Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз
байланысты деп үйретеді Абай.
Сонымен, жетілудің негізі–жанды, жүректі жетілдіру екен. Бұл–адамның
ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан
сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы-әділеттілікті
жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау
шоқтығын,
қастерлі
биігін
ғұлама
Шәкәрім
былайша
өрнектейді:
Нысап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп жан сақта.
Ол жолда өлсек, неміз кетті,
Мақсатқа жетпей қалсақ та. («Анадан алғаш туғанымда», 1929).
Жан тыныштығына жету
(Дейл Карнегидің кеңестері)
1.Ойыңыз көңілді болсын, өзіңізді көңілді ұстауға тырысыңыз, сонда өмірге
құлшынысыңыз өсе түседі.
2. Ешқашанда өзіңізге жамандық жасаған адамға өштесіп, қарымта жамандық
жасауға тырыспаңыз, өйткені сіз бұл қылығыңызбен өзіңізге көп залал
келтіресіз.
3.Біреудің рақымсыздығына ренжіп, уайымдаудың орнына ешкімнен мақтау
күтпеңіз. Есіңізде болсын, бақытты болудың бірден-бір жолы – біреуден
рахмет күту емес, өз қуанышыңыз үшін жақсылық жасау.
4.Өзіңіздің бастан кешкен сәтті кездеріңізді ғана есептеп, жамандықтарды
ұмытыңыз. Өмірде алдыңызға екі мақсат қойыңыз. Біріншісі – ұмтылған
нәрсеге қол жеткізу.
Екіншісі - өз жетістіктеріңізге қуана білу.
5. Біреуге еліктемеңіз. «Еліктеу - өзіңізді өзіңіз қинау».
6. Өмірде ең бастысы - өзіңіздің табыстарыңызды барынша пайдалану емес. Бұл
кез- келген ақымақтың қолынан келеді.
Ең бастысы-өзіңіздің жоғалтқан нәрсеңізден пайда табу. Ал бұған ақыл
Достарыңызбен бөлісу: |