97
Техникалық
нормалар тоннамен, данамен және тоннамен,
контейнерлер
үшін – килограммен белгіленген.
Вагондардың техникалық тиеу нормасын жасауда есептеп шығару жолымен
вагондардың мүмкін болатын тиеу нормасын анықтайды,
мұнда ыдысты-дара
жүктер үшін олардың сипаттамаларын ескере отырып,
барынша тиімді
орналастыру нұсқасын таңдап алады. Бос тиелетін және үйінді жүктердің
техникалық тиеу нормасын жабық вагондармен және ашық жылжымалы
құраммен тасымалдау үшін бӛлек есептеп шығарады. Тәжірибелік тиеуден кейін
тәжірибелік
тасымалдау атқарылады, одан соң техникалық норманы белгілеп,
жүкті вагондарға орналастыру мен бекіту тәртібі мен әдістерін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: