Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепалды жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету



бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі274.5 Kb.
#124499
1   2   3


КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Оқудың алғашқы жылы



Сабақ

Сабақ тапсырмасы

Дидактикалық материалдар

1

Ойынмен танысу
Жаңа зат - шахматпен танысу

Шахмат тарихының басталуы

«Шах және шахмат туралы ертегі»

2

Әңгімелесу-тест

1 Сіз қандай ойындарды ойнайсыз?

2 Сіз қандай елдерді білесіз?

Оларды қызықтыруға, тест сізге балалармен ортақ тіл табысуға көмектеседі.



3

Шахмат тақтасымен танысу


Шахмат тақтасы туралы мәлімет беру



«Таңқаларлық торлар»

– екі түрлі-түсті шаршыларды пайдаланып, шахмат тақтасының бөлігін құру.



4


– асфальт жолында бормен шахмат тақтасының бөлігін сызу.

5


–торкөзді дәптердің бетін шахмат тақтасындай бояу

– шахмат тақтасын дұрыс қою



6

Шахмат тақтасында солдан оңға қарай жүретін сегіз қатар бар. Олар – көлденеңдер деп аталады.

Шахмат тақтасындағы төменнен жоғары жүретін баған торлары – тік баған торлары деп аталады.

Бір түсті жолдан өтетін тақтаның көлденең сызықтары – диагональдар деп аталады. Шахмат көлденеңдері қара және ақ түсті болады.

Бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін жүргізілген көлденеңдер – үлкен көлденеңдер деп аталады.

Көлденеңдерде көршілес торлар бүйір жақтарымен (сол жақ және оң жақ), тік бағандарда төменгі және жоғарғы бөліктерімен, ал диогональдарда қарама-қарсы бұрыштарымен байланысады.


7


Шахмат фигурасымен танысу
Король, ферзь, піл, ат, ладья, пешка.

Шахмат фигураларымен танысу үшін төмендегі дидактикалық ойын-тапсырмаларды өткізуді ұсынамыз: «Ғажайып дорба», «Шахматты үйшік».

8

«Шахматты бауырсақ», «Шахматты шалқан», «Тығылмақ».

9

«Тыйым салынған фигура», «Ойлан тап», «Пирамида».

10

«Қуаласпақ», «Мектеп», «Қонақ бөлме».

11

Балаларды шахмат тақтасында фигуралардың орналасуымен таныстыру



Топтық жұмыстарды өткізуде өткізуге ұсынылатын ойын-тапсырмалар:

«Кім жылдам?», «Орындықта», «Жоғарғы жақта»

12

«Қатар», «Ақ және қара», «Ұқсастығын тап?»,

13

«Үлкен және кішкентай», «Жабық фигура», «Ғажайып дорба»,

14

«Шахматты үйшік», «Шахматты бауырсақ», «Шахматты шалқан».

15

Балаларды пешкалардың жүрісітерімен таныстыру. Балаларды өз бетінше фигуралардың жүрістерін көрсетуге және жүрістің ережесін түсіндіруге үйрету.

Ереже 1. (пешка қалай жүреді)

Кішкентай пешкалар тек былай ғана жүреді:

1 тігінен

2 алға,


3 бір шақпаққа.
Ереже 2. (бірінші жүріс)

Егер пешкалар жүрмей 2 (7-ші) көлденеңде тұрса, онда өздерінің бірінші жүрістерін бір шақпаққа да, екі шақпаққа да жасай алады. (бір шақпақ аттап)


Ереже 3. (алу ережесі)

Пешкалар алға қисығынан диагональ бойынша тек бір шақпаққа ғана тұрады.



16

Пешканың практикалық қиыстыру жүрістерін анықтау.

17

Ереже 4. (пешканың өзгеруі)

Пешка көлденеңнің соңына дейін жетсе, ол сол түсті, корольдан басқа, кез келген фигураға өзгере алады.



18

Пешканың практикалық қиыстыру әрекетінің өзгеруіне айналуы.

19

Балаларды пілдің жүрісімен таныстыру.

Балаларды фигураның жүрісін өз бетімен көрсетуге және жүру ережесін түсіндіруге үйрету.

Шахматты пілмен қалай жүру керек және қалай жеу керек.


Піл дойбыдағы би секілді жүреді: көлденеңнен қиғашы бойынша қанша шақпаң жүргісі келсе, сонша жүре алады.

Шахмат партиясының басындағы секілді, ақ және қара пілдерді орналастыру. Бірден дойбы биінен басты айырмашылықты байқауға болады – ақ шақпақтармен жүретін пілдер бар. Билер тек қара шақпақтармен жүреді. Ақпен жүретін пілдерді - белопольный , ал қарамен жүретін пілдерді - қараланған деп атайды. Пілдер қиғашынан жүреді. Піл сызықты фигура болып саналады. Алғашқы жүрістерді балалармен бірге жасаған дұрыс.



20

Қызықты лабиринт бойынша пілмен серуен. Тақтаға ақ пілді һ1 және қара пілді һ 7-ге қояйық.

Фигуралар арасында кедергілер мен бөгеулер қояйық (жеуге болмайтын қара пешкалар.) Ақ піл қара пілге қонаққа бармақшы, бірақ пілдің жолында көп кедергілер бар. Ал жол біреу ғана.

Жолды міндетті түрде табу керек. Содан қара піл ақ пілге қарай жүреді.


21-26

Пешкалар мен пілдер пайдаланылған қиылыс ойындары.

Балаларды бір пешканы қарама-қарсы көлденеңге дейін жеткізуге үйрету.



27

Балаларды фигуралардың жүрістерімен таныстыру.

Балаларды өз бетімен фигураның жүрісін көрсетуге және жүрістің жүру ережесін түсіндіруге үйрету.

«Ладья»


Ладьяны алып, шахматтық өрісдағы кез келген шақпаққа қою. Ладья мұнараға ұқсайды, бірақ ол өте жылжымалы болып келеді. Ладья түзу сызықтармен алға және артқа, оңға және солға қанша шақпақ жүргісі келсе сонша жүреді. Қалаған кезде тоқтай алады.

Ладья түзу сызықтармен жүреді: көлденеңнен және түзу. Ладья сызықты фигура.



28

Д/о «Ладья тақтай үстінде жүріп келеді».

Үнемі бағытын өзгертіп, ладьямен жүзейік.

Д/о «Өнім жинау» тақтада қара түсті бірнеше пешка мен фигураларды орналастырып, оларды ақ ладьямен кезек кезек жою. Әр пешканы жоюға екі жүрістен артық қолданбау.


29

Ереже. Ладья өз фигурасының үстінен немесе өзге фигуралардың үстінен секіре алмайды.

30

Бекітуге арналған тапсырмалар:

  1. Тақтаға бір түсті бірнеше фигура және басқа түсті өз ладьяны қою.

  2. Ладьямен қозғалу арқылы барлық пешкалар мен фигураларды жеп көріңіз.

  3. Дәл осы тапсырманы ладьяның әр жүрісін атай отыра орандау.

31

-

36



Пешкаларды, пілдерді және ладьяны пайдалануымен жүрізілетін қиылыс ойындары. Балаларды бір пешканы қарама-қарсы көлденеңге дейін жеткізуге үйрету.

37

Балаларды фигуралардың жүрістерімен таныстыру.

Балаларды өз бетімен фигураның жүрісін көрсетуге және жүрістің жүру ережесін түсіндіруге үйрету. «Король»



Король өзінде ладья мен пілдің жүрістерін біріктіреді. Сондықтан түзу және көлденеңнен қозғала алады (түзу, қиғаш және көлденеңінен).

Король ертегілер корольларына өте ұқсайды, өте жалқау. Ол барлық жақтарға тек бір ғана шақпақ жүреді. Король – басты фигура.



38

Шахмат тақтасында корольмен бірге саяхат. Барлық пешкалар мен фигураларды жеп тастау, бірақ саяхат кезінде корольдің қарсылас фигуралардың соққысына қалмауға тырысыңдар.

Ақ ферьзге қонаққа бару.


43




Ойын «Нұсқағыш жолбарыста». Ферзь ладья сияқты жабуылда қанша соққы бере алады? Төрт. Түзу бойынша – астына, үстіне, ал көлденен бойынша– оңға және солға. Піл ретінде қанша шабуыл жасай алады, - жоғарғыға екі, қиғаш бойынмен және астына екеу. Ферзь атыстары тақтайдын шетіне жабысып қалады. Барлық бағыттарды ұмытпау үшін, ферьзге барлық тараптан мұрттар салыңыз. Әр атысты пешкамен белгілеп отырыныз. Атыстарды санаңыз. Егерде ферзьде е4 сегіз болса? Онда жарайсың! Егер одан аз сағаттар болса ұтыласыз.

44

«Сағат» ойыны 12 сағаттан бастаңыз. Жаңа жыл келе жатыр. Сағат тілі бойымен арі қарай жылжимыз.

"Метрода сапар" шахматты тақтада төрт сызық болады, ақ ферзь сонын бойымен жүре алады. Қара ферзьге қонаққа бару үшін бір көшеттеуді қайда жасау керек? Ол қанша көшеттеулер жасай алады?



45

Алынған білімді бекіту.

«Король» мен ферзьдың ойыны. «Жеміс-жидек терімі»


46


Балаларды фигуралардың жүрістерімен таныстыру.

Балаларды өз бетімен фигураның жүрісін көрсетуге және жүрістің жүру ережесін түсіндіруге үйрету.

«Ат»



Ат «Г» әріпі тәріздес жүреді (тура жүреміз,қырына жүреміз)

Гүл ойыны: гүлше-пешкілерді аттың маңайына тіземіз. Бірінші пешкіні бір-екі санап шет жаққа бірге қоямыз. Қалған пешкілерді балалар өздері орналастырады. Гүл өте әдемі, балаларға тартымды. Олар пешкіні аттың мағайына өздері зор ынтамен өздері қояды. Тақтайшаның шетіне неғүрлым таяған сайын, гүлдердің саны азаяды.



47

Атқа арналған жаттығу: Атпен тақтайшаның шетіне өту, алғашқы екі тапсырманы балалармен бірге орындау керек. Үшінші және төртіншіні өздері орындайды.

Аттың жүру ерекшеліктері. Жүрісте ол өз өрісін өзгертеді. Ақта тұрып қараға өтеді. Ат жолында тұрған жау фигураларына мән берместен пешкілерді аттап өтеді.



48

-

58


Король мен ладьяны бірдей ауыстырып

қоюмен таныстыру.

Барлық ережелерде және шеберліктерде орын ауыстыруды реттеу.

шахмат

және


пат.

Король мен ладьяны бірдей ауыстырып қою бұл арнайы патшылық қорғаныс, ол өз королін қорғау мақсатында жасалады.

Шахмат фигураларын қойып, бірнеше алғашқы қадам жасау керек. Ортаны қармап, өзінің екі аты мен екі пілін ұрыс позициясына қою қажет. «Король» ең маңызды фигура, оған ортада тұру ыңғайсыз, өйткені аттар мен пілдер ары - бері өткенде үрей туғызады. «Корольді» қорғауымыз керек. Орын ауыстыру-король үшін ұрыстағы жүрісті бақылайтын ыңғайлы шахмат үйшігі құрылады.

Орын ауыстыруды қалай жасайды? «Король» ладьяға бағыттас бір өріс арқылы жүреді (бір түсті өріспен), ладья «корольден» аттан өтеді де қасына тұрады.

Орын ауыстыруға тиым салынады, егер:



  1. «Король» жүріс жасаса;

  2. «Ладья» жүріс жасаса;

  3. «Король» мен ладья арасында бөлек фигура тұрса. Қарсыластың фигурасын ұруға және орын аустырып қоюға болмайды;

  4. Корольға шах;

  5. Ақ король орын ауыстырғаннан кейін - шахтың астында-қарсыластың фигурасының соққысының астында қалады;

  6. Соқтыққан өріс арқылы орын аустыруға болмайды. Король орын ауыстыру барысында, қарсыластың фигурасына шабуылап жатқан өріске орын аустыру керек.




Шахматтық тақтада король басты фигура. Бірақ, оған ойынның соңына дейін өзінің фигураларымен жасырынуға немесе қашуға тура келеді. Корльсіз шахматтық әскер берілу керек! Үнді тілінен аударғанда шахқа-мат сөзі ханға өлім келді деген мағына береді. Мысалы, ладья Корольге шабуыл жасап «Мен сені жеймін!» деп айтады, ал шахмат бойынша ол «Шах» болады. Король болса өзін Ладья жеп қоймауы үшін не істеу керектігін ойланады.

1.Король жай ғана шахтықтан кетуге болады.

Расында бұдан кейін оның әмірлігіне деген құрмет жоғалады. Егер қашу керек болса, онда өз еркімен істеуге тура келеді.

2.Король пілге өзін шахтан жасыруын (шабуылдаушы қара ладья мен корольдің арасында) бұйыра алады. Енді қара ладья пілге қарай жақындайды. Піл ақ корольдің қорғаушысы болды, бұл тәсіл-шабуылдан қорғану деп аталады.

3.Қарсы фигураны жай ғана жеңуге болады. Әрине бұл шахтан құтылудың ең сенімді тәсілі. Ладья енді «шах» қоймайды.

4.Шах – бұл кезкелген фигураның немесе пешканың корольге шабуыл жасауы. Шахтан бірде-бір шахмат королі жеңілмеген. Король де шахмат фигурасы, және ол қарсылас фигураны жеңіп өзінің қауіпсіздігіне қамқорлық жасай алады.



65-66


Пат - сөзі бізге итальян тілінен енген. Ратта-тең ойын. Пат-бұл шахматтық партиядағы жағдай, барлық фигуралар жүру құқықтарынан айырылғандықтарынан жүруге құқылы жақтың оны қолдана алмауы. Король бұл кезде шахтан табылмайды. Қарсыласқа шах және матты қалай дұрыс қоюға және олардан қалай қашуға болатындығын ойланады. Барлық мүмкін позицияларды қарау керек.

«Тақыр» корольді ферзьбен және ладьямен айдату.

66-68

«Дебют», «миттельшпил», «эндшпиль»

түсініктерімен танысу


Шайқасты бастамас бұрын, қарсыластар өздерінің фигураларын шығарады. Ол 8-10 жүрістен болады. Партияның бұл кезеңі дебют деп аталады. Ол арадағы тартыстың одан әрі көптеген жүрісін анықтайды. Балаларға фигураларды жәй ғана механикалық шығару емес, оның мағынасын түсініп өзінің жүрісін жасауға үйрету керек. Әрбір жүрісті балаларға түсіндіре отырып, алғашқы қадамды біріге жасаймыз.

Дебютті орындаудың 10 алғышарты:

1.Өз фигураңыздың жылдам қозғалуына ұмтылу;

2.бір фигурамен бірнеше рет жүрмеу;

3.фигурларды орналастыру тек олар бір-біріне кедергі келтірмесін;

4. партия басталысымен өз ферзььяңызды шығармаңыз;

5. әр жүрісті белгілеуді түсіну;

6. қарсыласыңыздың фигурасының қозғалысын бақылаңыз;

7.«пешкалықпен» қозғалысты тоқтатумен айналыспау;

8. ортадағы өз фигураңызды бақылауда ұстаңыз

9. өз корольңыздың қауіпсіздігін ойлаңыз;

10. қарсыласқа «қақпан» құрмау.


«миттельшпиль», ойынның ортасы;

«эндшпиль». Ойын соңында, шахмат тақтасында бірнеше ғана фигура қалады.


Қосымша 1



Дидактикалық ойындар

«Сиқырлы дорба». Бұл ойында дорбаға шахматты фигураны салып, балаға сипап сезу арқылы қандай фигура тұрғанын анықтасын. Ойын әсерлірек болу үшін балаға да фигураларды жасыруға рұқсат беріңіз, ал өзіңіз керісінше қандай фигура екенін анықтаңыз. Ойын барысында сіз қателескендей боласыз және бала қуанышпен қателескеніңізді көрсетеді. Ойынның басқа нұсқасында дорбаға фигураның бәрі салынады, және бала сипап сезу арқылы нақты бір фигураны іздейді.

«Шахмат үйшігі». Ағаш шахматты тақтадан үйшік жасаңыз. Ертегі сюжетіне байланысты алты түрлі ақ фигуралар кіреді: «пешкадан» – «корольға» дейін. Король үйшікке көтеріліп құлатуы керек ал басқа фигуралар үйшікті қайта салады.

«Шахматты бауырсақ». Дидактикалық ертегі инстинировка ойынын былай өткізуге болады: «ата» – король, «апа» – ферзь, «пешка»- қоян, «түлкі» – ат, «қасқыр»- піл, «аю» - ладья, ал «бауырсақ» – шар. Бала барлық бауырсақ қашатын фигураларды атап шығуы керек. Бірақ бұл ертегінің аяғында түлкі бауырсақты жеп қоймайды. Бауырсақ одан қашып кетеді.

«Шахматты шалқан». Шалқанды отырғызыңыз. Оның айналасына бала ұзындығына қарай ақ және қара фигураларды тізіп қояды, түсіндіре келе: «ата» – король, «апа» – ферзь, «немересі» – піл, «Жучка күшігі» – ат, «мысық» – ладья, «тышқан» – пешка.

«Үлкен және кішкентай». Баланың алдына алты түрлі шахматты фигураны қойыңыз. Баладан ең ұзын фигураны табуын өтініңіз және оны шетке алып тастаңыз. Кейін бала қалған фигуралардың ішінен ең ұзынын ерекшелеп көрсетеді және т.б

«Тыйым салынған фигура». Баланың алдына шахматты фигураларды тізіп қойыңыз. Сіздің сұрауыңыз бойынша бала көрсетілген фигураларды атайды, тиым салынған фигурадан басқаларын.Тиым салынған фигураның орнына құпия деп айту керек. Кейіннен орындарыңызбен ауысыңыз және бала көрсетіп отырған фигураларды атай отыра кейде қателесіңіз. Егер бала сіздің қателескеніңізді байқамаса өзіңіз соған көрсетіңіз.

«Не ортақ?». Екі түрлі шахмат фигураларын алып, баладан оның несімен ұқсайтындығын? және айырмашылығын сұраңыз. (түсімен, формасымен)

«Ақ және қара». Үстелдің үстіне шашыраңқы түрде алты әр түрлі ақ және қара фигураларды қойыңыз. Дидактикалық ойынды бастап, шетке бір фигураны қойып, оның атын және түсін атаңыз. Мысалы: «Ақ ферзь». Бала ойынды жалғастыра отырып, басқа шахматты фигураны таңдап, оның атын және түсін айтуы керек. (ойынның талабы сондай)

«Бастың үстінде». Қандай да бір шахматты ойынды атаймыз. Оны тез тауып басынан жоғары көтеруі керек. Мысалы: «Қара король». Сіз келесі жаңа шахмат фигурасын елестетіңіз т.с.с

«Ойлан тап». Қандай да бір шахмат фигурасын жасырып, оны жұдырығында ұстаныз. Бала бұл қандай фигура екенін табу керек. Бала жасырған фигураны тауып алғаннан кейін фигураны ол өзі жаңа фигураны арқасында жасырады және т.с.с.

«Аз үйме». Барлық шахмат фигуралары үймеде жатады. Сіз көзіңізді жауып, қандай да бір фигураны алып, қолмен сипап көресіз.Таңдап алынған шахмат фигурасына сіз қате жауап бересіз. Көзіңізді ашып баладан сұрайсыз: Солай ма? Бала сізді түзейді. Содан рөлдерінізбен ауысасыздар.

«Мектеп». Шахмат тақтасын торкөз жағымен төмен қаратып аударыңыз,тереңдетілген жағына шахмат фигураларын қойып балаға айтыңыз: бұлар сенің оқушыларың. Оның есімі қалай?... Ал мұның ше?...

«Түс». Балаға бір қатарға барлық ақ және барлық қара шахмат фигураларын қоюды сұраңыз. Бала тапсырманы орындап біткен соң рөлдеріңізден ауысыңыздар. Ақ фигураны орналастырғанда «қате ретінде» 1-2 қара шахмат фигурасын қойыңыз. Бала сіздің қателігіңізді байқап,оны көрсетуі керек.

«Қатар». Бала қатарға пешканы, атты, пілді, ладьяны, ферзьяны корольді қою керек. Содан бала сізден тапсырманы дұрыс орындалғанын тексеруді сұрайды.

«Пирамида». Балаға ақ ладьяға қараны содан қайта ақты содан қараны, ал ең үстіне ақ пешканы қоюға кеңес беріңіз. Баладан басқа фигуралардан пирамида құруға болмай ма деп сұраңыз.

«Бойымен». Бала бір түсті 6 шахмат фигурасын атын атап бойымен қою керек.

«Қуаласпақ». Бір ақ фигураны таңдаңыз, мысалға, пешка, оны жүгіріп баратындай етіп үстелге қойыңыз.Содан бала қандайда бір қара фигураны таңдап сіздің фигураңызды қуалау керек. Сіздің шахмат фигураңыз «қашсын», бірақ баяу, баланың фигурасы оны қуып жетуі керек. Содан рөлдеріңізбен ауысыңыздар.

«Тығылмаш». Бөлмеге бірнеше шахмат фигурасын жасырыңыз. Бала оларды тауып, оларды атауы тиіс. Содан бала фигураларды жасырады. Бұл жағдайда сізде шахмат фигурасы толық емес болады.

«Кім жылдам?». Барлық шахмат фигураларын үстелге қояды. Балаға сізбен осындай ойында жарысуын ұсыныныз. Белгіленген жерге 2-3 бірдей шахмат фигураларын кім жылдам жинайды.



«Орындықтың үстінде» Орындықтың үстінде қандай да бір шахматты фигураларды қойыңыз. Орындықтың екі шетіне баламен бірдей қашықтықта тұрыңыз . Үшке дейін санап «үш» дегенде орындыққа қарай жүгіріңіз. Кім бірінші шахматты фигураны алады, сол оны атауы керек.

«Дәл осындайды шегер» Барлық шахматты фигураларды үстелдің үстіне қоямыз. Қорапқа бір фигураны салып тастаңыз. Баладан осы фигураның атауын сұраңыз және осыған ұқсас фигураны қорапқа салуын талап етіңіз.

«Толы үйшік» Үстелге толық шахматтық фигуралардың топтамасын қойыңыз. Қасындағы тордың төмен жағында ашық шахматты тақта жатыр (немесе фигураға арналған қорапша). Балаға бір шахматты фигураны ұсыныңыз және оның атын ататқызып, қорапшаға немесе шахматты тақтаға «ұйықтатуын» сұраңыз, сонымен қатар барлық шахматты фигуралар қорапшаға жиналмағанға дейін. Соңында бала қорапшаның бетін жабады. Соңғы екі ойын шахмат фигураларын қызықты жинау үшін арналған.

Жеке дара сабақты тиімді өткізу үшін келесі дидактикалық ойын тапсырмалары беріледі: «Алтын дорба», «Шахмат үйшігі», «Шахматты бауырсақ», «Шахматты шалқан», «Тыйым салынған фигура», «Ойлан тап», «Пирамида», «Жасырынбақ», «Қуаласпақ», «Мектеп», «Толы үйшік».

Топтық сабақты жүргізу үшін келесі ойын тапсырмалары беріледі: «Кім жылдам», «Орындықта», «Бастың үстінде», «Қатар», «Ақ және қатар», «Не ортақ», «Үлкен және кішкентай», «Тыйым салынған фигура», «Алтын дорба», «Шахмат үйшігі», «Шахматты бауырсақ», «Шахматты шалқан».

Әдетте 2-3 сабақта 15-25 минут жеткілікті, 3-6 жастағы барлық балалар шахмат фигураларын үйреніп алады.

Қосымша 2

ТАҢҒАЖАЙЫП ТОРКӨЗДЕР
Дымбілмес Қарындашқа бізге шахмат тақтасын жасап берші, – деп өтінді.

Қарындаш ойланып жауап қатты:

– Есіме түсті! Торкөздері әртүрлі ашық және қою түстерден тұрады.

Алдымен Қарындаш ашық түсті торкөзді салды.

Қою түсті торкөзді – жанына салды.


  • Бұл шахмат жолдары, –деп түсіндірді Дымбілмес.

  • Ашық түсті торкөздер – ақ жолақта. Қою түсті торкөздер – қара жолақта. Бұл солай, бауырларым.

Ашық түсті және қою түсті торкөздері және жолақтарға жан бітіп қозғалып олар күле бастады.

Содан кейін олар бір–біріне қарап томсырайды.

Бір– бірін итеріп, әр жаққа қарай қаша бастады.


  • Жолақтар, тоқтаңыздар! – деп Қарындаш айқай салды. – Мен әлі шахмат тақтасын салып бітірген жоқпын.

Ақ және қара жолақтарды Қарындаш тез–тез сала бастады. Бірақ, ол үлгеріп салып аяқтағанына қарамастан, бұлар да әр жаққа қарай қаша бастады.

Қарындаш қанша торкөздері керек болса, сонша салды, шаршадым деп үн қатты көңілді адамдарға:



  • Болды, енді ұстаңыздар оларды!

Көңілді адамдар айқай-шумен тентек торкөздер-жолақтарды арттарынан қуа бастады.

Бірақ жолақтар Буротиноның тұмсығының астынан ұстатпай, Чиполлиноның қолынан сырғып шығып, Дымбілместің екі аяғынның арасынан өте шықты. Бәрібір барлық торкөздер ұсталынды, бірақ бір қатарға қара жолақтар мен ақ жолақтар бірге тұрудан бас тартты.



  • Олар өте қап–қара, – деді, қырсығып ақ жолақтар.

  • Олар өте ап–ашық, –деді, бұрқылдап қара жолақтар.

Сол кезде Ақ Король ашуланып, түнеріп булықты, Қара Король ашуланып бозарды, екі Король да бір дауыспен бұйрық беріп қорқытты:

  • Егер, қазір, өз орындарыңа тұрмасаңдар, біз басқа шахмат тақтасын тауып аламыз, ал сендермен ешкім ойын ойнамайтын болады.

Ақ және қара жолақтар қорқып, бір–бірін қапсыра қатты құшақтады, сол кезде шахмат тақтасы пайда болды. Дымбілмес шахмат тақтасынының бір жағына шығып, ал қалған көңілді адамдар шахмат тақтасының келесі жағына орналасып отырды.

  • Қазір, біз сіздермен қарсыласпыз, бауырларым. Ойыншы - шахмат ойынын қарсылас болып ойнады. Менде ақ түсті оң жақ жолақ, – демек, шахмат тақтасы арамызда дұрыс тұр.

Сол кезде жолақтардың іші пысты, бір–бірін қапсырып құшақтап тұрудан, олар қайтадан бұрыш–бұрышқа қаша жөнелді. Көңілді адамдарға қайтадан жұмыс табылды тентек жолақтарды қуып ұстауға.

Қосымша 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет