Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет65/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

11.11. Жҥк тасымалдау ҥшін ақы тӛлеу 
Жүк жӛнелтуші тасымалданатын жүк ақысын жүк тасымалдауға 
қабылданғанға дейін тӛлейді. Жүк жӛнелтуші кӛрсетілген және басқа тӛлемдерді 
дер кезінде тӛлемеген жағдайда жүк қабылдау, вагон, контейнер беру ісі 
жүргізілмейді. Егер шартта ӛзгеше жағдай кӛзделмесе, тасымалдаушыға тӛлемнің 
берілу фактісі жүк тасымалдау ақысы жӛніндегі міндеттеменің орындалуы болып 
табылады. Жүк тасымалдау жӛніндегі есеп айырысу Теміржол кӛлігімен жүк 
тасымалдау үшін есеп айырысу ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Жүк тасымалы 
үшін тасымалдаушыға тиесілі ақы және басқа тӛлемдер қолма-қол ақшамен, 
банктердің есеп айырысу чектерімен және банктің тӛлеуге қабылданатын 
(акцептелген) 
тӛлем 
тапсырмаларымен 
(поручения), 
сондай-ақ 
ҚР 
заңдамаларында кӛзделген ӛзге де құралдармен (банк карталарымен, ӛзара есепке 
жатқызумен және т.с.с.) тӛленеді. Жүк жӛнелтушілердің банктің пластик 
карталарын қолдануы ақы тӛлеудің озық әдісі болып табылады. Бұлайша ақы 
тӛлеу стансалардың тауар кеңселерінде орнатылған және клиент-банк деп 
аталатын электрондық құжаттар айналымы жүйесіне қосылған банкоматтар 
арқылы жүргізіледі. Ақыны қолма-қол ақшамен тӛлеуде стансаның тауар кеңсесі 
теміржол кӛлігінің қызметі үшін РС-97 үлгісіндегі әр түрлі алымдар 
квитанциясын жазып береді. Квитанция жүк жӛнелтушінің қолына беріледі, ал 
оның атауы мен нӛмірі тасымалдау құжаттарындағы «Тӛлемдер... жӛнелту 
стансасында ӛндіріп алынды» деген графада қойылады. 
Жүк жӛнелтушілерден қабылданған қолма-қол ақшаның қаржылай есебі
тауар кассаларының сату кітаптарында жүргізіледі. Алдын ала тӛлеуді ресімдеу 
үшін тауар кассирі жүк жӛнелтуге кіре ақының есебі туралы жазбаша анықтама 
береді. ТКК АЖО жергілікті және машина аралық режимде жұмыс істейтін 


89 
жағдайда анықтама автоматты режимде басып шығарылады. ТКК АЖО-да ТехТҚ 
арқылы есеп айырысу құқығы бар әрбір тӛлемшіге жеке (қосалқы) есеп-шот 
ашылады. Әрбір тӛлемшінің негізгі жеке есеп-шотының сомасы күн сайын 
ТехТҚ-дан стансаға беріліп тұрады. Осылар бойынша кезекті жүк тасымалына 
берілетін жүк қағазы рұқсат ету мүмкіндігі анықталады. ТКК АЖО-да 
машинааралық алмасу жүзеге асырылатын жағдайда ТехТҚ арқылы есеп айырысу 
құқығы бар әрбір тӛлемшіге жеке қосалқы есеп-шот жүргізіледі. Жол ведомосын 
бірігіп ӛңдеу кешені тӛлемшінің жеке есеп-шотының тәуліктік есебін алудан 
кейін күн сайын әрбір тӛлемшінің сальдо сомасын, дебет сомасын және несие 
сомасын стансаға беріп отырады. 
Жүк теміржол стансасына келген соң жүк қабылдаушы жүк берілместен 
бұрын оның тасымалы және қосымша жұмыстары (кӛрсетілген қызмет) үшін 
толық есеп айырысады. Тасымалдау құнын және тасымалдаушыға тиесілі ӛзгеде 
тӛлемдер мен айыпұлдың мӛлшерін қайта есептеу қажеттігі туатын мән-жайларда 
қайта есептеу жүк берілген соң жүргізілуі мүмкін. Жүк жӛнелтушінің немесе жүк 
қабылдаушының кінасынан жүк тасымалы үшін есеп айырысу дер кезінде 
жүргізілмейтін жағдайда тасымалдаушы мерзімі кешіктірілген тӛлемнің сомасына 
пайыз тӛлеуді талап етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет