92
Техникалық күтіп- баптаудан ӛтпеген және вагон шаруашылығы
қызметкерінің оларды жарамды деп танитыны туралы ВУ-14 үлгісіндегі кітаптағы
жазуынсыз вагондарды жүк тиеуге беруге тиым салынады.
Бағалы жүк тиелетін вагондар ерекше мұқият тексерілуі тиіс.
Вагондарды
жүк тиеуге дайындау технологиясы оларды тазарту және жуу, қажетті жағдайда –
дезинсекциялау немесе дезинфекциялау операцияларынан тұрады.
Вагон мен контейнерді
коммерциялық тексеру тасымалдау кезінде жүктің
сақталуына кепілдік беруге тиіс. Вагон мен контейнердің коммерциялық
тұрғыдан ақаусыз болуы дегеніміз мынадай жайларды қамтиды: бұрынырақ
тасымалданған жүктен тазартылу сапасы; жүкті бүлдіретін бӛгде иістің, май
дақтарының және басқа
ластану белгілерінің болмауы; жүктің тӛгілуі немесе
түсіп қалуы, ылғал енуі немесе локомотивтен ұшқын түсуі мүмкін деп есептелетін
саңылаудың немесе тесіктің болмауы; вагонның ішкі қабырғаларында немесе
еденінде жүкті зақымдайтын шығып тұрған шегелердің немесе болттардың
болмауы; вагонның немесе контейнердің бүйірі мен тӛбесіндегі люктердің,
сондай-ақ ӛзі нығыздалатын есіктердегі түсіру
люктерінің тығыз, әрі берік
жабылуы; бекіту-пломбылау құрылғыларын, жайдақ вагондардың тірек
қапсырмаларын және ашық вагондардың байлайтын үшкілдерін бекітетін
құрылғылардың
ақаусыз болуы; жабық вагонның қабырғаларында, еденінде,
есіктерінде бекітпе жамаулардың болмауы және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: