Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


СӨЖ Дәріс сабақтарының тақырыптары



бет3/65
Дата27.09.2022
өлшемі0.79 Mb.
#461408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Барлы педагогикалы маманды тар а арнал ан (шифр, маманды ) о у

СӨЖ

Дәріс сабақтарының тақырыптары

І тарау. Педагогикалық теорияның әдіснамалық негіздері

4










1. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері.

1

1

2

2

2. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

1




1

2

3. Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу.

1

1

1

2

4. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру.

1

1

2

2

ІІ тарау. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы

26










1. Тұтас педгогикалық үрдіс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі.

1

1

1

3

2. Педагогикалық процестің заңдылықтары.

1




1

1

3. Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім.

1

1

1

2

4.Тәрбие процесінің заңдылықтары және принциптері

1




1

2

5. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде.

1




1

1

6. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны.

2

1

2

4

7. Тұтас педагогикалық процестегі тəрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі.

2

1

1

4

8. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті.

1




1

3

9. Сыныптың тәрбие жүйесі, сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде.

2

1

1

3

10. Отбасы тәрбиесінің негіздері.

1




1

2

11. Дидактика ұғымы және оның қарастыратын мәселелері. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі.

2

1

1

4

12. Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері.

1




1

3

13. Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны.

2

1

1

4

14. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ.

2

1

2

4

15. Оқыту әдістеріне сипаттама.

1

1

1

4

16. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері.

1




1

4

17. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері.

1




1

4

18. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу.

1

1

1

4

19. Білім беру технологиялары.

2

1

1

6

ІІІ тарау. Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару

10










1. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы.

2

2

1

4

2. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару.

2

1

1

4

3. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау.

2

1

1

4

4. Мектеп жұмысын жоспарлау.

2

1

1

3

5. Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс.

2

1

1

3

Барлығы

40

20

32

88



Дәріс сабағының тезистері


І тарау
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері


І.1. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері
Жоспар:
1. Педагогика тәрбие туралы ғылым.
2. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.
3. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
4. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы.

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.


Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Осыдан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім мəні – əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет