных ученых литературоведов и критики критиков, авторы подчеркивают, что детская литература является важным средством в воспитании молодого поколения. Развивает кругозор и мировоззрения подрастающего поколения и огромную роль играет в развитии детей.


Toyganbekova Mayra Sһodanovna, Naraliyeva Rakhila Tursynovna, senior Lecturers Kazakh National University, Al-Farabi. Kazakh child's literature is spiritual foundation of national culture.

In the article authors about the rol of child's literature in Kazakh literature. Child's literature study from the scientific point of view, that by inalienable part of national culture. Analysing opinions, looks and outspoken ideas-conclusions of well-known scientific literary critics and criticism of critics, underline that important means in education of the young generation is child's literature. The сhild's literature, their Range of interests and world views of rising generation, an enormous role plays development of children.



Kewwords: Kazakh children's literature, intellect, educational value, direction, Outlook, development
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет