Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет42/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Сурет салу
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілін үйрету негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Заттар мен өнер шығармаларының, халық ойыншықтарымен және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының эстетикалық қасиеттерімен таныстыру.
2. Қарапайым заттар мен қоршаған ортаның құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.
3. Қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнерін сурет салуда қолдануға үйрету.
Мазмұны:
Заттарды, адам мен жануарларды, табиғат құбылыстарын, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге үйрету.
Сәндік-қолданбалы өнердің кейбір түрлерімен, керамикалық ыдыстармен, балалар көркем әдебиеті шығармаларының суреттерімен, атақты қазақ және басқа суретшілердің көшірмесімен, кіші пішіндегі мүсінмен таныстыру, олардың мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Балаларды күрделі заттардың суретте ораналасқан бөліктерін (жоғарыда, төменде, бір жағымен, екінші жағымен) бейнелеу барысында және оларды көлемі бойынша үйлестіре білуге үйрету.
Адамдар мен жануарлардың суретін салу тәсілдерін көрсету.
Балаларды негізгі түстермен және олардың реңктерімен, қағаз бетін бағдарлап, сурет салу тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру.
Көлеміне байланысты жазықтыққа ою-өрнекті орналастыру заңдылықтарын, элементтердің бірізділігін және олардың арқашықтығын сақтауларын көрсету.
Халық ойыншығының сарыны бойынша, керамикалық ыдыс-аяққа, дөңгелекке, жолақшаға, шаршыға, дайын пішінге өрнектің элементтерінің суретін салуға, өрнектің элементін ырғақты орналастыру, симметрияны сақтауға үйрету.
Қазақ халқының және дымковтық ойыншықтардың ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету.
Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту: қаламмен, қылқаламмен (акварельдік бояу, гуашь) тек бір бағытта – жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай, бояуды ырғақпен жағу, бүкіл пішінді үзік сызықпен сызу, сұлбаның шегінен шығып кетпей, қылқаламмен жалпақ сызық жүргізу, ал жіңішке сызықты, түктің ұшымен немесе қылқалам сабынының ұшымен нүкте арқылы суреттерді бояу.
Жыл соңында сурет салу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- суреттегі образдың мәнерлі болуы үшін, түс пен рең үйлесімділігін қолдануды;
- суретте заттың пішінін, құрылымын, бөліктердің орналасуын, көлемі бойынша арақатынастарын дұрыс көрсетуді;
- бір суретте бірнеше затты бір жолақшаға бүкіл параққа орналастырып бейнелеуді, бірыңғай мазмұнмен байланыстыруды;
- жолақтың, шаршының, дөңгелектің бетіне өрнек салуды, элементтерді бір қалыпта орналастыруды білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет