ІІ.4. Тәрбие процесінің заңдылықтары және принциптері
Жоспары:
1.Тәрбие процесінің заңдылықтары, оларға сипаттама
2.Тәрбие принциптері, оларға сипаттама
Тәрбие принциптері - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын жалпы бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің ерекшелігін көрсете отырып, алға қойылған тәрбиелік міндеттерді шешу барысында тәрбиешілерге бағыт-бағдар береді.
Тәрбие процесі ұстанатын принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері көптеп саналады. Олардағы принциптердің сипаты, міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:
тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
тәрбиелік ықпалдардың бірлігі;
тәрбие гуманизациясы.
Тәрбие гуманизациясы мынаны талап етеді:
тәрбиеленушінің тұлғасына гумандық қатынасты;
тәрбиеленушіге шамасы келетін және ақылға сыйымды талаптарды қою;
тәрбиеленушіге құрметпен қарау;
тәрбиеленушінің құқығын сыйлау;
баланың абыройына тиетін жазалаулардан бас тарту;
тәрбиеленушіге оны тәрбиелеудің нақты мақсаттарын санасына жеткізу.
Тұлға сапаларына сүйену принципі. Адами қасиет-сапаларға: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік жоспары, құндылық бағамдары, қалыптасқан ұстанымдары, мінезіндегі басыңқы сеп-түрткілер жатады. Осы аталған жетекші сапалармен қатар жас немесе даралық ерекшеліктерді де ( мінез, темперамент, ерік және т.б.) білу маңызды. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тұлғаның қасиеттерін білу принципін негізге алған педагог меңгеруі қажет талаптар:
1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез сапаларын, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу;
2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, мотивтері, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары тәрізді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану;
3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге үнемі қатыстырып бару;
4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу;
5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету;
6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру;
7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу.
Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі. Озат ойлы педагогтар тəрбиені «өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым» (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. əр дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті - адамды белсенді қоғамдық əрі рахат жеке өмірге дайындау - қай заманда да сақталып қала береді.
Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
Тəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі.
Адамзаттың алғашқы қадамдарынан бастап тəрбие ісімен айналысқан тұлғалар өмір мен еңбек тәжірибесінен бөле қарастырылған тəрбиенің мағынасыз болатынын түсіндірген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірдегі əртүрлі пайдалы істерге араластыру арқылы олардың бойында ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарды қалыптастыруға болады.
Тəрбиені өмірмен байланыстыру принципі педагогтардан екі бағытта белсенді қызмет атқаруды талап етеді: 1) тəрбиеленушілерге қоғам өміріндегі əлеуметтік өзгерістерді мезетінде қабылдап тануға мүмкіндік беру; 2) тəрбиеленушілерді шынайы өмір қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес қосып, оның нəтижесінен қанағат сезімін тәрбиелеуге баулу.
Аталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер төмендегідей:
- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;
- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына болған құрметке баулу;
- шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз мүддесі үшін адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;
- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты жеткізу;
- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;
- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға баулу;
- қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-тараждыққа, табиғат байлықтарына болған жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту.
Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Ал мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің ұнамды əсерін көтеру-тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты талабы.
Сонымен, тəрбие принциптері – тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған принциптері: тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау; жеке жəне қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі - өнегені арқау ету; тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.
Негізгі әдебиеттер:
1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999
Достарыңызбен бөлісу: |