Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Н. А. Ахметов Ж. Е. Бекбергенова тоғЫЗҚҰмалақ ойынның



бет6/14
Дата01.08.2022
өлшемі431.21 Kb.
#459859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
-1968310545 план месец

Ойынды есептеу жолдары


«Тоғызқұмалақ» ойынын үйрену онша қиын емес. Бірер ойнағаннан кейін жүрістерді жаттап алуға болады. Бірақ осы сәтте үйренуші бірнеше заңды сұрақтарға тап болады. «Қалай тез жүруге болады?» «Соңғы құмалақ қай отауға барып түсетінін тез арада қалай есептеуге болады?» т.с.с.Ойынның жүрісі құмалақтарды отау-отауға салып отыру болғандықтан қарт құмалақшылар отау мен құмалақтарды сұқ саусақтарымен санайды да отырады. Бұл әрі ойынның тездігін тежейді, әрі қателесіп кетуге ұрындырады. Міне, сондықтан ұсынып отырған жаңа әдісі тақтадағы қандай жағдайда да қай жүрісті жүруге болатынын көрсетіп беруге болады.
«Тоғызқұмалақ» ойынының бір ерекшелігі әрі басқа ойындардан артықшылығы - әр отаудың номері мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол отаудың шабуыл мүмкіншілігін, яғни соңғы құмалақтың дәл қай номелі отауға барып түсетіндігін көрсете алатындығы.
Сондықтан ойын барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласының немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласыңның қай отаудағы құмалағы сенің ашық отауыңы қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады.
Ойын барысында, отаудың шабуыл мүмкіншілігін тез арада білу үшін, мына төмендегі үш түрлі математикалық есептеу жолдарын қолдану қажет.
Бірінші есептеу жолы.
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай номерлі отауға барып түсетінін анықтау үшін, әрқашанда, асол отаудың ойынды жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрларының арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы 3отауда 17 құмалақ бар. Яғни 3+1+7. Қосындысы – 11.
а) Егер сандардың қосындысы 10, немесе 10-ға жетпейтін болса,
қосындыдан 1-ді шегереміз.
ә) Егер сандардың қосындысы 10-нан артық болған жағдайда, қосындыдан 10 санын шегереміз.
Ақ жағы Қара жағы

  1. 79:610 79:610

  2. 910-911 911-112

  3. 111:212 511:63х

  4. 413:74 52-64

  5. 213:52 115-63

Міне, осы бес жүрістен кейінгі жағдайды тақта бетінде көрсетсек төмендегідей жағдай болады.
Жүріс кезеңі ақ жағынан. Бұл позицияда оның бір ғана күшіті жүрісі бар. Ол жүріс-үшінші отаудағы 15 құмалақты жүру. Сонда ол қарсыласының 8 – отауындағы 13 құмалақты ұта алады. Бірақ жарыс тәртібіне байланысты жедел ойнау кезінде бұл жүрісті қалай тез табуға болады? Міне, біздің жоғарыда ұсынған әдісімізді қолдану осы жерде керек. Ол өзінің 3-отауындағы жатқан 13 құмалақтың соңғысы қара жағының қай отауына барып түсетінін есептесе былай болады:
315 = 3 + 1 + 5 = 9 – 1 = 8
9 8 7 6 5 4 3 2 1




3




5

1

4

4

3

1




6

3

2

5

3

6




5

4

5

8

1 2 3 4 5 6 7 8 9
Кеңірек тоқталайық. Үшінші отауда 15 құмалақ жатыр, яғни – 315 = 3 +1 + 5 = 9. Жоғарыда айтқандай, қосынды 10-ға жетпегендіктен 1- ді алып тастаймыз. Сонда 8 – қалады. Яғни бұл жүріс қарсыласының 8- і отауына барып түседі деген сөз. Яғни оған оған 315:814 жүрісін жасау керек.
Егер ол 7- отауындағы 5 – құмалақты жүретін болса, қара жағының 2 – отауындағы үш құмалақты ұтып алады екен (75:24). Ал егер 8 – отаудағы 14 құмалақты жүретін болса (814 = 8 + 1 + 4 = 13 – 10 = 3 ) соңғысы өзінің 3отауындағы 15 құмалаққа келіп түсіп, ол отауды жабады екен.
Екінші есептеу жолы.
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын (3-ші отауда 17 құмалақ бар, яғни – 3+17=20) қосамыз да:
а) Егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.
ә) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10 алып тастаймыз.
б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе 20-дан артық болса, қосындыдан 19
аламыз.
в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 аламыз.
г) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.
Үшінші есептеу жолы.
Бұл – жүрістерді есептеудің ең жеңіл жолы. Жүріс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетінін табудың бұл үшінші жолы – ілгері және кері есептеу болып табылады. Мұнда – 10, 19, 28, 37 сандарын әрқашанда есте жақсы сақтай білу керек. Оның себебі – жүріс кезінде 10 құмалақ жатқан отаудан басталған жүріс қарсыласының аттас номерлі отауына дәл барып түсіп жатады. Отауда 19 құмалақ болса, ол отаудан басталғаннан жүріс құмалақтарды барлық отауға бір-бірден салып шыққанда соңғы құмалақ қайтадан өз орнына қайтып келіп түседі. Отауда 28 құмалақ болса, ол екі жақтың барлық отауларын бір айналып шығып , қайтадан қарсыласының аттас номерлі отауына дәл барып түсіп жатады. Отауда 37 құмалақ болса, ол барлық отауды екі айналып шығып, қайтадан өз орнына келіп түсіп жатады.
Сонымен біз «Тоғызқұмалақ» ойынының математикалық есептеу жолдарын ортаға салдық. Жүрісі тым қиын болып келетін бұл қызықты ойынмен шұғылданған талапкерлер үшін математикалық есептеудің үш жолын жетік біліп алу қажет. Егер сіз осы есептеулерді санаңызға тоқып алып, ойын үстінде қолданатын дәрежеге жетсеңіз, «Тоғызқұмалақ» тақтасының бетіндегі бүкіл отаулардың тізгіні сіздің қолыңызда болады. Әрине, сан-салалы, шексіз өрнектер жасауіға болатын «Тоғызқұмалақ» ойынын үйренуде тек осыны білсем жетеді дп ойлау қате.
Әрбір талапкер үшін ойынның ортасы мен аяқ шенінде өз жағындағы жүрістердің ғана мақсатын белгілі құмалақтарды дұрыс салу және барлық жүрістердің санын есептеу ғана жеткіліксіз. Жеңістен үміткер ойыншы оған қосымша қарсы жақтың да мақсатын біліп, барлық жүрістердің санын үздікғсіз есептеп отыруы керек. Оның мақсатына қарсы кедергі жасау жолдарын қарастырып, жоспар жасағаны да дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет