Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Мысал №3. Математика 2 сынып  Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет15/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Мысал №3. Математика 2 сынып 
Тақырыбы: Есептер жəне математикалық модель 
Оқу мақсаты: 2.5.1.8 Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген
амалдар түрінде модельдеу жəне шығару. 
Бағалау критерийі: 
• Құрама есептерді дұрыс модельдейді. 
• Есептің шешуін жекелеген амалдар немесе санды өрнек түрінде жазып көрсетеді. 
Тапсырма. 
Есептің сызбасын толықтыр. Есептің қысқаша шартын жаз, шешуін тап, 
жауабын жаз. Аулада 22
жəне одан 7-еуі кем жайылып жүр. Аулада неше 
лақ жайылып жүр? 
Шарты:______________ кем 
Шешуі: __________________________________ 
Жауабы:______________________________________________________________ 
Дескриптор: - шартын жазады;
- шешуінде амалды дұрыс қолданады; 
- мəнін табады; жауабын жазады;


21
бойынша жүргізіледі. Ол үшін мұғалім дұрыс жауабын тақтаға іледі немесе 
дауыстап оқып беру арқылы тексертеді. «Кімде қандай қате кетіпті? Неге?» 
сұрағы арқылы əр оқушыға өзіне талдау жасатып, не үшін білмегенін анықтап 
(мысалы оқушы: «кем» деген сөзге мəн бермеппін немесе мəнін табуда 22 ден 
7- ні азайтуда қателестім немесе қысқаша шартын жаза алмадым немесе 
жауабын жазуды ұмытып кетіппін т. б ) оқушының рефлексия жасай алуы 
мұғалім үшін мықты кері байланыс болмақ [10].
Мұғалім «Сол қатені екінші жібермеу үшін не істейсің?, Оны қалай есте 
сақтайсың?» деген сұрақтарға жауап алу арқылы оқушының ішкі сенімін 
арттырады. 
Мысал №5.
Дүниетану пəні бойынша 2 сынып
Тақырып: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік 
Оқу мақсаты: 2.1.4.3 Көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату. 
Бағалау критерийі: 
• Көлік түрлерін ажыратады жəне олардың қызметін сипаттайды 
Тапсырма 
Суреттердің астына көліктердің атауын жаз. 
 
Оларды 3 топқа бөл. Сəйкес бағанға суреттің нөмірін жаз. 
Жер үсті көліктері
Су жолы көліктері
Əуе жолы көліктері 
• Тағы қандай көліктер аталмаған? Кестенің əр бағанына 1 көлік атауын жаз. 
• Ауылдық жерлерде тағы қандай көліктер пайдаланылады? 
• Көліктер не үшін қажет?
Жұпта ой бөліс. 
Дескриптор: 
− суретте бейнеленген көліктердің атауын жазады; 
− көліктерді түрлеріне қарай ажыратады; 
− ауылдық жерлердегі көлік түрлерін атайды; 
− көлік түрлеріне мысал келтіреді; 
− көліктердің қажеттілігі туралы əңгімелейді. 


22
Бұл типтес ҚБ тапсырмаларының көлемін сабақтың SMART 
мақсатындағы бөлінген уақытқа байланысты, оқушының жаттығу дəрежесіне 
байланысты көбірек немесе шағын түрде жүргізуге болады. Мысалы: - 
Сағаттың қанша болғанын жазуға- 2 тапсырма, ал көрсеткіш бойынша суретін 
салуға - 2 тапсырма ұйымдастыруға болады. Мұғалім əр оқушыны өзі жіберген 
кемшілігі бойынша «Мен мұны қалай түзетуіме болады?» деген тақырыпта ой 
қозғау ұйымдастырып, өздігінен жұмыс істеуге бағыттайды. 
Жұпта орындауға беріледі. Жұптар жұмыстарын қорғау барысында 
тыңдай отырып, келесі топтар дəлелді түрде толықтырып отыруына мүмкіндік 
туғызу қажет [10,14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет