5. ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
5.1. Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы заңы
Қызметтерді еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы. Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының 12.03.2004 ж. «Тіршілік және еңбек қауіпсіздігі» заңына сәйкес қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің, алдын-алу қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды. Еңбек корғау дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу, алдын-алу шараларын білдіреді. Еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қызметтер, кәсіпорындар жаңадан құратын ассоцацияларды, корпорацияларда, концерндерде басқа да бірлестіктерде құрылу тиіс.
Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері кәсіпорындарда тиісті органдармен келісім бойынша еңбекті қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі-ережеге сәйкес әрекет ететін енбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылады. Еңбекті қорғау қызметі өзінің мәртебелі жағынан негізгі өндірістік қызметтермен теңеледі. Және кәсіпорын басшысына бағынады.
5.2. Жолды жөндеу және күту жөніндегі қауіпсіздік техникасына негізгі талаптар
Қия жол бөліктерінде, доңғалақты базасы технологиялық жабдықтар мен көмекші құралдарды орнату кезінде доңғалақтардың өзінен-өзі тербелу мүмкіндігін жоятын шаралар қолдану қажет. Жұмыстар өндірісінің зонасынан жол машиналарының, механизмдерінің және технологиялық транспорттардың шығуы тек қана жұмысшы-реттеуші сигналы бойынша және жол қозғалысы Ережелерін бұзбай жүзеге асырылуы керек. Ерекше сақтылықты көшелер мен жолдарды механикаландырылған жинау кезінде сақтау қажет, себебі бұл жұмыстарды технологиялық зонаны қоршаусыз, транспорт ағынымен өз-ара әсерлессе қозғала отыра орындайды. Жұмыс процесінде жинау машиналары біркелкі жылдамдықпен қозғалып отыруы керек және мүмкіндігінше жүріс бөлігінің ені бойынша өзінің орнын өзгертпеу керек. Жүріс бөлігінде тұрған автомобильдерді айналып өтуді, асықпай, көрші жолаққа тез шықпай жүзеге асыру керек.
Қар үйінідісі жүріс бөлігінің өсінде орналасқан кезде, қар артушы кез-келген бағытта қозғала алады, ал қар тиелген машиналар тек қана оңға қарай бұрылып, транспорт ағынына кіріп кете алады. Қар артушы мен машина жүргізушілерінің арасындағы байланысты реттеуші-жұмысшы жүзеге асырады. Осы арыктан қарды жинау кезінде қар артушының жанында жаяу жүргіншілер жолында тұру керек, ал қар артушының жүріс бөлігінің ортасындағы жұмысы кезінде, реттеуші-жұмысшы қозғалып келе жатқан транспорт құралдарына қарсы бетте, тиеуге келе жатқан машинаның оң жағында тұруы керек. Түнгі уақытта, жүріс бөлігінде орналасқан жұмысшы-реттеушінің орны мен қар үйіндісі қар артушының жарық көздерімен жарықтандырылуы керек.
Бұл кезде технологиялық транспорттың, механизмдер мен машиналар жұмыстарының технологиялық зоналары, жұмысшылардың қозғалуының қауіпсіз зоналары көрсетіледі, саймандар мен материалдардың қоймалық орындары, машиналар мен механизмдердің қолданылу сипаты, технологиялық операцияларды орындау тәртібі, жұмысшылармен, жүргізушілермен және операторлармен берілетін белгілер анықталады.
Жұмысшылардың, жол машиналар жүргізушілердің және механизмдер стераторларының іс-әрекеттері жұмыс өндірісінің басында келісіліп қойылады. Жолдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын тек қана қоршауларды орнатқаннан кейін және арнайы белгілерді қойғаннан кейін орындау қажет. Жол белгісін жөндеуге дейін жүріс бөлігіне жол-құрылыс материалдарын және өнімдерін әкелуге, машиналар мен механизмдерді және жабдықтарды қоюға тиым салынады. Қолданылып жатқан машиналар, механизмдер, жабдықтар мен саймандардың техникалық жағдайы жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін шараларына сай келуі керек. Жүріс бөлігінде және жаяу жүргіншілер жолында жұмыс істейтіндер, механизмдер операторлары мен жол машиналарының жүргізушілері ашық-сары түстегі сигналды жилеттер киюі керек. Тәуліктің қараңғы уақытындағы жұмыстар кезінде жарықшағылыстырғыш бояуы бар жилеттерді қолдану керек. Жол жұмыстарының өндірісі және ұйымдастыру кезінде бақытсыз жағдайлардың алдын-алу және үздіксіз технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану қажет. Жол жұмыстарының өндіріс жоспарының негізіне жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін нақты іс-шаралар кіргізілуі керек.
Жолды жөндеу кезіндегі технологиялық операциялар тек қана қоршалған зона шегінде орындалады. Машиналар мен механизмдер бір-бірінен қауіпсіз ара-қашықтықта жұмыс жасауы керек. Ол қозғалысты дыбыстық сигналдан кейін істеу керек. Бұл кезде, артқа қарай қозғалыс тек қана осы жұмыстарға қатысып отырған адамдардың бұйрығымен ғана бастауға рұқсат етіледі. Машиналар мен механизмдердің жұмысшыларға кемінде 3м қашықтыққа жақындауға тиым салынады. Механикаландырылған
бөлімшенің жұмыс зонасында жұмысшылар болмау керек. Машиналардан және механизмдерден түсуді және мінуді, сонымен қатар тіркелген агрегаттарды ағытуды немесе жабдықтарды шешеді тек қана олар тоқтағаннан кейін орындау қажет.
Нақты жол және комуналды машиналармен және механикаландырылған механизмдермен, технологиялық жабдықтармен және механикаландырылған саймандармен жұмыс жасау кезінде, оларды пайдалану бойынша инструкцияларға сай арнайы техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.
Егерде жаяу жүргіншілердің, жұмысшылардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдайлар немесе транспорт құралдарының қозғалысында авариялық жағдайлар туа қалса, жұмыстарды қауіпті жойғанға дейін тоқтату қажет. Орындалуы кезінде бақытсыз жағдайларға алып келетін техника қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келетін жұмыстарды орындауға тиым салынады.
Жол жабындарын жинау технологиясы, қар артушылардан басқа, жол машиналарының транспорттық ағынға қарсы қозғалмауы керек, қар артушылар белгіленбеген жерлерден айналып өтпеуі керек. Жүріс бөлігінің арығында жатқан қарларды арту кезінде, қар артушылар транспорт ағынына қарсы қозғалуы керек. Ал тасуға бара жатқан машиналар қардан тазартылған жолақ бойынша артушының артынан артқы жүріспен жүріп, артып біткеннен кейін транспорт ағынын қиып өтпей оған сіңіп кетуі керек.
5.3. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекеттеріне жіберілген автомобильдер лайдан және қардан тазаланып, жуылуы керек. Көтергіште автомобильге қызмет көрсету кезінде көтергіштің басқару тетігінде «Тиіспе автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр» деген жазу ілінуі керек. Жұмыс орнын шаңнан, ағаш үгіндісінен, басқа металл үгіндісінен тазарту тек қана щеткалармен рұқсат етіледі. Шаңды, ағаш және металл үгінділерін қысылған ауамен үрлеуге тиым салынады. Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қажетті құрылғылармен, приборлармен, инвентарьмен, саймандармен жабдықталған арнайы орындарда жасалады. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекеттерінің орналасуы, осы бекеттерде қойылған автомобильдер арасындағы ара-қашықтық, сонымен қатар автомобильдер мен ғимарат конструкциялары арасындағы қашықтықтар ОНТП-01-86-ге сай келуі керек.
Автомобильге жөндеу және қызмет көрсетуші жұмысшылар арнайы құрал-саймандармен жабдықталуы керек.
Салмағы 15 кг немесе одан да көп агрегаттар мен бөлшектерді шешу немесе орнату кезінде арнайы құралдармен шешуге жабдықталған көтеруші транспорттық механизмдерді қолдану қажет.
Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету зонасында тиым салынады:
- Қозғалтқыштарды, агрегаттарды, бөлшектер мен детальдарды тез тұтанатын сұйықтармен (бензин, еріткіш және т.с.с.) жууға;
- Тез тұтанатын және жанатын сүықтарды, қышқылдарды, кальций корбидін және тағы басқаларды сақтауға;
- Автомобильдерге отын құюға;
- Таза, сүртетін материалдарды, қолданылғандармен бірге сақтауға арналған.
5.4. Жылжымалы құрамның жабдықтарына және техникалық жағдайына талаптар
Адамдарды тасымалдауға және осы мақсаттарға арнайы жабдықталған жүк автомобильдері мен автобустары қосымша екінші өрт сөндіргішпен жабдықталуы керек. Бұл кезде бірінші өрт сөндіргіш жүргізуші кабинасында тұрса, екіншісі - автобустың жолаушылар салонында немесе автомобиль кузовында орналасуы керек.
Автомобиль кабиналарына келесі талаптар қойылады:
- беттік және жандық терезелерінде көруді қиындататын қараңғылық және сызат болмауы керек;
- бандық терезелер қолменен немесе арнайы механизмдермен қозғалуы қажет;
- бүк автомобильдерінің кабинасында және жеңіл автомобильдердің кузовында салон ішінде және автобус кабинасында зиянды заттардың құрамы төмендегідей тағайындалған санитарлы нормалардан аспауы керек:
- оттегі тотығы - 20 мг/м3; акролеин - 0,2; азот тотығы - 5; бензпирен 0,00015; бензин буы - 100; бутан-200; пропан- 180.
- қоректендіру, майлау және салқындату жүйелерінде отын, май, антифрид және су ақпау керек.
- капот астындағы кеңістікке газды жібермейтіндей, қозғалтқыш вентиляциясы жақсы жұмыс істеуі керек.
- шыққан газдағы зиянды заттардың құрамы МЕСТ 17,2,2,03-87 тағайындалған мөлшерден аспауы керек.
- доңғалақ дискілері ступицаға мықты қатырылуы керек. Доңғалақ дискілерінің майысқанына, сызат түсуіне жол бермеу керек.
5.5. Автотранспорттық тұрақтарындағы және гараждарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары
Автомобиль саны 5-ке дейін гараждарда детальдарды керосинмен жуу, қажетті өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып, автомобильдерді жөндейтін арнайы орындарда жүргізіледі.
Автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсетудің барлық орындарында келесі өрт қауіпсіздігі шаралары сақталуы тиіс:
1. автомобильдердің тұрақтан желіге шыққаннан кейін және әр смена жұмысы соңынан кейін бөлмелерде және қарау шұңқырларында қалдық және қоқымдарды жинап алу керек.
2. төгілген май және отындар дер кезінде құм немесе ағаш үгіндісі көмегімен тазалап, қолданылған құмды және ағаш үгіндісін жинап гараж сыртында орналасқан қақпағы бар арнайы темір жәшіктерге тастау керек.
Автомобильдерді гараждарда, бастырма астындағы тұрақта, арнайы алаңдарда орналастыру, гаражсыз сақтау үшін гараждар құрылыстық нормаларға сай келуі керек.
Тез тұтанғыш сұйықтарды таситын автоцистернаны сақтау орындары басқа орындардан алшақ тұруы керек.
Автомобильге отын құю, ЖЖМ қоймасы жанындағы арнайы алынған алаңда жүргізілуі керек.
Машиналарды қыздыру үшін ашық отты қолдануға тиым салынады. Бұл үшін ыстық су мен бу қолданылады.
Гараждарда қолданылатын қозғалмалы лампалардың кернеуі 36 В-тан аспауы керек.
Гаражда, автомобильді жөндеуде, сонымен қатар бастырма астындағы автомобиль тұрақтарында және ашық алаңдарда тиым салынады:
1. Ашық отты қолдануға, темекі шегуге және күйдіргіш лампалармен, қозғалмалы пісіру аппараттармен жұмыс істеуге;
2. Бензо багінің қақпағы ашық автомобильді ұстауға;
3. Аккумулятор батареяларын зарядкілеуге;
4. Осы орындарға қатысты жабдықтардан басқа да қандай да бір заттарды және материалдарды сақтауға;
5. Автомобиль кузовын және детальдарын бензин немесе керосинмен жуу;
6. Автомобиль бактарында бензиннен басқа жанармайларды сақтауға арналған.
5.6. Бақытсыз жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек
Автомобиль транспорттық әр жұмысшысы алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге, жарақаттанушыны транспорттау әдістеріне, аптечканың құрамын және орналасқан жерін білуге үйретілуі керек. Улы және зиянды заттармен байланысты жұмыс орындарындағы аптечкаларда жалпы медикамент түрлерінен басқа ас содасының, бор және лимон қышқылы ерітіндісі, комфора, күйдірілген магнезия, глаубер тұзы болуы керек.
Аптечканы тек қана жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету үшін ғана пайдалану керек. Бақытсыз жағдайдың куәгері болған немесе жарақаттанушыны тауып алған жұмысшы міндетті:
1. жарақаттанушы фактордың әсерінен жарақаттанушыны босату шараларын жасауға;
2. жарақаттанушыны дәрігерлік пунктіне жеткізу керек, ал оны жеткізу мүмкін болмаған жағдайда дәрігерді оқиға орнына шақырады;
3. дәрігерлік пункт жоқ болған кезде «жедел жәрдемді» дереу шақыру керек.
5.7. Жарықтандыру және электро-қауіпсіздік
Бөлмелер және жұмыс орындары, жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін жеткілікті жарықтармен қамтамасыз етілу керек. Адамның қауіпсіз болу және қозғалуы ҚНжЕ П-4-79, ҚНжЕ 3.05.06.-85 талаптарын қанағаттандырады. Өндірістің жұмыс орындарын жарықтандыру кемінде 5 л.к. болу керек. Барлық элетрожабдықтар сенімді жерленуі керек. Табиғи жарықты түсуіне байланысты 3 жүйеге: жанымен, жоғарыдан және қиыстырылған болып бөлінеді. Нормалық өлшем ретінде салыстырмалы өлшем бірлігі және табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) алынады.
Өндірістік, көмекші және тұрмыстық орындарда кәдімгі жарықтандыру 11-4-79 ҚНжЕ-дің талаптарына сай келуі керек. Күн жаққа қарайтын терезелер тіке күн сәулелерінен қорғайтын Құрылғылармен жабдықталуы керек. Терезелерді және басқа да жарық саңлақтарын материалдармен, жабдықтармен т.с.с. бекітуге тиым салынады.
Жоғары фонарлардың жарық саңлақтары торланған шынымен жабылу керек немесе фонарь астында кездейсоқ түсетін шыныдан сақтайтын металл тор ілініп тұру керек. Шыныларды тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы құрылғыларды пайдалану керек. Қолдан жарықтандыру, электро-жабдықтар және сымдар.
Ол бөлме ішінде берілген нүктенің жарықталуының Е б.і. сол мезеттегі сыртқы горизонталь, сәуленің ауада шашырап таралуымен пайда болған, жарықталуына Еа қатынасымен, процентпен көрсетеді:
Мен есептегелі отырған Оңтүстік Қазақстан Ішкі Істер басқармасы Жол полиция басқармасының ғимаратындағы «Техника қауіпсіздігі» бөлмесінің табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) төмендегіше анықталады:
Аспан жарығынтөмендегіше анықтаймыз:
мұндағы 12% - терезенің ластануын түзету;
35% -терезенің үстіңгі жағындағы колхон түзету;
50% - жазда талдардың көлеңкесіне түзету;
75% - қыста талдардың көлеңкесіне түзету.
5.8. Азаматтық қорғаныс
Техногендік сипат алған төтенше оқиғалар кезінде, мысалы өрт кезінде, адамдарды эвакуациялау жолдары ретінде шығу жолдарына алып баратын және адамдардың эвакуациялау үшін қажетті уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін барлық өтпелер, коридорлар, алаңшалар, басқыштар қызмет етеді. Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялау үшің ұтымды және қолайлы жағдай туғызылуы қажет, Төтенше жағдайлар, ереже бойынша табиғи және техногендік сипат алуы мүмкін. Табиғи сипат алған төтенше жағдайларға өнеркәсіптік, транспорттық және т.б. мекемелер тудырған төтенше жағдайлар жатады. Аталған кәсіпорындарда азаматтық қорғаныс бойынша практикалық дағдылар, іс-шаралар жүйелі түрде орындалуы қажет. Оның мақсаты жұмысшылар мен қызметкерлерге азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар, практикалық дағдылар алдыру болып табылады.
Бөлмелер мен ғимараттардың ішінен адамдардың эвакуациясын қамтамасыз ету үшін адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты осы үшін қажетті уақыттан аспауы қажет. Адамдарды эвакуациялаудың есептік. уақыты адамдар ағынының жекелеген учаскелері бойынша қозғалысының қосынды уақыты ретінде анықтайды.
Төтенше жағдайлар кезінде төмендегідей жағдайларда сигналдар беріледі:
1. Әуе дабылы;
2. Әуе дабылының тиылуы;
3. Радиациялық қауіптілік;
4. Химиялық дабыл.
Әуе дабылы - тұрғылықты халыққа ескерту есебінен қарсылық келе жатқанын, қауіптің төніп тұрғанын хабарлайды. Хабарлау алдын-ала 2-3 мин бұрын радиода, теледидардан, басқа да құралдардан беріледі. Сигналдар «Назар аударыңыздар!», «Азаматтар!», «Әуе дабылы!» деген сияқты сөздермен беріледі.
«Әуе дабылы!» сигналын естіген әрбір тұрғын жұмыста болған жағдайда:
- өндірістік орындарда қарастырылған барлық іс-шараларды орындап, жұмысын тоқтату;
- ішкі және сыртқы жарыкты өшіру, жасанды жарыкты пайдалану;
- противогаздарды киіп, оны бекіту;
- тез арада паналау ғимаратын табуы тиіс;
- көлік жүргізушілері тез арада көлігін тоқтатып, есіктерді ашып, электрмен қамтамасыз ететін көлік құралдарын тоқтатып, пана іздеу қажет.
Әуе дабылының тиылуы сигналы берілгеннен кейін қауіптің беті қайтқаны туралы хабарлайды. «Радиациялық қауіптілік» сигналы жақын уақытта ауданды, халықты радиациялық қауіптілік болатыны туралы ескертеді. Бұл кезде радиодан, теледидардан 2-3 минут аралығында «Назар аударыңыздар! Азаматтар! Радиациялық қауіптілік!» деп хабарланады.
Сигналды естіген кезде әрбір тұрғын:
- респиратор киіп, ОЗК, аяк киім, резина колғап, т.б. да сақтандыру құралдарын пайдалану қажет;
- дайындаған азық-түлік, су, медикаменттерді алып радиацияға қарсы паналау ғимараттарына жасырыну қажет.
5.9. Өртті су жабдықтау
Жұмыс орындары мен ішкі ортаға радионуклидтердің таралуын болдырмау, соған тиісті жобалау, қажетті радиациялы бақылау мен санитарлы кіргізу тәртібін ұйымдастыру, радиоактивті заттарды тасымалдау жағдайларын жасау, индивидуалды қорғаныс құралдарың пайдалану, дезактивациалы жұмыс жүргізу, сонымен қатар шаң газ тұту, жылу беру, су жабдықтау және су алу қондырғыларын жүргізу, онда радиоактивті заттармен жұмыс жүргізіледі.
Қалыпты метеорологиялық жағдаймен қамтамасыз ететін іс-шараларға келесілер жатады:
- ауыр және көп еңбекті жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру, бұлардың орындалуы барысында адам ағзасына жылу бөлінеді;
- дистанционды басқару - жылу бөлгіш процестер мен аппараттармен, мұнда жұмысшылардың инфор күлгін сәулелену аймағынды болуын шектейді;
- рационалды орналастыру және қондырғы, аппараттар, коммуникация және басқа жұмыс орнына жылу бөлетін көздері жылылықты шығармайтындай етіп ораналастыру;
- қатты қызып кетуден сақтандыру мақсатында рационалды сулы тұзды тәртіпті ұйымдастыру; қондырғыларының бұзылуы, ғимараттардың конструкциясы, коммуникациясының қирауы және олардың шишалары, естен шыққан аппараттардан бөлінетін зиянды заттардың мөлшері және тағы басқалар;
Өртті су жабдықтау – су жабдықтау жүйесінің бір түрі; көп жағдайда өндіріс ғимараттарында орналастырылады. Өртті су жабдықтау өндірістерде өрттік ликвидациялауға арналған. Бұл су жабдықтау түріне жасанды және табиғи су қоймалары, өрт су қоймалары - резервуалар мен өртке қарсы су жүйелері жатады. Өртті су қоймалары климаттық жағдайларға байланысты жерлік, жер асты және жартылай жер асты болуы мүмкін.
- адамдардың қауіпсіздігі объектінің кез келген жерінде өрт шыққан жағдайда жүргізілуі қажет, ал объектінің қауіпсіздігі оның авариялық жағдайында да жұмысшы қалпында сақтап қалу.
Құтқарушылар жарылыстан кейін 7 сағаттан соң жұмысқа кірісіті. Жұмыстар жөндеу-механикалық цехында қорғау коэффициенті 10 жүргізілді.
1) Жарылыстан кейін 1 сағаттан сон радиация шетін мына формула бойынша анықтаймыз
Мұндағы Р0 - жарылыстан кейін t0 уақытындағы радиация шегі;
Рt - қарастырылған уақыттағы радиация шегі;
Rt - радиация шегін есептеу коэффициенті, кесте бойынша анықтаймыз [35]
2) Жарылыстан кейін 7 сағаттан соң радиация шегін анықтаймыз (жұмыс басында)
3) Жарылыстан кейін 9 сағаттан соң радиация шегін анықтаймыз, жұмыс 2 сағатта жүргізіледі:
4) Сәуленің мөлшерін формуласымен есептейміз:
Мұндағы Рор - радиацияның орташа шегі, оны келесідей анықталады:
Мұндағы Рор және Рс – радиацияның бастапқы және соңғы радиация шегі;
Т – ластанған аймақты болу уакыты [35]
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
6.1. Іштен жану қозғалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін әсерін талдау
Қазақстан Республикасы мен Шардара қаласы үшін негізгі проблемалардың бірі ол транспорт құралдарының ескіруі, сатылудағы жанар-жағар майлардың төменгі сапасы сапасы болып, ол қоршаған ортаның өте жоғары деңгейде ластануына әсер етеді. Күкірттің қос тотығы пайдаланылған газдардың құрамында тек қана егер күкірт пайдаланушы жанармай құрамында болса ғана болады дизель отыны. БҰҰ мәліметтері бойынша автомобильдің жалпы саны 2000 жылы 700 млн. асып түсті. Қазақстан Республикасында бұл проблема мемлекеттік деңгейде шешілуде. Іштен жану қозғалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын улы заттарының арасында пайдаланылған газдар мен қартерлік газдардың және де карбюратор мен жанармай багынен шығатын жанармай буының алатын орыны ерекше. Улы газдардың негізгі бөлігі сыртқы қоршаған ортаға негізінен іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарымен шығарылады. Ал қартерлік газдар мен карбюратор мен жанармай багынен шығатын жанармай буымен сыртқы қоршаған ортаға CnHm көмірсутегілерінің шамамен 45 пайызы шығарылады.
Қоршаған орталық ластануына автомобиль көлігінің қосқан үлесі өте үлкен. Дүниежүзілік автомобильдер паркі жылына шамамен 500 млн. тоннадай жанар-жағар май пайдаланады және қоршаған ортаға 300 млн.тоннадай улы заттар, соның ішінде 260 млн. тонна көмірсутегі тотығын, 40 млн. тонна көмірсутегілер және 10 млн. тоннадай азот тотықтарын Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Республикамыздың аса ірі өнеркәсіп қалалары үшін атмосфералық ауаның ластану деңгейі шамамен 13,6 құрайды. Қазақстан Республикасында бұл проблема мемлекеттік деңгейде шешілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары мен қарарлары, ел Президентінің жарлықтары мен арнайы бағдарламалары қабылданып, олар іске асырылуда. Бұлардың ішінен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңын атап өтуге болады. Сонымен қатар 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі бойынша бағдарлама» қабылданып, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 жарлығымен бекітілген. Ауа ортасының ластануы өте шиелініскен және тез шешілуге тиісті проблем болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыс біткелі бері тазаланбаған түтінді ауаға шығарудың көлемі 2000 пайызға өсті.
Іштен жану қозғалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын пайдалынған газдарын сараптау нәтижелері көрсетіп отырғанындай олардың құрамында бірнеше ондаған түрлі улы компоненттер болып, олардың негізгілері 6.1-кестеде келтірілген.
6.1.-кесте Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарының құрамы
Компоненттер
|
Компоненттер құрамы, % есебімен
|
Бензиндік қозғалтқыштар
|
Дизельдік қозғалтқыштар
|
Улылығы
|
Улы емес
|
N2
|
74-77
|
76-7S
|
NO2
|
0,3-8
|
2-18
|
Н2О
|
3,0-5,5
|
0,5-4,0
|
CO2
|
5,0-12,0
|
1,0-10,0
|
Н2
|
0-0,05
|
-
|
Улы
|
CO
|
0,5-12,0
|
0,01-0,5
|
NOx
|
0,8
|
0,0002-0,5
|
CnHm
|
0,2-0,3
|
0,009-0,5
|
Альдегидтер
|
0,2 мг/м
|
0,001-0,09 мг/м3
|
Бензопирен
|
10-20 мг/м3
|
10 мкғ/м3
|
түтін
|
0,-0,4 г/м3
|
0,01-1,1 мг/м3
|
6.1-кестеде келтірілген іштен жану қозғалқыштарының пайдаланылған газдарының құрамын сараптау нәтижесі көрсеткеніндей карбюраторлық қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының улылық деңгейі жоғары. Себебі олардың құрамындағы көміртек тотығының, азот тотықтарының және көмірсутегілерінің пайыздық үлесі жоғары.
Пайдаланылған газдардың улы компоненттері адамдар өміріне кері әсерін тигізеді, тыныс алу жолдарының әртүрлі ауруларының пайда болуын кебейтеді, әртүрлі қауіпті аурулардың пайда болуы мен дамуына әсерін тигізеді.
Сыртқы қоршаған ортаның автомобиль транспортының әсерінен ластануын азайту проблемасы шешу мәселесі - тек қана Қазақстан Республикасының бүгінгі күннің басты да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Дизельдік қозғалтқыштар сыртқы қоршаған ортаға негізінен түтінді немесе бос көміртегіні аса көп мөлшерде шығарғанымен бос көміртегінің өзі аса улы емес.
Бірақ бос көміртегінің бөлшектері жұту мүмкіндігінің жоғары қабілетіне ие бола отырып, өздерінің бойларымен улы заттардың, соның ішінде канцорегендік заттардың, бөліктерін алып жүреді. Бос көміртегі ауада бос күйінде ұшып жүріп улы заттардың адамға тигізетін кері әсерін ұлғайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |