Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІ.14. Оқытуды ұйымдастыру формасы. Қазіргі сабақ



бет20/65
Дата27.09.2022
өлшемі0.79 Mb.
#461408
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Барлы педагогикалы маманды тар а арнал ан (шифр, маманды ) о у

ІІ.14. Оқытуды ұйымдастыру формасы. Қазіргі сабақ.
Жоспар:
1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.
2. Сабақтардың жіктелуі.
3. Сабақта оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің дайындығы.

Ғылыми педагогикада ұлы педагоктардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр – түрлі әдіс - тәсілдері бар. Оның дамып жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұраныстарының талап мүддесіне қатысты.


Оқытуды ұйымдастыру түрлері негізінен былайша жіктеледі: Оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтылығы мен сипатталады. Демек, осыған сәйкес оқытуды біз:
- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді).
- жеке жұптық (оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым қатынасы қазіргі жағдайда оқушымен қарым – қатынас негізінде айқындалады).
- жеке - топтық (топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы ертеде құрайтын топ болады, немесе орта ғасыр мектептерінде қолданылған)
- өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы – беланкастерлік жүйе деп аталады )
Мұндай оқыту жүйені ХVIII ғасыр аяғында немесе ХIX ғасыр басында Ағылшын діни өкілі А.Белль және педагог Дж.Ланкастер болатын [1.318]
- Саралап оқыту (оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай қолданылды).
- Педагогика тарихында «мангөлімдік жүйе» деген атпен белгілі болды.Оның авторы Йозер Зиккенгер (1858 - 1930).Ол оқушыларды қабілетіне қарай төрт сыныпқа бөлді:
1.Негізгі сынып –орташа қабілетті балалар.
2.Жартылай қабілетті балалар сыныбы.
3.Көмекші сынып- ақыл- ойы кеміс балалар.
4.Қабілетті балалар сыныбы.
- Бригадалық оқыту (мұнда тапсырманы бригада алады,әрбір сыныпта
5 – 6 оқушы ұйыдасады,есеп беруші – бригадир болып табылады.КСРО – ның 20 – жылдары қолданыста болып, кейін тоқтатылды .) {2.214}
- Сыныптық – сабақ жүйесі (ғылымға енгізген Чех педагогы Я.А.Каменский).
- Американдық «трампа – план» оқыту жүйесі.Оның негізін қалаған профессор Ллойд Трампа (АҚШ) ХХ ғасыр 50-60 жылдары.Яғни,оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне кең мүмкіндік берілді.
Бүгінгі күні ҚР мектептерінде сыныптық – сабақ жүйесі қолданылды.
Сабақ барысында үш қызмет жүзеге асады; Білімділік, тәрбелік, дамыту. Соның нәтежесінде сабақ көп жоспарлы, құрлымы әртүрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрлымында бірнеше дидактикалық міндеттер жүзеге асады, яғни өткен материалды сұрау жаңа материалды түсіндіру, бекіту, үиге тапсырма беру, оқушылар білетін бағалау т.б. сипаталады. Көріп отырғанымыздай, сабақ құрлымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту Үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты теңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өздік оилау іс-әрекетінің заңын, жеке таным –қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогикалық үрдістің субьектісі ретінде алады. Сабақ элементтері ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады,өзектілігі анықталып,оқушылардың жаңа ғылыми ұғымдарды меңгеруіне жағдай жасайды,яғни іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектепте сабақтың бірнеше классификациясы қолданыс табуда,яғни,сабақтың классификациясына келер болсақ,бүгінгі ұлт мектебіндегі тұтас педагогикалық үрдістің нысанасы деп айта аламыз.Сабақты классификациялаудың бірнеше жолдары бар.
Сабақты дидактикалық мақсаттарға қарай жіктеy(Огородников И.Т., Казанцев И.Н.), сөзіміз дәлелді болу үшін Казанцев И.Т. сабақты үш принцип бойынша жіктеледі.
1. Мазмұны бойынша-әрбір сабақтарға бөліп қарастырады.
2. Дидактикалық мақсат бойынша-әрбір сабақтағы шешілетін міндеттерді түсіну.
3. Сабақты өткізу тәсілі бойынша-бұл лекция,әңгіме,кино және практикалық сабақтар.[3.263].Ал,сабақ үрдістің кезеңдеріне қарай(Иванов С.В), дидактикалық міндеттеріне байланысты (МахмутовМ.И) классификайиялары да қолданылады.
Мысалы,Иванов С.В топтастыруы бойынша:
1.Кіріспе сабақ
2.Оқу материялдары мен алғашқы рет танысу сабағы
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы
4.Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы
5.Дағдылану сабағы
6.Қайталау сабағы
7.Бақылау саты-деп,шартты түрде бөледі.[4.181]
Қазіргі кезде, мектептерде кіріспе сабақ, жаңа тақырыпты игеру сабағы, аралас сабақ,қорытынды сабақ т.б. дәстүрлі сабақтар кеңінен қолданылады. Мысалы: Аралас сабақ мектеп тәжірибесінде кеңінен таралған,оның құрылымы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабсқты түсіндіру
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Бағалау
ХХ ғасырдың 70 жылдарында КСРО мектептерінде оқушылардың сабаққа белсенділігі күрт төмендеуі байқалып,оқуға деген ықыласы, қызығушылардың жоқтығын психологиялық тұрғыдан зерттелген.Бұл мәселені шешуде тәжірибелі педагогтар назарын аударып, сабақты дәстүрлі емес түрлерін қолдануды жөн деп мақұлдады, мұндағы басты мақсат-оқушылардың білімге деген құлшынысын көтеру болып т
табылды.
Мұндай сабақтардың түріне: Сайыс сабақ, Баспасөз-конференция, ойын сабақ, сот сабағы, аукцион сабақ, театрландырылған сабақ т.б. айтуға болады.
Пән мұғалімдерінің сабаққа дайындығы негізінен психологиялық – педагогикалық проблемаларды шешуден тұрады.Алдымен мұғалімнің өзі (сөз мәнері, эмоциясы, дикциясы, артистік қабілеті, сабырлылық имиджі т.б.)психологиялық тұрғыдан жаттығу жасауы тиіс, екінінші сабақтың тақырыптық жоспарын құрғанда оқушылардың психологиясына арналуы керек.
Тақырыптық жоспарды күнтізбелік жоспардағы белгіленген тақырып бойынша құрылады.Күнтізбелік жоспар бір тоқсанға,жарты жылға немесе бір жылға арнап жасалады. Тақырыптық жоспар ұлт мектебіндей барлық мұғалімде бірдей үлгіде қолданылады.
Сабақтың сапасы мен нәтижесі өтуі мұғалімнің өзін-өзі талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткеннен кейін әріптестерімен бірге пікірлескені жөн. Яғни, пән мұғалімі өзі жасаған жоспардан сәтсіздіктердің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын пайдалануға қол жеткізеді.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет