Экология негіздері
Мақсаты: тірі және өлі табиғат объектілеріне оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы, табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы және қоршаған орта жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.
2. Қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
3. Балаларда табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны:
Мінез-құлық дағдылары
Өзін-өзі тану, табиғаттағы өз орнын білуге талпынысын қолдау. Өзіне, өзінің мүмкіншіліктері мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін бағалауға дағдыландыру.
Табиғатты бақылауда өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге, Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. Мысалы, егер орманда қоқыс қалдырса, онда өрт шығуы мүмкін – орман өртенеді, жәндіктер және құстар өледі, егер өзенді ластаса, онда шомылуға болмайды, балықтар өледі.
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы
Өз-өзіне қызмет етуі мен тірі табиғат бұрышындағы, балабақша ауласындағы, тұрмыстық-шаруашылық еңбек түрлерін атқару барысында ересектермен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату белсенділіктерін қолдау.
Түрлі тәсілдер мен қарым-қатынас құралдарын меңгерту үшін: ересектерді аты-жөнімен атау; құрдастарын атымен атау; өзіне басқа адамның назарын аударту үшін тілдік, сондай-ақ тілдік емес тәсілдерді қолдану, бұл ретте тура көзге қарап, өтінішке сыпайы жауап беріп, басқа балалардың жауабын тыңдауға жағдай жасау.
Мейірімділікті көрсетуді, басқа адамдар туралы қамқорлыққа ынталандыруды жалғастыру.
Отбасы мүшелерінің кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
Адам туралы, оның адамзат қоғамның өкілі екені туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Адамгершілік нормалары туралы түсінік
Айналадағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын тілектестік сезімін (табиғатта өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелерін сақтау, «болады және болмайды», «керек және қажет», «жақсы және жаман» түсіну).
Табиғат әлеміне жылы сезімін тәрбиелеу, оны аялауға, күтіп-баптауға тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық қарым-қатынас қажет екендігін түсіну.
Өсімдіктер мен жануарлырдың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастырып, балаларды өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға қатыстыру.
Ересектер мен құрдастарының табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету.
Табиғатта қарапайым қауіпсіздік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |