Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Магистральдық жҥк вагондардың коммерциялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет47/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

8.3. Магистральдық жҥк вагондардың коммерциялық сипаттамасы 
Магистральдық теміржол кӛлігінің жүк вагондары әмбебап және 
мамандандырылған вагондарға бӛлінеді. 
Қасиеттері мен атаулары алуан түрлі жүктерді тасымалдауға арналған 
негізгі үлгідегі мынадай вагондар әмбебап вагондарға жатады: есік ойықтары, 
тӛбесінде люктері, есік жақтаулары, фрамугалары бар жабық вагондар; қаптал 
есіктері (қаптал қабырғалары), еденде люгі, жүкті бекітетін қапсырмалары бар 
ашық вагондар; қаптал және бойлық кемері, тұтас едені бар жайдақ вагондар. 
Қасиеттері жӛнінен ӛзара ұқсас, тиеу, түсіру және тасымалдау жағдайына 
ерекше талаптар қоятын, кузовы, құрылысы, жабдықтары мен тетіктері 
(цистерналар, изотермиялық, транспортерлер, ӛзі түсіретін вагондар, бункер 
үлгісіндегі вагондар, автомобильдерге арналған вагондар және т.с.с.) ерекше 
пішінді, жүктің бір немесе кӛптеген түрін тасымалдайтын арнайы құрылысты 
вагондар мамандандырылған вагондарға жатады. 
Әмбебап жабық вагондар үстін жабуды және жауын-шашыннан қорғауды 
қажет ететін ыдысты-дара жүктерді, пакеттелген, үйінді және басқа алуан түрлі 
жүктерді тасымалдауға арналған. Магистральды темір жолдарда кузовының 
кӛлемі 106, 114, 120, 123 м3 жабық вагондардың 10-нан астам түрі, сондай-ақ 
кузовының үлкейтілген сыйымдылығы 140 м3 вагондар бар; жүк кӛтерімділігі 64, 
67, 68 т жабық вагондар пайдаланылуда. Кузовтары тұтас металдан жасалуы 
немесе ағашпен қапталуы мүмкін. 
Теміржолдың жүк паркінде есіктерінің ойығы кеңейтілген тұтас металдан 
жасалған жабық вагондар ар ойықтарының әрқайсысына ӛзі нығыздалатын 
ысырмалы есіктер орнатылған. Бұл вагондар ірі габаритті бағалы жүктерді 
тасымалдауға барынша қолайлы келеді. 
Әмбебап ашық вагондар жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін үйінді, 
ақтарма, дара, қатарлап жинайтын және ұзын ӛлшемді жүктерді (кӛмір, руда, 
кокс, флюс, боксит, құрылыс материалдары, құбырлар, ағаш, прокат және т.с.с.) 
тасымалдауға арналған. 
Магистральдық темір жолдарда тұтас металдан әмбебап ашық вагондардың 
15-тен астам түрлері пайдалануда: жүк кӛтерімділігі 65, 69, 75 т, кузовының 
кӛлемі 70,5; 73,0; 74,0; 76,0; 85,0 және 88,0 м3 тӛрт осьті; жүк кӛтерімділігі 94 т, 
кузовының кӛлемі 104,0 м3 алты осьті; жүк кӛтерімділігі 125, 129, 130 т, 
кузовының кӛлемі 140,3; 141,0; 150,0 м3 сегіз осьті ашық вагондар.
Ашық вагонның ашық кузовы жүк тиеп-түсіруге ӛте қолайлы. Кузовтың 
еденінде бүйір қабырғасын бойлай түсіру люктері (тӛрт осьті ашық вагондарда 
әрбір бүйір жағында жеті люкпен, алты осьті вагондарда – сегіз люкпен, сегіз 
осьті вагондарда – 10-11-ден) бар, олар арқылы сусымалы жүк ашық вагонның екі 
жағынан ӛз салмағымен тӛгіледі. 
Ашық вагонның жақтау есіктерін ұзын ӛлшемді жүктерді тасымалдау үшін 
ашады. Кузовтың бүйір қабырғаларының ішкі жағындағы ағаш қапсырмалар (тӛрт 
осьті вагондарда сегіз жұп) ағаш материалдарды тасымалдауда тіреулерді 
орнатуға арналған. 


64 
Тӛрт және сегіз осьті ашық вагондардың кейбір түрлерінің жақтау 
қабырғалары саңылаусыз болады. 
Әмбебап жайдақ вагондар (платформалар) доңғалақты және шынжыр 
табанды машиналарды, үстін жабуды және қоршаған ортаның әсерінен қорғауды 
қажет етпейтін дара, ағаш, кӛлемді және ұзын ӛлшемді тағы басқа жүктерді 
тасымалдауға арналған. Жайдақ вагонның негізгі түрі – иілген пішіннен жасалып, 
сына бекіткіштермен бекітілетін металл ернеуі бар, жүк кӛтерімділігі 70, 71 және 
73 т тӛрт осьті платформа. Бұл платформа жүк тасымалдауда ернеулерін қысқа 
ағаш тіреулермен бекітуді қажет етпейді. Жүкті бекіту үшін платформа 
жақтаулық тірек қапсырмалармен (екі жұп), қапталдық тірек қапсырмалармен 
(сегіз жұп), сондай-ақ жүкті байлайтын шығыршықтармен жабдықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет