66
Мамандандырылған жайдақ вагон (8 түрі бар). Алты осьті платформа жүк
кӛтерімділігі 93 т трансформаторларды және жүк кӛтерімділігі 92 т ұзын ӛлшемді
жүктерді тасымалдауға арналған. Тӛрт осьті
платформа ірі тоннажды
контейнерлерді және жүк кӛтерімділігі 60, 62, 65 т доңғалақты техниканы; жеңіл
автомобильдерді тасы малдайтын, жүк кӛтерімділігі 20 т екі қабатты платформа
(маркаларына қарай тасымалданатын автомобильдердің саны 8-17 дана); жүк
кӛтерімділігі 63 т суық прокатталған болатты тасымалдайтын платформа; жүк
кӛтерімділігі 60 т рулондағы және байламдағы болатты тасымалдайтын
платформа; бүйірі қоршалған ағаш материалдарды
тасымалдайтын платформа
(8.1, ж-сурет).
Бункер үлгісіндегі вагондар мұнай-битумды, түйіршіктелетін полимерлерді
және ыдыссыз ұнды тасымалдайды.
Цистерналар (40-тан астам түрі бар) құйылатын ӛнімдерді (ашық және
қоңыр түсті мұнай ӛнімдері, химия ӛнеркәсібінің жүгі, спирт, сүт, ӛсімдік майы,
сірне, шарап ӛнімдері, шырындар), сондай-ақ кейбір ұнтақ тәрізді жүктерді
(цемент, кальцийлендірілген сода және т.с.с.) тасымалдайды.
Олар бір-бірінен
құрылысы, сыйымдылығы жӛнінен ерекшелінеді және тасымалданатын жүктің
нақты түріне (күкірт қышқылы, метанол, пропан және т.с.с.) немесе жүктің
тобына (бензин мен ашық түсті мұнай ӛнімдері, мұнай мен қоңыр мұнай ӛнімдері,
мұнай-бензин ӛнімдері, тұтқыр мұнай ӛнімдері және т.с.с.) қарай
мамандандырылған. Мұнай ӛнімдеріне арналған цистерналар қазанының кӛлемі
140,0; 159,0; 161,6 м3 тӛрт және сегіз осьті болады (8.1, а-сурет).
Изотермиялық вагондар (10-нан астам түрі бар) белгілі бір темпертуралық
режимнің сақталуын қажет ететін тез бұзылатын жүктерді (ет, балық, минералдық
су, жемістер және т.с.с.) тасымалдауға арналған.
Массасы 500 тоннаға дейін жететін ауыр салмақты және кӛлемді жүктерді
осьтерінің саны 4-тен 32-ге дейін жететін, жүк кӛтерімділігі 50-ден 500 тоннаға
дейінгі
транспортерлермен (50-ден астам түрі бар) тасымалдайды.
Олардың
алаңдық, платформалық, құдықтық, жартылай құдықтық, тіркемелі және біріккен
үлгідегі түрлері болады (II бӛлімде берілген). Жүк кӛтерімділігі 400 т біріккен 28
осьті транспортер 8.1, в-суретте кӛрсетілген.
Ӛзі түсіретін вагондар (думкарлар, 8.1, г-сурет) сусымалы және кесек
жүктерді (балласт, тас, қиыршақтас және т.с.с.) тасымалдауға және
механикаландырылған әдіспен түсіруге арналған. Олардың 8 түрі бар (4 осьті жүк
кӛтерімділігі 50, 60 т және 6 осьті жүк кӛтерімділігі 100 және 105 т).
Достарыңызбен бөлісу: