Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы



бет4/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.89 Mb.
#18255
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мұрағат, ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның құжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші мекеме болып саналады.

Сақтау бірлігі дегеніміз ол, құжаттың түрі , немесе тағы бір белгісі бойынша жеке номермен белгіленген сақтауға алынған құжат.

Іс дегеніміз ол, бір фактіге, немесе объектінің бір тақырып, мазмұны бойынша жинақталған құжаттар аталады.

Іс, басты «инициативалық» құжатпен ашылады, ал соңында «аяқталу» құжатымен жабылады.

Іс, бір неше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.

«Кіріс», құжаттардын келеген уақытын белгілейді, ал «шығыс құжаттары», қашан құрастырылған уақытын белгілейді.

Істін бастанғы және сонғы уақыты құжыттын шеткі мерзімі деп аталады.

Ол бір күнді немесе бірнеше жылдарды қамтуы мүмкін.



Мұрағат қоры дегеніміз, мемлекетпен сақтауға алынған, бірнеше жылдар бойы құрастырылған құжаттардын комплексі \ мекемелердін құжатары, жеке адамның өмірлік құжаттары т.б\.

Мұрағат қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинақталады, тура солай жанүялық құжаттар да, міне сол құжаттарды жинақтағанда фонд құрастырушы деп аталады. Мұрағат мекемесі осы фондттарды арнайы тізіммен алып сақтауға , зерттеуге алады.

мұрағат көлемі, сақтауда тұрған сақтау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз , мың бірлікке жетуі мүмкін.

Мұрағат коллекциясы дегеніміз, тақырыптық, практикалық немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске бірікке құжаттар жатады, олар фонд сыртында жинақталуы мүмкін.


Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.с.14-18.

2. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах».

А. 1998 г. 22 декабря.

4. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.с.44-47

5. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские

новости. 1995, 10 января.


Бақылау сұрақтары: 1. Мұрағаттану пәнінің мақсаты мен міндеттерін ата?

2.Мұрағат қоры дегеніміз не?

3.Мұрағаттағы сақтау бірлігіне сипат бер?

4.Іс құжаттары дегеніміз не?


2 тақырып. ХХ ғ. 20-30 шы жылдарындағы мұрағат ісі.
Мақсаты: Революциядан кейін Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылуы және алғашқы қиындақтар мен мәселелердің шешу жолдарын талдау. Жергілікті , қалалық мұрағаттардың жұмысын жүйеге келтіру барысында жасалған іс шараларға мінездеме беру, мұрағат қорларындағы ғылыми зерттеу жұмысына нық көңіл аударылды. Мемлекеттік мұрағаттардын Ішкі істер комиссариатының қарамағына кіру себептерін анықтау.

Жоспар:1.Алғашқы іс шаралар.

2.Алғашқы қойылған талаптар мен шешімдер.

3. Қызылордадағы алғашқы конференциясы.

1.Мұрағат мекемелерінің жүйесін жетілдіру барысында қалалық, аудандық мұрағаттарда бөлімшелерін ұйымдастыру жолдары.Республикалық мұрағатта Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды басқа республикасынан жинақтап шоғырлануы.Ресубликалық мұрағат мекемелерінің Ішкі істер халық комиссариаты мекемесіне кіруі.

Қазақ революциялық комитетінің ғылыми бөлімінің мәжілісінде орталық мұрағат қорды ұйымдастыру туралы мәселесінің қаралуы. ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты қарамағындағы Ғылым комиссиясының қызметі. Қазақстанда мұрағат ісі мәселелерімен айналысатын орган ретінде 1919ж Орынборда, Халық ағарту комиссариаты қарамағында Бас мұрағат басқармасының құрылды.

1920 ж науырызда, мамыр, шілде айларында Кирөлкелік әскери комиссариаттың тарих статистика бөлімі тарапынан архивті үйымдастыру жөнінде мәселе көтеліліп жасалынды. 1921 ж 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архив үйымдастырылды.Ол 1922 ж күзінде Өлкелік орталық архив деп аталды. ҚАКСР мұрағат ісі Басқармасының 1921 жылғы 6-шы шілдедегі барлық кеңестік және мемлекеттік мекемелерге, азаматтарға революция және революциялық құрылыс тарихы бойынша құжаттарды жинау және оларды орталықтанған түрде сақтау қажеттігі туралы үндеуі.

Алғашқы республикалық мұрағат – Орталық өлкелік мұрағаттың құрылуы. 1922 жылғы 24-ші қаңтардағы Орталық өлкелік мұрағат туралы ереже. Орталық мұрағаттың міндеттері бойынша Қазақстанда Бүкіл Ресейлік Бір архив Фондының болімшесі ашылды. Ал губерния бөлімдері , губисполкомдарға бағынды. 1925ж Орталық Өлкелік мұрағат Қызыл ордаға көшіп , оның қорына Торғай облыстық мұрағат қоры кірді, бұл қорда 1868 ж дейінгі материалдар жинақталған болатын. Ал істердін бір бөлігі Орынбор бюросына беріліп ; олар Ресейдін орталық мұрағатына түсті.

Солай, 20 жылдары , жалпы Орталық Өлкелік қорда - 30 қор, 23 мың 828 сақтау бірлігі болды. 1927ж Бөкей губерниясына қатысты мұрағаттық істердің Астрахань губерниялық мұрағатынан Ордаға беріліп, қордың мазмұны кұрделене түсті. 1926 ж 30 тамызда Қырғыз автономиясының арнайы шешімі қабылданды, сол шешім бойынша мұрағаттық құжаттарды сату және жою жөнінде талаптардың күшейтілді және «Жергілікті мұрағат қорын ұйымдастыру және мекемелердегі құжаттарды бір жұйеге келтіру жөнінде».

Мұрағаттық құжаттарды пайдаланудағы кеңестік биліктің саяси мүддесі. Жаңа биліктің қарсыластарының құжаттарын іздестіру және жинау.

Бас мұрағат пен оның жергілікті мекемелерінің Халық ағарту комиссариаты қарамағынан алынып ҚАКСР ОАК-не қарамағына берілуі. ҚАКСР-нің Орталық мұрағаты және губерниялық мұрағаттар туралы ережелердің бекітілуі. Республикадағы губерниялық мұрағаттық бюролардың қызметі. Тарихи зерттеулердің құжаттық базасын жасау. Қазан төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдарды жинау және зерттеу шаралары. РКП(б) Қырғыз облыстық комитеті қарамағында Қазан төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдарды жинау және зеррттеумен айналысатын арнайы комиссияның (Истпарт) құрылуы.

Орталық өлкелік мұрағаттың Орынбордан Қызыл Ордаға көшірілуі. Уездік мұрағаттарды ұйымдастыру. Қазақстанның мұрағат қызметкерлерінің 1927 жылы Қызыл Ордада өткен алғашқы конференциясы. Республикада мұрағат ісін жария етуді күшейту шаралары.

Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи-революциялық маңызға ие түрлі құжаттарды жүйеге келтіру және оларды Орталық өлкелік мұрағатқа өткізу мәселелерін реттеу. Шекаралас облыстар мен республикалардың мұрағаттарында Қазақстан тарихына қатысты сақтаулы құжаттық материалдарды жинақтау.

Орталық мұрағаттың Қызыл Ордадан Алматыға көшірілуі. ХХ ғ. 30 жж. мұрағаттарды басқару органдарының қайта ұйымдастырылды. Мұрағат мекемелерінің жүйесін жетілдіру барысында мұрағат бөлімшелерін ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.. Қалалық және аудандық мемлекеттік мұрағаттарда мұрағат ісінің жолға қойылуы. Республикалық ұжымшар, кеңшар және МТС-тардағы мұрағаттардың жағдайын тексеру.

ҚАКСР Орталық мұрағат басқармасының (ОМБ) қызметі. Мұрағат органдары мен мұрағаттар туралы жаңа ережелерді талдау. Қазақстанның халық комиссариаттары мен орталық мекемелерінің мұрағаттарын реттеу. Мұрағат органдарының аппаратын күшейту және білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері.

Мемлекеттік сақтауға жататын Мемлекеттік мұрағаттық қор (ММҚ) құжаттарының санаттарын белгілеу. Қазақстанның тарихына қатысты басқа республикалар мен облыстардың мұратттарында сақтаулы құжаттардың басым бөлігін республиканың мемлекеттік мұрағаттарында шоғырландыру ісінің аяқталуы. Мұрағаттық құжаттарды және істерді сипаттау. Ғылыми-зерттеу мекемелерімен байланысты күшейту. Мұрағаттардың басылымдық қызметі. Мұрағат мекемелерінің аппаратын жергіліктендірудің әлсіздігі және кадрлардың тұрақсыздығы. Орталық мұрағаттың бөлімшелерін қысқарту. Облыстық мұрағат бюроларын ұйымдастыру. ОМБ мен облыстық басқармалардың штатын көбейту.

Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі. Қазан төңкерісі және социалистік құрылыстың Орталық мемлекеттік мұрағаты. Одақтық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі. Дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты. КСРО фотофонокиноқұжаттарының Орталық мұрағаты. Қызыл Армияның Орталық мемлекеттік мұрағаты. Орталық Әскери-тарихи мемлекеттік мұрағаты.

Білікті мұрағатшыларды даярлау. Мұрағаттану институтын (Мәскеу тарихи мұрағат институты) ұйымдастыру.

1936 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік аппараттағы өзгерістер. Мұрағат мекемелерінің Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілуі. Қазақ КСР БМБ-ның Ішкі істер халық комиссариатының мемлекеттік мұрағаттар бөлімі болып өзгеруі. Мұрағаттар тоталитарлық режим аясында. Орталықтандыру принципі мен мұрағаттық қорлардың біртұтастығы принципінің бұзылуы. Арнай мемлекеттік мұрағаттардың және партия мұрағаттары жүйесінің құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттардың және бұрынғы КОКП мұрағаттарының жеке дербес әрекет етуі.

Мұрағаттардың ғылыми-басылымдық жұмысы. Мұрағатты құжаттарды саяси және идеологиялық мақсаттарда пайдалану. Халықтардың өткен тарихын бұрмалау
Әдебиеттер: 1. Архивоведение, археография. М. 1984. №2,с.6-8

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003,с.142-152.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

4. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.,с.12-23

5. Муканова А.А. Государственные архивы Казахской ССР//Советские архивы.1983 №3.

6. Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001.


Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы республикалық мұрағат қашан құрылды?

2. 1927ж өткен алғашқы конференцияның қозғаған негізгі сұрақтарды ата?

3. Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары?


3-4 тақырып: ХХ ғ. 40-80 ж.ж. мұрағат ісі.
Мақсаты:. Соғыс жылдарында Қазақстанға батыс аймақтардан архивтер көшірілді, олар Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеуде үлкен үлес қосты.

Қордағы құжаттарды сақтау барысында Қазақ КСР Министірлік тарапына шыққан Мұраға басқармасы туралы ережені қарастыру 70-80 жылдары жалпы мемлекеттік қорлардың жұмысын нығайтуда атқарылған іс шараларға анықтама беру.

Құжаттарды жіктеу принциптері мен сақтау әдістерін жетілдіру жалдарын қарастыру.

Жоспар:

1. ХХ ғ. 40-60 жж. мұрағат ісі.

2. 1970-80 жж. мұрағат ісі.

1.Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында. Ресейдің батыс аудандарынан мұрағаттарды Қазақстанға көшіру. Қазақ КСР Орталық фонофотокиноқұжаттарының мемлекеттік мұрағатын ұйымдастыру.

Мұрағаттардың ғылыми басылымдық жұмысы. Мұрағатты құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану. Құжаттарды халық шаруашылығының мақсатына пайдалану үшін іздестіру.

Қазақ КСР мұрағаттық басқару органдарына басшылық жасаудың жақсартылуы.

Соғыстан кейінгі кезеңдегі мұрағат мекемелері. Республиканың министрліктер мен ведомстволарындағы мұрағаттық материалдардың сақталуын жақсарту шаралары. Ведомстволық қарасты мекемелерде құжаттармен жұмыс жасауды бақылау.

1950 жылдардың ортасына дейін мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілген.Өйткені ол кезде жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілген.Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарын бағалап,қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастап еді. 50-жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер шығады. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтеріледі.Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығын сұрыптау жұмыстарында қайта құру жүргізіледі.Осы уақыттан бастап мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың В.А. Еримченко көп үлес қосады.Аталған авторлардың еңбектерінде мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау көздерін анықтау, құжаттардың пайда болуы мен мазмұны,құндылығы ашып көрсетіледі.Сонымен қатар КРОММ-да жеке адамдардың құжаттарын жинау тарихы,жүйелеу жұмыстары туралы Т.Әбілованың еңбегі пайдаланылады.

Республикалық мемлекеттік мұрағаттарды және Алматы облыстық пен Алматы қалалық мемлекеттік мұрағаттарын біріктіру. Республиканың мұрағат органдарының ведомствоға қарасты және құқықтық жағдайының өзгеруі. Қазақ КСР ІІМ-нің Мұрағат басқармасының қайта құрылуы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат басқармасы туралы ереже. 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі (№667) Жарлығы бойынша Ішкі істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық,аудандық архивтер тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді.Архив басқармасының құрылымына 1965,1967 жылдары аздаған өзгерістер енді.

Мұрағатттық материалдары тұрақты құрамдағы мұрағаттарды ірілендіру. Облыстық мемлекеттік мұрағаттардың филиалдарын құру. Құжаттардың құндылығын сараптау және олармен ММҚ-ды толықтыруды жетілдіру шараларының бағдарламасын жасау. Ведомстволық мұрағаттарды ретке келтіру және министрліктерде іс жүргізудің жағдайын жақсарту.

Мұрағаттану және құжаттану салаларында ғылыми зертттеу мәселелерінің қойылуы. Бүкілодақтық құжаттану және мұрағаттанудың ғылыми зерттеу институтының (БҚМҒЗИ) құрылуы. Республикада ведомстволық мұрағаттар мен іс жүргізу қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін көрсету. Іс жүргізу мен мұрағаттың орта буынды кадрларын даярлау. Алматы қаласында орта оқу орнын ұйымдастыру. Мұрағат мекемелерінің қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастыру.

2.Мұрағаттарды басқару органының қайта құрылуы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы БМБ-ның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың стандартын іс жүзіне енгізуді бақылауға алуы.

Орталық ғылыми-техникалық құжаттаманың мемлекеттік мұрағатының құрылуы.

Мұрағат мекемелеріне ұйымдық-әдістемелік баслық жасауды жақсарту талаптарының күшейтілуі. Іс жүргізу мен мұрағаттардың жұмысының жолға қойылуының республикалық байқауын өткізу.

Қазақ КСР-ның 1978 жылғы 11 тамыздағы «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы» заңы.

КСРО Мемлекеттік мұрағаттық қоры туралы ереже. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасы туралы ереже. Орталық мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің бекуі.

Аса құнды құжаттарға сақтандыру қорларын жасау мәселесінің қойылуы. Министрліктер мен ведостволардың мұрағаттық құжаттарын сақтауды жақсатудың талаптарын күшейту. Құжаттарды жіктеу принциптері мен әдістерін жасау.

Мұрағаттарды басқару органдарының ұйымдастыру жағынан қайта құрылуы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасы және Орталық мемлекеттік мұрағаттар туралы ережелердің бекітілуі. Жеке құрам бойынша ведомствоаралық мұрағаттарды ұйымдастыру. Экономикалық талдау және есепке көшу әдістерінің мұрағат ісіне енгізілуі. Аудандық атқару комитеттері жанындағы жеке құрам бойынша мұрағаттардың шаруашылық есепке көшірілуі. Республиканың Орталық мемлекеттік мұрағаттарының негізгі қорларының құрамы мен мазмұнына шолу.

Соғыс жылдарында СССР-дің мұрағаттық мекемелері мұрағаттарды реттеу, оларды сақтау, документтерді жариялауды жалғастыра берді. Соғыс жылдары басында батыстағы мұрағаттар Сібірге, Қазақстанға және т.б. республикаларға көшірілді.

Қазақстанға облыстық мемлекеттік архивқа жинақталған және кейбір қалаларды, қалалық архивтар бөлімінде жинақталған 16-ақ вагон енгізілді.

Документ сақтауға қолайлы жердің болмауынан дымқыл жеде тұрғандықтан құжаттардағы ақпаратты алу мүмкін болмай қалды. Соған қарамастан архивтік қызметтің барлық жақтарына бағытталған жұмыстар қиын жағдайға қарамастан жлғаса түсті. Соның ішінде соғыс жылдарында, нақтырақ айтқанда 1943 жылдың қаңтарында киноқұжаттармен, дыбыс баспаларын шығарушы ортаұ мемлекеттік Архив пайда болды. Соғыс жылдарынан кейінгі бастапқы кездерде архивтар көбіне Ұлы \Отан соғысына қатысушылар туралы құжаттар жинаумен айналысты. 1950 жылдың басына «Документалды материалдар жазылуының негізгі қағидалары» шығарылды.

Соғыстан кейін жылдарда мұрағатшылар өздерінің практикалық қызметтерін мынадай бағыттардағы: археография, архивқа кіріспе, соғынан құжатқа кіріспе сияұты аумақтағы ғылыми ізденістермен байланыстырды. Яғни, қарапайым практикалық іс-әрекетпен шектеліп қана қоймай, архивқа кіріспе аумағында кейбір мәселелдің теориялық зерттемелерді жүогізе алды. 1955 жылы ғылыми қолданысқа және негізгі қайнар көз болып табылатын тарихи құжаттардың басылуына негіз болған «Тарихи құжаттардың шығарылу қағидалары» басылып шықты. Беріген қағидалар бірнеше жылдар бойы ғалым- мұрағаттанушылар арасында зерттелініп, мемлекет ішіндегі архивтік мекемелер қызметінде практикалық қолдансқа ие болды.

Құжаттық жұмыстардың дамуындағы және оның ғылыммен тығыз жақындасуына бастау болған бастапқы факторы ЭМ ВД жүйесіндегі архивтік мекемелерді Советтік Министірлер кеңесімен негізгі архивтік басқаруға ауыстыру болды. Бұл өткен жүзжылдықтың 60- шы жылдарында жүзеге асты. 60- шы жылдары және 70- ші жылдардың басында негізгі назар эффективтілікті көтеруге және құжаттармен жұмыс сапасын арттыруға бағытталды. Бұл кезеңдрдегі мұрағаттық мекемелердің қызметі болашақтағы құжатар ақпараттарымен жұмыс істеу талаптарын қамтамасыз етуге бағытталып отырды. Мұрағаттық мекемелер ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар: индустриялизация, коллективизация және мәдени құрылыс тарихын көрсетуші құжаттар жинағын шығаруға дайындық жасады . Қазақстандағы мұрағаттық мекемелердің негізгі жұмысы соғыстан кейінгітапсырмалардың тез орындалуын көздейтін 5 жылдық жоспардың орындалуына бағытталса, екінші жағынан мемлекеттегі социализмді құруды жеделдету идеологиясына тәуелді болды. Қандай жағдай болмасын ресми есептерді рапорт формасында көрсетілген мемлекеттің архивтік жетістіктері бар, және оны жасыру мүмкін еме с.

Сонымен ал 60 ж. аяғы мен 70 ж. басында мұрағаттық мекемелер мұрағаттық жұмыстарды дамытуда, 5 жылдық жоспарды атқаруда маңызды жұмыс жасады.1966 ж. қаңтарынды Қазақ ССР Совет министірлігі мемлекеттегі мұрағатты жқмыстардың одан ары жақсаруына Қаулы қабылдады. Мұнда 5 жылға белгіленген тапсырмалар болды. Бұл қаулының шыныайландырылуы сол орындардағы мұрағатар жұмыстыр күйінің терең талдануы мен анықталған бағытын талап етті.

Талқылауға тұспа-тұс келетін қабылдауға мұрағаттық ұйым ғана емес мекемелер де қатыстырылды. Жергілікті өзін- өзі басқару мүшеліктер: облыстық, қалалық, аудандық т.б. жалпылыап айтқанда қайсында жергілікті мұрағатары бар барлығы түсті. Басқару үрдістерін жүзеге асыру мен басқару үрдістерің нәтижелерін қабылдауын талқылау үшін әдіскерліке кіріспе мекемелеріне арналған Бірлікті типтік құралдар бекітілді және таратылды.

1966 жылы мемлекет мекемелерінде, ұйымдарында, кеңестерінде мұрағаттар күйі ідіскерлер және жеке құрылымдық құжаттары бойынша тексерулер жүргізілді.

Республика аумағында 70- ші жылдардың басында – Қазақ ССР – нің орталық мемлекеттік мұрағаты, 17 облыстық мемлекеттік мұрағат және 31 облыстық мемлекттік мұрағат филиалы ұйымдастырылып, қызмет ете бастады. Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы мұрағаттық мекемелер құрылысы аяқталып, 1968 жылы Семипалатинск, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстық мемлекеттік сұрағаттар мекемелерінің құрылысы аяқталды.

Мұрағаттардың жеке бағыттағы жұмыстарына келер болсақ, негізгі назар кең көлемдегі құжаттар жұмысын оңайлатуға арналған ғылыми- анықтамалық құралға аударылды.

70 жылдардың аяғында 500 мыңдай жазба жұмыстары жүзеге асты. Мемлекеттік мекемелер тарихы, әкімшілік- территориялық бөлініс туралы анықтамалар және қысқаша анықтамалардың басқа да түрлері жасалынып шықты.

60- шы және 70- ші жылдары Қазақстандағы социолизм құрылысының негізгі кезеңдерін, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы және т.б тақырыптарды сипаттайтын құжаттар басылып шықты.


Әдебиеттер: 1. Архивоведение, археография. М. 1984. №2,с.4-6

2. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003,с.142-144.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 1998 г. 22 декабря.

4. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.,с.12-16

5. Документальные памятники:выявление,учет, использование.М.Высшая школа. 1988.

6. Алданазарова А. Да, архивы сохранились.Казахстанская правда. 1992,25 июля.


Бақылау сұрақтары: 1.Осы жылдары мұрағат ісінде болған өзгерісте немен байланысты болды?

2.1936ж Конституция бойынша мемлекеттік ақпараттарға еңгізілген өзгерістер?

3. Не себептен арнайы мемлекеттік және партиялық мұрағаттық өзгерістер туындады?

4. Мұрағат құжаттарын қандай бағытта қолдану орын ала бастады?

5.Соғыс жылындағы батыстан қөшірілген мұрғаттардың экономикалық дамуға тигізген әсері?

6.Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат басқармасы туралы ережесіне сипат бер.

7.Мұрағат басқармасының құрылымына 1965,1967 жылдары қандай өзгерістер енді?.

6-7 тақырып: Ұлттық мұрағат қоры.

Мақсаты:Ұлттық мұрағат қорымен танысу және жеке қорларды анықтау.

Жоспары:

1.Ұлттық мұрағат қоры.

2.Мұрағаттағы жеке қор.
1.Тарих – уақытпен байланысты ұғым. Дәуір жүгін арқалаған ұлы далада халық тағдырымен тамырлассан-саналы үлкенді-кішілі дүбірлі оқиғаларды тізіп, тізбектеп,замана жаңарып, уақыт өзгерген тұстардан қалған белгі ретінде жинақтап, сұрыптап, сақтап келген де сол тарих. Соларды танып-білу-әр кезеңдегі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Олай болмаса,әр ұрпақ өз тарихын әр кез жаңадан бастаған болар еді де, ұрпақ сабақтастығы деген ұғым мүлде ұмытылар еді. Өйткені бүгінгі күннің мазмұнды болуы кешеге байланысты. Өткеніне зер салмаған адам ұлттың рухын сезінбейді, елінің , жерінің қадір-қасиетін жете білмейді. Кешегі кеңес кезеңіде осы бағыт содырлы солақай саясаттың өзегі боды десек, артық айтпағандық болар еді. Біз өзіміздің ұлттық тарихымыздан гөрі өзгенің тарихын, партия тарихын егжей-тегжейлі оқыдық. Бір сөзбен айтқанда Ұлы Империялық саясаттың жетегінде болдық. Тәуелсіздікке қол жетіп, рухани еңсемізді тіктеп, халқымыздың тарихи зердесіне ерекше құлшыныспен терең үңілуге ден қойғанымыз – жаңа леп, жақсылық нышаны.

Тарихи фактілерді сақтау, тарату, жолдары баршылық. Бірі- жазба түрінде жүзеге асса, екіншісі-ұлы ғұламалардың зердесінде қатталып, ұқпа құлақ қазына даналардың санасында жатталып, ауыз екі сөзбен тарихи деректер атадан балаға тарап келген. Ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тыныс-тіршілігі, мемлекетаралық мәмілегерлік құжаттарды сақтаудың қажеттігін алғашқы боп жүрегімен сезінген Бөкейхан еді. Ол 1874 жылы еліміздің мұрағат негізін қалады. Сонымен Қазақстандағы мұрағат құрылысы 3 кезеңді бастан өткерді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңес уақытындағы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі. Әр кезек өзіне тән саяси ерекшеліктеріне қарай түрлі типтегі, мазмұндағы мұрағаттармен ерекшелінеді.

Мәселен, жетпіс жылдан астам уақытқа созылған кеңес заманында Одақ бойынша мұрағат ісі заңмен емес, Министрлер Кеңесінің «СССР-дегі Мемлекеттік архив қоры туралы» Ережесімен жұмыс істеді. Одақтас Республикаларда Мұрағаттардың ұлттық қорын жасауға тыйым салынады, ол Одақтық мұрағаттардың бір саласы болып танылды. Ел тарихын құрайтын аса құнды құжаттардың кілті Мәскеуде болды. Мұның ар жағында өзге ұлттарды көпе көрнеу ащы шындықтың хабарсыз етіп, оларды бодандықта тұқыртып ұстаудың жымысқы саясаты жатты.

Егемендікке қол жетісімен Республика президентінің жанында Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес құрылғаны белгілі. Онда аса мңызды құжат-ұлттық тарихи зердені қалыптастырудың тұжырымдамасы бекітіліп, соған сәйкес қыруар тірлік іске асқаны баршаға аян. Соның бірі Қазақстан халқының деректі тарихи-мәдени мұрасын қорғау және біріктіру үшін құқықтық негізді қамтамасыз етудің, мұрағат ісін мемлекеттік реттеудің төл жүйесін құрудың асқан қажеттілігіне сәйкес «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныс еді. Сол жүзеге асты. Өткен жылдың соңғы айында аталмыш Заң жобасын Мәжілісте, сонан кейін сенатта мақұлданып, Елбасының құзырымен өмрге жолдама алды. Демек, әңгіме арқауы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңның мән-жайы туралы болмақ.

Ең алдымен Заңда дүниежүзілік тәжірибеде танылған тарихқа ұлттық үстем көзқарас, ал, мемлекет пен қоғамдағы коньюктураға қарамастан, тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерінде мүддені тиімді қорғау мақсатында оларға мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде лайықты қамқорлықты қамтамасыз ету тетіктерінде назар аударылды. Мұрағат ісіне мұндай көзқарас күнделікті тіршілікте тамырын тереңге жіберуі тиіс деп танылды.

Заңда мынадай тұжырымдамалық қағидалар басымдық танытты:



  1. Ел тарихында бұрын-соңды болмаған «Ұлттық мұрағат қоры» деген ұғым енгізді. Аталған қорды жалпы ұлттық гілік обьектісі ретінде ұйымдастыру және оны Заң жүзінде рәсімдеу. Осылайша ел халықтарының деректі мұрасының бүкіл кешенінің біртұтастығын, мемлекеттің оны қорғауға және сақтауға жауапкершілік нормаларын заңдастыру.

  2. Мұрағат ісін, оның ішінде мемлекет және мұрағаттық құндылықтар меншік иелерінің арасындағы қатынасы дамытуды мемлекеттік реттеудің құықытық тетіктерін әзірлеу

  3. Ұлттық Мұрағат қорына жатқызылған құжаттар иелерінің құқықтры мен олардың сақталуы, пайдалануы, мемлекеттік сақтауға дер кезінде беруі үшін жауапкершілік нормаларын тағайындау.

  4. Ұлттық Мұрағат қорын жүргізіудің және салааралық мемелекеттік органға мұрағат ісін басқараудың міндеттерін жүктеу.

  5. Азаматтардың жеке мұрағаттары және қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емесе мекемелерінің мұрағаттары жөніндегі нормаларды ерекшелеу.

Аталған мәселелерді Заң баптарымен реттеу , елімізде шашырап жатқан 250-ден астам мемлекеттік мұрағаттардың арасындағы қатынастарды жетілдіру басты мақсат болды. Олай деудің реті бар. Өйткені жоғарыда аталған мемлекеттік мұрағаттарды соңғы үш ғасырдың 14 миллионнан астам құжаттары қазақ мемлекеттігінің, тарихының, мәдениетінің, әдебиетінің мен өнерінің, экономикалық-әлеуметтік жағдайын саралайтын материалдар, 60 млн. кадрдан астам мөлтекфильмдер сақталуда. Бұл салада арнайы Заңына болмауынан Ұлттық мұрағат қорын жасаудың принциптері , оны толықтырып, толтырып отыратын меншік формасы 12 мыңнан астам әрқилы мекеме, ұйымдармен арадағы байланысты үйлестіру нормалары белгіленбей келді. Сондықтан да Заңда Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі - Ұлттық мұрағат қоры өркениетті елдердің тәжірибесіне сәйкес тұңғыш рет енгізілді. Оған «Ұлттық мұрағат қоры дегеніміз – Заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының , деректі ескерткіштерінің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы» деген анықтама берілді.

Заңның 4,5,6,7,8-баптарында Ұлттық мұрағат қорының құрамы, оны қалыптастыру негіздері, материалдарды қор құрамына жатқызу, оны толықтыру көздері, оларды меншіктену құқытарына кепілдік беру, қорғау, Заңды тұлғалар қайта құрылған немесе таратылған жағдайда мұрағат құжаттарына меншік құқығының нормалары қамтылған. Мәселен, Ұлттық мұрағат қорының құрамына: Заң актілеріне және басқа да ресми құжаттар, басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау,-констркторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық құжаттамалар, тарихи-мәдени мұралар, жеке адамдардың жинаған материалдары, бағалы құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді. Аталмыш құжаттарды Қор құрамына жатқызу осы Заңмен және Үкімет бекітеттін арнайы Ережемен белгіленеді. Орталық Республикалық, Президент мұрағатына, облыстық, қалалық, аудандық мұрағат қорларын қалыптастыру Ұлттық мұрағат қорын құрайды және оған негіз болады. Ал,оны жүйеге келтірудің көздері Президент Әкімшілігінің, парламент және жергілікті өкілетті органдардың, конституциялық кеңестің , Үкіметтің министрліктердің орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Экономикалық аймақ әкімшіліктерінің , құқық қорғау органдарының, басқа да Заңды тұлғалардың, жеке адамдардың мұра материалдары болып табылады. Осы заң бойынша Қазақстанның тыс жерлерге әкетілген тарихи мұра құжаттарды қайтарып алуға болады, оған кеткен шығынды мемлекет өз мойнына алады. Мұрағаттарды Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру немесе қордан шығарып тастау уәкілетті орган тағайындайтын мемлекеттік сараптама комиссиясының шешімімен жүзеге асты. Қандай да болмасын мұрағатта сақтаулы тұрған материалдарды саяси және идеолоиялық пікірлер бойынша, Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады. Мұрағат қорының құжаттары меншік иесінің келісімінсіз сот шешімімен ғана алып қойылуы мүмкін. Сот тергеу істері үшін қолжазбалар мен түпнұсқалары алынған жағдайда құжат иесіне олардың көшірмелері қалдырылды. Ерекше айтылуға тиісті норма енгізілді. Ол-ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сыйға тартуға, басқа мемлекеттерге біржола алып кетуге жол берілмейді. Мемлекеттік емес жеке және Заңды тұлғалардың құжаттарын, меншіктену құқығы келісім бойынша жүргізіледі. Жеке адамдар құжаттардың пайдалану жөніндегі шектеу мерзімі 70 жылдан асыруға болмайды деген шек қойылды. Бұл өркениетті елдердің осы тектес Заңдарына сай үрдіс. Бұрынғы мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілген жағдайда немесе шетелдіктердің басқаруына көшкен кезде, колхоздар мен совхоздар тарап, өндірістік-кооперавтирге көшкенде құжаттардың тағдыры қандай болмақ? Заңда бұл сұраққа да жауап бар. Қандай жағдайда болмасын мұрағаттар мемлекеттік меншік құқығын сақтап қалады. Заңды тұлғалар тарап кеткен жағдайда материалдар мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылады. Оларды әрі қарай сақтау тәртібін уәкілетті органдар белгілейді.

Заңдағы біраз баптар Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының есебін жүргізу, оларды сақтау, тұрақты сақтауға беру тетіктерін белгілейді. Арнайы 4-бап Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалану тәртібі, оларды тұлғаларға кепілдіктер берумен қатар, пайдаланудағы шектеулер заңның нормаларымен ретін тапқан.

Сенаттың тұрақты Комитеттері өздеріне берліген құқықты пайдалана отырып, Заң жобасына көптеген толықтырулар енгізді. Солардың кейбірін айта кеткен жөн деп білемін.Заң жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасынндағы Заңның аты ендігі жерде «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» болып қабылдансын деген ұсыныс енгіздім. Яғни қазақ тіліндегі мәтінде «архив» атауы «мұрағат» атауымен алмастырылған жөн деп тапты. Оның мән-жайына тоқтала кетейін.

«Архив» -грек сөзі. Оның мағынасы «ескі» деген ұғымды білдіреді. Түрлі халықтар тілдерінің сөздіктерін қарай отырып, «архив» сөзі оларда өз тілдеріндегі баламалармен жарыса қолданылатынын байқадым. Мәселен, өзбек тілінде «Утмиш хужатларни сахлаш макама», қырғызша «ески документтерди сахтаун мекеме» деп жүр. Ал үш тілде: қазақ, неміс,монғол тілдерінде «архив» атауының мағынасын бір сөзбен беру тәсілі тәнті етеді. Мысалы: қазақтар «мұрағат» десе, монғолдар «мартах», деп айтып та, жазып та жүр екен. Қазақ тіліндегі «мұрағат» атауы 70 жылдарда баспасөзде қолданыла бастады. Ал, 90-жылдардан бастап ол «архив» сөзінің баламасы ретінде «архив» сөзімен қабаттаса кеңнен қолданылып жүр. Ол жоқтан пайда болған сөз емес. «Мұрағат» сөзі «тарихи мұра, мәдени мәні бар зат» немесе мұраны сақтау мағынасында тіліміздің сөз түзеу заңдылығына сәйкес жасалған. Бір сөзбен айтқанда, «мұрағат» атауын қолдану барлық тілдерге тән әр халықтың тіл байлығын барынша пайдалану терминологиялық принципіне қайшы келмейді. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының пікірі де осы. Осы жолдар авторының ұсынысы бойынша Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазмемтерминком «мұрағат» атауын «архив» сөзімен алмастырып, мемлекеттік мәні бар аса маңызды құжаттарға қолдануға жол ашып берді. Төл тіліміздің мәртебесін көтеру, оны мемлекеттік іске қосу – көптің шаруасы. Халық қабыл алап, қажетіне жаратып жүрген атаудың өмірі ұзақ. Алайда, палата отырысында талқылау барысында талассыз да болған жоқ. Әсіресе әріптестеріарасында сыйлы, мемлекеттік тілге жанашырлық танытып жүретін сенатор И.П. Щеголихиннің «Мұрағат» сөзін тәжірибеге енгізуге қарысып, ққарсы пікір айтқаны көзге қораш болды. Оның уәжі, бұлай істеу «ортағасырға шегініс» деп соқты Абырой болғанда депутаттардың басым көпшілігі оны қолдамады. Заң «Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар» болып қабылданды.

Сондай –ақ депутаттар заң жобасының 1-бабындағы негізгі анықтама ұғымдарға кейбір толықтырулар енгізді. Мәжіліс нұсқасындағы «Мұрағат, мұрағат қорлары, колекциялар» ияқты ұғымдарға жалпы бір-ақ анықтама берілген еді. Олардың әрқайсысының беретін мағынасы, арқалар жүгі бір еместігін ескеріп, жеке-жеке анықтама берілді.Заң жобасына «арнаулы мемлекеттік мұрағаттар» бабы енгізілуіне байланысты осы бөлімде «арнаулы мемлекеттік мұрағат» ұғымына анықтама берілді.

Мұрағат қорларын кез келген азаматтың пайдалануына жол ашу – елде демократиялық құрылымның бар екендігіенің айғағы. Сонымен біре адам құқығының ақпарат алу бостандығының іс жүзіндегі көрінісі. Олай болса 16-баптағы шектеудің өзін қайта қарауға тура келеді. Осындағы – 3 тармақ «азаматтардың мүдделеріне зиян келтіреді» деген негіз болса, онда «мұрағат құжаттарын пайдлануға тыйым салынады» деген алынып тасталды. «Азаматтардың мүддесіне зиян келеді» - деген сылтаумен құжаттарды пайдалануға көрсетпей қоюы мүмкін екендігі ескерілді. Бұл халықаралық демократиялық нормаларға сай келеді.

Десек те, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан,(әсіресе Ұлттық қауіпсіздік Комитеті, Ішкі Істер Министрлігі, Президенттің Күзет қызметі) олардың құрамында арнаулы мемлекеттік мұрағаттарының болуы заңды. Оларды пайдалануғашектеу «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңмен реттелуі тиіс. Сондықтан да қосымша «Арнаулы мемлекеттік мұрағаттар» бабы енгізілді.

Мұрағат ісі жөніндегі арнаулы заң актісін қабылдау, ең алдымен Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттарының тәуелсіздік пен егемендік жағдайында мемлекеттік құрылыс жүйесіндегі орны мен ролін анықтап берді. Осы саладағы бос қалған кеңістік толтырылып, бірыңғай мемлекеттік саясат ұстанудың тетіктерін мықтап берді. Енді заңды басшылыққа алып, әр бабындағы қағидаларға бұлжытпай жүзеге асыру – баршаға ортақ парыз екендігі даусыз. Өйткені мұралар, мұрағаттар – халқымыздың алтын қоры, қымбат қазынасы.

2.Мұрағаттанудың негізгі пәні қосалқы ғылымдардың бірі ретінде жоғары оқу орындарының тарих факульттерінде оқытыла бастады.Бұл - өмір талабы. Өйткені, мұрағаттық іс мемлекеттік тұрғыда саяси, ғылыми, құқықтық және практикалық мәселелерді қарастырады.

Мұрағаттану – мұрағат ісінің теориялық, методологиялық және практикалық салаларын зеттейді.

Мұрағат дегеніміз – тарихи құжаттарды сақтайтын өткен өмірдің деректі ескерткіші. Ол өткен кезеңдердегі өмір құбылыстарын, бастан кешкен тарихты, мәмілегерлік қарым-қатынастарды, саяси-қоғамдық, экономикалық өмірдің алуан тарихын зерттеу үшін құжаттарды сақтайды. Қазақстан атырабында бірыңғай мемлекетік мұрағат жүйесінің пайда болуына, жылдар асқан сайыніргесінің кеңеюіне тек КСРО тұсында кең жол ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет