Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Педагогика және педагогикалық психология Жалпы педагогика


ІІ.16. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері



бет22/65
Дата27.09.2022
өлшемі0.79 Mb.
#461408
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Барлы педагогикалы маманды тар а арнал ан (шифр, маманды ) о у

ІІ.16. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері
Жоспар:
1. Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.
3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
4. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерінің тәрбиелік қуаты.
ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарында оқыту үрдісін белсендіруге бағытталған іс-әрекетті зерттеу көкейтесті мәселенің біріне айналды. Мұнда оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне айналдыруға бағытталған әдістемелік зерттеулер жүргізілді. Белсенділік дегеніміз оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, дағды мен шеберліктің қалыптасуы және ой еңбегінің құлдырауынан сақтайтын жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе. Оқушылардың белсенділігін психо-педагогикалық тұрғыдан шетел ғалымдары Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, С.Эриксон (АҚШ), М.Н.Скаткин, М.А.Данилов (Ресей), И.Ф.Харламов (Белоруссия), Р.Г.Лемберг, А.Әбілқасымов (Қазақстан) ғылыми-зерттеу жұмыстарында жан-жақты қарастырды.
Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Яғни педагогика тарихына шолу жасайтын болсақ, ежелгі грек философы Сократ оқытуда эвристикалық әңгімені пайдаланған, ХҮІІ-ХІХ ғғ. педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, т.б. оқушыларды өзінше ойлау іскерлігіне бейімдеу деп танымдыққа бағыттаған. Ал қазақ ағартушылары А.Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың педагогикалық мұраларында шәкірттерге шығармашылық тұрғыдан ойлауға логикасын жүйелеуге негізделген белсенділік әдістерін қолданғаны белгілі.
Танымдық қызығушылық (латын тілінен аударғанда «interest» маңызды мәні бар) деген адамға тән ерекше сезінетін іс-қимылдың нақты себебі. Оқушының танымдық қызығушылығы – танымдық саласына қатынасына пайда болады. Яғни оқуға, білуге, көруге т.б. қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушы күші болып табылады.
Оқушының танымдық қызығушылығына әсер ететін бірнеше факторларды айтуға болады:

Жоғарыда аталған факторлардың бәрі де оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіруге негізделген, Ресей педагогы Л.С.Выготскийдің пікірінше: «ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатын және бала өзі талпынса, оны педагог жөнді бағыттап отырса, нағыз дарынды оқушы шығады», - деп түсінік береді.

Негізгі әдебиеттер:


1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.
2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990
3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.
4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001
5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006
6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998
7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997
8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002
9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984
10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.
2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы
4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000
5. коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004
6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.
7. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет