Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы



бет2/4
Дата01.05.2024
өлшемі3.02 Mb.
#500239
түріИсследовательская работа
1   2   3   4
координаталық жазықтық Диханбаев Б (1) (1)

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өз елімнің мәртөбесін көтеріп, қазақ халқының таңқаларлық дүниелерін әлемге паш ету!
Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы: Координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу. Координаталық жазықтық бойында сурет шығару.
Зерттеу жұмысының құрамы: Зерттеу жұмысы «Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу» тақырыбына жазылған. Бұл зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Координаталық жазықтық Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды. Сонда координаталар жүйесі – санақ басы ортақ, өзара перпендикуляр екі координаталық түзу. Сондықтан мұны тік бұрышты координаталар деп атайды. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық деп аталады. «Координаталар» сөзі латынның coordinatus- қазақша «реттелген» деген сөзінен алынған.






Координаталық түзулер координаталық осьтер деп аталады.


Горизонталь сызылған координаталық абциссалар (Ох) осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады. Вертикаль сызылған координаталық түзу координаталар (Оу) осі деп аталады да, төменнен жоғары қарай бағытталады.
Абциссалар осі мен координаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координаталар басы О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша origa-«басталу» сөзінің бірінші әрпінен алынған. Берілген нүктенің абциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Координаталар осътер жазықтық төрт бөлікке бөледі. Олар ширектер деп аталады. Ал осы координаталар жүйесін алғаш ойлап тапқан француз философы және математигі Рене Декарт.

Декарт Рене (1596-1650) француз ғалымы, математик, физик және физиолог. Рене Декарт француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Координаталар жүйесін былай тапқан: кереуетінде жатып шыбынның ұшқанын бақылаған Рене Декарт былай пайымдаған: «Кез келген уақыт мезетінде шыбынның орналасқан орнын қалай түсіндіруге болады?». Ол кеңістіктері әр шамасы үшін (ілгері) кейін, жоғары (төмен), оңға (солға), үш координатаны (х,у және z) пайдалануға болатынын ашты.

Декарт сондай-ақ алгебрадағы шамаларды белгілеу үшін алфавиттің соңынан бастап әріптерді пайдаланған бірінші ғалым болған.
Ерекшеліктері:
Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт алгебра, аналитикалық, геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогенияны, және әрине философияны талдады. Белгілі еңбектері: «бірінші философия туралы пайымдаулар», «Философияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар». Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді. Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математиканың ойлау тәсілінен көрінеді. Өзінің математикалық ізденістерін негізінде Рене Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізі себеп адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдары емес, болжамды көбірек қолданылады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану қажет.

Координаталар бойында нүкте салу









Біз осындай суреттерді координаталар бойында салуды білеміз. Ал неге біз өзіміздің ұлттық нақыштағы дүниелерімізді суреттемейміз. Киіз үй,ою-өрнек, домбыра, кебеже осыларды суреттеуді қолға алып отырмын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет