Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ



бет47/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ


Мақсаты: серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, ересектермен жағымды қатынас жасауға қабілетті, әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастыру,
Міндеттері:
1. Әртүрлі ойындарға және ойнай білу қызығушылығын дамыту. Өз бетінше ойнай білу қабілеттілігін тәрбиелеу. Шағын топтарда бірлескен (2-3 адам) іс-әрекетке үйрету. Ойын таңдауда, ойға алғанын іске асыруда дербестігін дамытуға, белсенді іс-әрекетке ынталандыру,
2. Ойын әрекетінің тәсілдерін: белгілі бір сюжетті басқа баламен бірігіп көрсетуге қатыстыруды, ойынға қажетті заттар мен ойыншықтарды таңдап алуды, дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындарына қажетті ойын материалын дұрыс таңдап, орынды қолдану іскерліктерін дамытуды қалыптастыру.
3. Ойыншықтарды тиісті орындарына орналастыруды, құрылыс материалдарын жинауды үйретуді жалғастыру.
4. Топырақ, су, балшық және қармен ойнау арқылы олардың қасиеттері туралы түсініктерін тиянақтау.
5. Басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу. Құрдастарымен, ересектермен жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
Мазмұны:
Сюжетті-рөлдік ойындар
Тәрбиешінің қатысуымен бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін 2-3 рөлдік қойылымдарға қатысуға ынталандыру.
Басқа балаларға рөлдерді ұсыну, берілген рөлдерге сәйкес оған қажетті заттар мен атрибуттарды таңдауға үйрету.
Ұсынылған рөлдерді ойнау барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары мен адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін көрсетуге ынталандыру.
Балаларды дербес ойнауға және шартты ойын әрекеттерін орындауға, бақылау нәтижелері бойынша дербес күрделі емес, оңайлау сюжеттер дамыту («Отбасы», «Дүкенде», «Балабақшада», «Ауруханада» т.б.).
Тәрбиешінің көмегімен көркемдік-образдық бейнелеу құралдарын (екпін, ым-ишара, жүріс-тұрыс т.б.) пайдаланып, өздеріне таныс ертегілер мен қазіргі әдеби шығармалардан сюжеттерді сахналау. Ертегілер мен әдебиет шығармаларының мазмұны бойынша ойындар, мысалы, «Қу түлкі» ертегісі бойынша және т.б. Көріністерге ойыншықтар мен театр қуыршақтарын қолдануға үйрету.
Балалардың өз бетімен атрибуттар мен көмекші-заттарды таңдай білуін, шартты ойын әрекетін орындауға талаптануын мадақтау.
Балаларды ойында құрылыс материалдары мен ағаш және пластикалық конструкторларды пайдалануға үйрету.
Ересектердің көмегімен ойынға ыңғайлы жер таңдау, оны ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. Сюжеттік-рөлдік ойындарға табиғи заттарды да пайдалануға ынталандыру.
Қимылды ойындар
Секіру, жүгіру, лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытатын доппен, шармен, секіртпемен ойнауға қызығушылығын ынталандыру.
Балаларды ептілікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, ережелері күрделірек, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Балалардың ойын ережелеріне бағынуын, жауапты рөлдерді орындай білудін дамыту..
Судың айналасы мен орман-тоғайларда ойнау іскерліктерін қалыптастыру.
Ересектердің көмегінсіз турниктер мен әткеншектерде ойнауға үйрету.
Дидактикалық ойындар
Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін жинақтауға бағытталған дидактикалық ойындар ойнауға үйрету. Заттарды сыртқы белгілеріне қарай үйрету. Заттардың функционалды қызметтеріне қарай заттарды топтастыру іскерліктерін дамыту: ыдыс-аяқ - шай, асхана, ас үй; жазғы және қысқы аяқ киім. Бірдей заттар мен әртүрлі заттарды іріктеу, заттарды өсу, кему ретімен орналастыру іскерліктерін дамыту. Ойынға жүргізуші ретінде қатысуға ынталандыру.
Ойын барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Музыкалық-дидактикалық ойындарда дыбыстардың биіктігін ажыратуға, түрлі жануарлардың дауыстарына еліктеп «қаз-қаздың балапандары, ешкі-лақтар, қарға-қарғаның балапандары» жоғарғы және төменгі дыбыстарды айта білуге үйрету.
Ойынға қатысушыларды дауыс тембріне қарай ажырату, бірнеше музыкалық аспаптардың (металлофон, сыбызғы, асатаяқ, қобыз, дауылпаз, сылдырмақ, даңғара т.б.) даусын анықтау.
Әннің мәтініне сәйкес даңғараға ырғақты соққылармен музыканың қатты және ақырын дыбысталуын бере білуге үйрету.
Металлофонда әннің өзгеретін ырғағын тәрбиешіден соң қайталап орындау іскерлігін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет