Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет32/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

6.3. Арнайы тиеу-тҥсіру қҧрылғылары 
Жалпы жұрт пайдаланатын орындар арнайы тиеу-түсіру құрылғыларымен
оның ішінде эстакадалармен, маманданған алаңдармен, мал тиейтін 
платформалармен, суат қосындарымен, тазарту құрылыстарымен, дезинфециялау-
жуу құрылғыларымен қосымша жабдықталады. 
Ашық вагондардан кӛмірді, инертті минаралдық-құрылыс материалдарын 
және басқа үйінді жүктерді түсіру үшін биіктетілген жолдар, ал жүк ағыны 
айтарлықтай ӛсетін кезде – жүк түсірушулердің ӛтуі үшін вагондарды бойлай 
жүргіншілер кӛпірі бар эстакадалар салынады. Биіктетілген жолдар мен 
эстакадалар тиеу-түсіру механизмдерімен және ашық вагондардың люктерін 
механикаландырылған әдіспен ашып-жабатын, вагондар мен жолдарды жүк 
қалдықтарынан тазартатын, жүкті автомобильдерге тиейтін, жайдақ вагондарды 
механикаландырылған әдіспен жүктен арылтатын, ашық вагондардағы қатып 
қалған жүктерді қопсытатын құрылғылармен жабдықталады. 
Жүк түсіруге тәулігіне 10-нан астам ашық вагон келетін жағдайда биіктігі 
3,0 м-ден асатын биіктетілген жолды қажетті тиеу-түсіру тетіктері бар, аралығы 
25 және 32 м тӛртағанды крандар жауып тұрады. Биіктетілген жолдар мен 
эстакадалар аясында жүкті ожаулы тиегіштермен және бульдозерлермен 
жинайтын қосымша алаңдар дайындалады. 
Сусымалы және кесек жүктерді сақтау үшін, оларды жылжымалы құрамға 
немесе автомобильге тез тиеу үшін бункерлі қоймалар пайдаланылады. Мұнда 
жүк вагондар мен автомобильдерге ауырлық заңы бойынша ӛздігінен тиеледі. 
Бункерді тіреулерге оның ысырмасы жауып тұрған тӛгу тесігі жүк тиелетін 
вагоннан немесе автомобильден жоғары орналасатындай етіп бекітеді. Бір нысан 
түрінде біріктірілген бункерлер қатары бункерлік эстакада деп аталады. Биіктігі 
кӛлденең қимасынан әлдеқайда артық болатын терең бункерді мұнара деп атайды. 
Ӛте биік (30 м-ге дейін) және диаметрі үлкен мұнараны резервуар деп атайды. 


45 
Малды тиеу-түсіру үшін санитариялық-малдәрігерлік талаптарға сәйкес 
тиеу платформалары мен қосалқы құрылғылар салынады. Малды және жануар 
текті шикізатты кӛптеп түсіретін стансаларда және оларға жақын стансаларда 
олардан босаған вагондар ағыны ӛтетін жол бойында дезинфекциялау-жуу 
стансалары (қосындары) ұйымдастырылады, олардың орналасуы малдәрігерлік-
санитариялық қадағалау талаптарына сай келуі тиіс. Малды және басқа 
хайуанаттарды тасымалдау үшін сұрыптау және телімдік стансаларда 
жануарларды суаратын құрылғылар, қажет болатын жағдайда – вагондарды 
қидан тазартатын арнайы жолдар салынады. 
Тез тұтанатын және басқа ӛрт шығу тұрғысынан қарағанда қауіпті жүктерді, 
сондай-ақ адамдардың денсаулығына зиянды жүктерді ӛңдеу және сақтау үшін 
оларды орналастыру және ӛрт қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып, арнайы үй-
жайлар және оларға баратын жолдар салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет