Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Стансаның тауар кеңселерінің міндеті және жабдықталуы



Pdf көрінісі
бет34/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

6.5. Стансаның тауар кеңселерінің міндеті және жабдықталуы 
Теміржол стансаларында тасымалдау құжаттарын толтыру, ӛзге де қызмет 
түрлерін кӛрсету, тасымалдау және кӛрсетілетін қызмет түрлеріне ақы ӛндіріп алу 
үшін тауар кеңселері, жүк және билет кассалары, жолаушыларға, жүк 
жӛнелтушілерге, жүк қабылдаушыларға қызмет кӛрсететін басқа да теміржол 
бӛлімшелері ұйымдастырылады. 
Тауар кеңсесінің басты міндеті – тасымалдау құжаттарын дұрыс және дер 
кезінде толтыру, темір жолдағы кӛлік жүк қағаздарын, жол ақы қағазы мен басқа да 
құжаттарды қабылдау, тексеру және толтыру, әкелінетін жүктерге құжаттар беру
орталықтандырылған есеп айырысу жүйесіне енгізілмеген жүк жӛнелтушілер мен жүк 
қабылдаушылардан тӛлемдер мен алымдарды анықтап, ӛндіріп алу. 
Тауар кеңсесінің қызметкері жүктің келуі туралы жүк қабылдаушыларды 
хабардар етіп, жүктің берілуін ресімдейді, жүкті басқа бағытқа жӛнелту 
операцияларын атқарады, жүк тасымалдауға берілген ӛтінімдердің орындалуын 
есепке алу карточкасын жүргізеді, жүк тасымалдау кітаптары мен есеп 
құжаттарын, вагондарды беру және әкету ведомостарын толтырады, құжаттардың 
сақталуын қамтамасыз етеді. 
Жӛнелтілетін және қабылданатын жүктердің беру және қабылдау 
операцияларында тауар кеңселері жүк ауданымен, стансаның технологиялық 


47 
орталығымен (СТО), сондай-ақ тасымалдау құжаттарын ӛңдейтін технологиялық 
орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. 
Аталған міндеттерді орындау үшін тауар кеңсесі тауар кассирлерінің 
автоматтандырылған жұмыс орындарымен, басқа бӛлімшелермен және қаламен, жүк 
жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушылармен, кірме жолдармен хабарласатын телефон 
байланысымен; қажет болатын жағдайда – жүк құжаттарын СТО-ға, жүк аудандарына 
және керісінше жӛнелту үшін механикаландырылған поштамен; ақпарат беру 
құралдарымен, электр мӛртабандарымен; автоматты кӛрсеткіштермен және 
анықтамалық қондырғылармен, жүк құжаттары мен бланкілер сақталатын 
шкафтармен; жиһазбен және басқа кеңсе жабдықтарымен жабдықталады. 
Аумағы тұрғысынан қарағанда тауар кеңсесі, әдетте, жүк ауданына 
кіреберісте немесе кӛлік-қойма кешенінің әкімшілік ғимаратында және 
мүмкіндігінше СТО-ға жақын орналасады. 
Ірі жүк стансасындағы жүк жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға 
арналған операция залы, тауар кассирлерінің, коммерциялық агенттер мен 
бағалаушылардың, 
тауар 
кеңсесі 
бастығының, 
актілеу-іздестіру 
тобы 
қызметкерлерінің, 
фирмалық 
кӛлік 
қызметін 
кӛрсету 
агенттерінің 
автоматтандырылған жұмыс орындары, мұрағат бӛлмесі және т.с.с.үй-жайлар 
бӛлінеді. Операция залында жиһаз, жазу құралдары, тасымалдау құжаттарын 
толтыру үлгілері, автоматты кӛрсеткіштер мен анықтамалық қондырғылар болуы 
тиіс. Тауар кеңсесінің үй-жайы сервистік жұмыс жағдайын, тасымалдауға 
қатысты құжаттар мен ақпараттардың сенімді сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Жұмыс орнын – берілген жұмысты немесе операцияны атқаратын бір 
адамға арналып шектелген орынды ұйымдастыру – тауар кассирінің ӛнімді еңбек 
етуінің маңызды шарттарының бірі. Жұмыс орнын ұйымдастыру және жабдықтау 
жүк құжаттарын толтыру және ӛңдеу ахуалын қамтамасыз етіп, жекелеген 
операцияларды орындауда және құжаттарды толтыруда қарама-қарсы және зая 
жүрістерді болдырмауы тиіс. Жұмыс уақыты зая кетпеуі және ӛнімді жұмыс 
атқарылуы үшін ұдайы керек болатын әрі белгілі бір орында сақталатын қосалқы 
кестелер, теміржол сызбасы қажет болады. Мұнда басшылыққа алатын қажетті 
құжатар мен құралдар қол жететін орындарда, ал жиі пайдаланатын нұсқаулар 
мен қосалқы анықтамалар, тарифтік нұсқаулар, кестелер жұмыс орынына жақын 
орналасады. Ауысым бойында олардың неше рет пайдаланылғанына қарамастан, 
нұсқаулар мен құжаттардың орналасу тәртібі ӛзгермеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет