4.4. Жҥктердің табиғи кемуі
Кӛптеген жүктерді тасымалдау барысында олардың массасы азаяды. Тіпті
жүктерді тасымалдау шарттарын тиісінше орындаған жағдайдың ӛзінде бұл
құбылысты толығымен жою мүмкін емес, ӛйткені ол жүктің табиғи қасиеттеріне,
тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жағдайына және жүк массасының кемуін
тоқтататын сенімді техникалық құралдардың жоқтығына байланысты.
Жүк массасы кемуінің бес түрін ажыратады: тозаңдану, шашылу, азаю,
ұшып кету және кеуіп кету.
Тозаңдану мен шашылу ӛзара ұқсас құбылыстар, олар жүкті тасымалдау
және тиеу-түсіру жұмыстары барысында байқалады. Үйінді және ақтарылатын
жүктердің барлығы, сондай-ақ тығыз жасалмаған ыдыстардағы ұнтақ тәрізді
заттар осындай құбылыстың нәтижесінде азаятын болады.
Азаю дегеніміз ыдыстарға құйып тасымалданатын сұйық жүктің ыдыстағы,
сыйымдылықтағы саңылаулардан, цистерналардың құйып алу құралдары арқылы
ағуынан оның бір бӛлігінің ысырап болуы. Азаю сонымен қатар ағаш
бӛшкелермен тасымалданатын сұйық жүктің (май, жеміс шырыны, сығындылар,
шарап, сыра және т.с.с.) диффузиялануы салдарынан да туындайды, ӛйткені бұл
жағдайда сұйықтық ыдысқа сіңіп, оны толығымен ылғалдайды және аздап сыртқа
шығады. Азаюды ыдыстар мен сыйымдылықтарды ауа кірмейтіндей саңылаусыз
етіп жасау жолымен, сондай-ақ тасымалдау және сақтау барысында қажетті
ылғал-жылу режимдерін орындау арқылы жоюға болады.
Ұшып кету дегеніміз – бұл жүктердің кейбір түрлерінің физикалық-
химиялық қасиеттерінің салдары. Мұндай құбылысқа сұйық жүктер де (мұнай
ӛнімдері, сұйылтылған газдар, химиялық ӛнімдер, спирт, эфир шайыр және т.с.с.),
кейбір қатты заттар (нафталин, дәмқабық, ваниль) да ұшырайды. Ұшып кету –
қайтымсыз құбылыс болғандықтан, мұндай қасиеті бар жүктерді саңылаусыз –
герметикалық ыдыстармен тасымалдау керек.
Кеуіп кету дегеніміз – бұл жүктің бойындағы ылғалдың толығымен немесе
ішінара буланып кетуі. Құрамында ылғал болатын жүктер (жемістер, кӛкӛністер, астық,
талшықты, тағамдық-дәмдік, химиялық ӛнімдер және т.с.с.) кеуіп кетуге ұшырайды.
Табиғи кему – бұл жүкті қалыпты технологиялық сақтау және тасымалдау
барысында табиғи себептердің әсерінен жүк массасының азаюы.
|