Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Тасымалдау қҧжаттарының ҥлгілері және оларды толтыруға



Pdf көрінісі
бет59/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

11.4. Тасымалдау қҧжаттарының ҥлгілері және оларды толтыруға 
қойылатын талаптар 
Жүкті тасымалдау үшін теміржол кӛлігімен тасымалдау жұмысының 
барлық қатысушылары үшін бірыңғай тасымалдау құжаттары толтырылады. 
Мұндай тасымалдау құжаты – кӛліктік теміржол жүк қағазы тӛрт парақтан 
тұрады: 
1-парақ – жүк қағазының түп нұсқасы (тасымалдаушы жүк қабылдаушыға 
береді); 
2-парақ – жол ведомосы (тасымалдаушы мен тасымалдау жұмысына 
қатысушылар үшін қажетті мӛлшерде толтырады, оның ішінде жүк тасымалдауға 
қатысатын әрбір инфрақұрылым үшін кемінде екі қосымша дана – біреуі осы 
инфрақұрылымға кіретін теміржол стансасы үшін, екіншісі – инфрақұрылымнан 
шығатын станса үшін толтырылады); 
3-парақ – жол ведомосының түбіртегі (тасымалдаушыда қалады); 
4-парақ – жүктің қабылданғаны туралы квитанция (жүк жӛнелтушіде 
қалады). 
Жүк қағазының түпнұсқасы жол ведомосымен бірге жүкпен қоса жүк 
баратын стансаға жӛнелтіліп, онда жол ведомосына қолы қойылған соң жүк 
қабылдаушыға беріледі. Кӛлік қағазы жүк тасымалдау шартының жасалғанын 
білдірсе, жол ведомосы – есеп айырысу – қаржылық және ақпараттық маңызы бар 
құжат болып табылады. Жол ведомосы бойынша атқарылған тасымалдау кӛлемі, 
олардан түскен кіріс мӛлшері, есеп айырысудың дұрыстығы, жүкті жеткізу 
мӛлшерінің орындалуы анықталады, жол ведомосын біріге ӛңдейтін кешеннің 
автоматтандырылған жүйесін ақпараттық қамтамассыз ету ісі жүзеге асырылады. 
Жүктің қабылданғаны туралы квитанция жол ведомосының түбіртегінде 
тиісті графаға қол қойған соң жүк жӛнелтушіге беріледі, ол жүк тасымалдау 
шартының жасалғанын растайды, жүк жӛнелтушіден жүктің тасымалдауға 
қабылданғанын куәландырады. 
Жол ведомосының түбіртегі жӛнелту стансасында қалады. Ол есеп беру 
және жол ведомосын біріге ӛңдейтін кешен мен ТЖ АБЖ (АСОУП) жүйесіне 
хабарлама жасау үшін пайдаланылады. 
Жүкті вагондармен, ұсақ жӛнелтілімдермен, сондай-ақ тасымалдаушыға 
қатысы жоқ бос вагондарды тасымалдау тӛмендегі үлгілердің біреуімен 
ресімделеді: 
1-парақ – ГУ-27 үлгісінің бланкісінде, 2-, 3,- 4-парақтар – ГУ- 29у-
ВЦ машинкамен басылған үлгісінде ресімделеді. 1-парақты жүк жӛнелтуші 
толтырып, одан әрі толтыру үшін тасымалдаушыға береді. 2-, 3-, 4-парақтарды 
тасымалдаушы 1-парақтың негізінде компьютерлік әдіспен толтырады. 
1-, 2-, 3-, 4-парақтар – ГУ29-0 үлгісінің бланкасында ресімделеді. Кӛлік 
қағазының 1-, 2-, 3-, 4-парақтарын жүк жӛнелтуші толтырып, одан әрі ресімдеу 


81 
үшін тасымалдаушыға береді. Жүк қағазы парақтарының үлгісі кӛшіру қағазының 
кӛмегімен ұқсас орналасқан графаларды толтыруға мүмкіндік береді. 
1-парақ – ГУ–27у-ВЦ машинкамен басылған үлгісінде, 2-, 3-, 4-парақтар – ГУ-
29у-ВЦ машинкамен басылған үлгісінде ресімделеді. 1-парақты жүк жӛнелтуші 
компьютерлік әдіспен толтырып, одан әрі ресімдеу үшін, сондай-ақ оның негізінде 2-, 
3-, 4-парақтарды компьютерлік әдіспен толтыру үшін тасымалдаушыға береді. 
Тасымалдау құжаттарын тазартып ӛшіруге және түзетуге болмайды. Жүк 
жӛнелтуші тасымалдау құжаттарына ӛзгертулер енгізетін жағдайда жүк 
жӛнелтушінің ӛзі осындай құжаттың жаңа бланкісін толтырады. Тасымал-
даушының тасымалдау құжаттарына енгізетін ӛзгертулері мен толықтырулары 
тасымалдаушының қол қоюымен және мӛртаңбамен куәландырылады. 
Тӛмендегідей жүктерді бір тасымалдау құжатымен ресімдеуге рұқсат етілмейді: 
• сипаттарына қарай бір вагонда бірге тасымалдауға тыйым салынған 
жүктер; 
• тасымалдау кезінде ерекше сақтық шараларының сақталуын қажет ететін 
жүктер; 
• санитарлық, малдәрігерлік, ӛзге де ерекше нормалар мен ережелердің 
сақталуын талап ететін жүктер. 
Тасымалдау құжаттарында мәтіндік ақпараттармен қатар, кодтық 
ақпараттар да болады. Тасымалдау құжаттары бланкілерінің тиісті, рамкалармен 
жиектелген жерлерінде ақпаратты кодтау орындары кӛзделген. 
Электрондық құжаттарды: 
• жүк жӛнелтуші мен тасымалдаушы арасында деректерді электрондық 
жолмен алмасу немесе электрондық құжаттар алмасу туралы шарт болған 
жағдайда жүк жӛнелтуші мен тасымалдаушы ресімдейді; 
• электрондық жүк қағазы бірге жӛнелтілетін жүк тасымалында 
тасымалдаушы ресімдейді; 
• жүк қабылдаушы мен тасымалдаушы арасында құжаттарды электрондық 
жолмен алмасу туралы шарт жасалған жағдайда жүк қабылдаушы мен 
тасымалдаушы ресімдейді. Тасымалдаушы мен жүк қабылдаушы арасында 
құжаттарды электрондық жолмен алмасу туралы шарт жасалған жағдайда 
тасымалдаушы жүк баратын стансада жүк қағазының электрондық түпнұсқасын 
береді, оған тасымалдаушының электрондық цифрлы қолы қойылуы тиіс. Жүк 
қабылдаушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық жол 
ведомосы жүк қағазының электрондық нұсқасы алынғанын растайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет