4.2 тақырып Көпбұрыш. Тіктөртбұрыш. Шаршы. Дөңгелек және оларды оқыту әдістемесі
Көпбұрыш, тік төртбұрыш және оның қасиеті. Периметр. Шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау. Симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.
4.3 тақырып Текше. Тікбұрышты параллелепипед , пирамида және оларды оқыту әдістемесі
Перпендикуляр, паралелль түзулер. Көпжақ туралы түсінік. Дөңес көпжақтар. Дұрыс көпжақтар. Текше, тік бұрышты параллелепипед, пирамида және олардың элементтерін (төбесі, қабырғалары, қырлары) бір-бірінен ажырату және атау.
4.4 тақырып Цилиндр, оны оқыту әдістемесі
Айналу денелері.Фигураларды осьтен айналдыра бұру. Цилиндр жолдары мен қасиеттері. Оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.
Практикалық жұмыс:
Геометриялық ұғымдарға арналған көрнекіліктермен жұмыстану.
Геометриялық ұғымдарға арналған сабақ жоспарынан үзінді
4.5 тақырып Конус және оны оқыту әдістемесі
Конус және шардың алыну жолдары мен қасиеттері. Оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.
Практикалық жұмыс:
Геометриялық ұғымдарға арналған көрнекіліктермен жұмыстану.
Геометриялық ұғымдарға арналған сабақ жоспарынан үзінді
5 бөлім Шама ұғымы және оны оқыту әдістемесі.
5.1 тақырып Нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі. Шамаларды өлшеу.
Шама ұғымы. Векторлық және скаляр шамалар. Скаляр шамалардың қасиеттері. Шамаларды өлшеудің халықаралық бірліктер жүйесі. Кесіндінің ұзындығы және оны өлшеу. Заттың массасы және оны өлшеу. Уақыт аралығы және оны өлшеу.
5.2 тақырып Фигуралардың ауданы, дененің көлемі. Шамалар арасындағы байланыс
Фигураның ауданы және оны өлшеу. Палеткамен өлшеу. Дененің көлемі. Аудан, көлем өлшем бірліктері. Шамалар арасындағы тәуелділік.
Практикалық жұмыс:
1) Шама және оларды өлшеу.
2) Шамалар арасындағы тәуелділік.
3) Шамалар арасындағы байланысқа берілген есептерді шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |