Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет7/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Критериалды бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі, 
сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы əкімшілік, педагогикалық ұжым 
арасындағы үнемі байланысты, білім беру үдерісінің толықтай, жүйелі 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 
 
Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да: 
Білім алушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? - екенін түсінеді. 
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері: 
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп 
отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін 
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
– ата-аналарға оқу нəтижелерінің деңгейлері туралы;
– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар 
ұсыну. 


8
Критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементтері: 
- оқытудың нақты нəтижелерінің тізбесінде (оқу бағдарламасы 
шеңберінде меңгеру деңгейлері анықталған оқу мақсаттары) көрініс табатын 
тақырыпты (сабақты) меңгерудің критерийлерін дəл анықтау; 
- негізгі мақсаты түзету оқу процедураларының қажеттілігін анықтау 
болып табылатын тексеру жұмыстарын əзірлеу; 
- оқу материалын жекелеген бөліктерге (оқу бірліктеріне) бөлу, оқу 
барысында қол жеткізілетін сипаттамасы бар (дескрипторлары бар) 
нəтижелерді (критерийлерді) анықтау, əрбір оқу бірлігін оқып-үйренуде 
мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін ағымдық тексеру жұмыстарын əзірлеу; 
- оқытудың сəйкес келетін əдістерін таңдау, оқыту тапсырмаларын 
құрастыру;
- əр тапсырмаға альтернативті түзету материалдарын əзірлеу.
Осындай тəсілдеме шеңберінде бағалау мен өзін-өзі бағалаудың əртүрлі 
формалары, əдістері жəне түрлері пайдаланылады. Бұл ретте мұғалім алдында 
келесі бірқатар қағидалар туындайды: 
- баға арқылы білім алушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана 
бағалана алады;
- білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен 
емес, эталонымен (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) салыстырылады; 
- нақты тапсырмалардың əртүрлі формалары, сондай-ақ мінсіз 
орындалған 
тапсырмалардың 
анық 
жəне 
айқын 
сипаттамалары 
пайдаланылады; 
- білім алушыларға эталон алдын ала белгілі болады; 
- білім алушы өзінің жетістік деңгейін жəне бағасын өзі анықтауына 
мүмкіндік беретін бағаны шығарудың нақты алгоритмі əзірленуі тиіс. 
Рефлексия білім алушының тұлғалық дамуының міндетті шарты, оның 
дамуына қажетті компонент болып табылады; 
- оқушыларды бағалау үдерісіне қосу, өзін-өзі бағалауға талпыну; 
- оқытып-үйреткенді ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау 
критерийі – оқу мақсаттарының нақты көрінісі; 
- пəн бойынша жалпы оқу мақсаттары білім алушылардың сол пəн 
бойынша жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады жəне білім 
алушының жекелеген жұмыстардың көмегімен анықталған нəтижелерін 
жалпылауға мүмкіндік береді. 
Критериалды бағалау оқу бағдарламасының мазмұнына, бақылау іс-
шараларының формаларына, білім алушылардың жеке психологиялық-
педагогикалық 
ерекшеліктеріне 
сəйкес 
жүзеге 
асырылады; 
білім 
алушылардың оқу жетістіктерін аралық жəне қорытынды бақылауды тұтас 
пайдаланылатын қалыптастырушы жəне жиынтық бағалаудың бірлігі 
негізінде; білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау үдерісінің 
сипаттамасы ретіндегі саналылық негізінде; осы технологияны пайдаланудың 
тиімділігіне педагогикалық диагностика өткізуде іске асырылатын 
диагностикалық негіздерінің бірлігі негізінде жүзеге асырылады. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет